Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет121/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

-мын/-мін, 
-ым/-ім, 
-айын/-ейін 
жіктік 
жалғауларының грамматикалық мағыналары арқылы беріледі. 
Бұл көрсеткіштер мен есімдігімен байланыс құрап, ол сөйлемде 
үнемі бастауыш болады. Бұл есімдік-бастауыш сөйлемде 
міндетті түрде ашық келе бермейді, ол көбінесе іс-әрекет иесін 
нақты көрсету, соған назар аударту сияқты стильдік қажеттілік 
болмас, негізінен жасырын келеді. Бұл сөйлемнің жақтық 
мағынасына, сөйлемге нұқсан келтірмейді, ол жақтық 
аффикстер арқылы білініп тұрады. Бұл жақ формаларының 
шығу төркініне байланысты. 
Анайы жіктеудің І жақ көпше түрі (мендер) жоқ болғандықтан, 
А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде етістіктердің 
жіктелу үлгісінде де осы ұстаным сақталған. Оны бұйрық райдың 
жіктелу үлгісінен де байқауға болады.
А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектеріндегі
бұйрық райдың жіктелу үлгісі: 
Анайы жіктеу 
жекеше: 
көпше: 
І жақ 
-йын/-йін 

ІІ жақ 
етістік түбірі 
-ңдар/-ңдер 
ІІІ жақ 
-сын 
-сын /-сін 
Сыпайы жіктеу 
жекеше: 
көпше: 
І жақ 
-йык/ -йік 
-лық/-лік 
ІІ жақ 
-ңыз/-ңіз 
-ныздар/-ңіздер 
ІІІ жақ 
-сын/-сін 
-сын/ -сін 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
288 
Байқап отырғанымыздай, бұйрық райдың анайы, көпше түрінің І 
жағы жоқ (дұрысында да, сен айт дегеннің көпше түрі сендер 
айтыңдар болғанмен, мен айтайын дегеннің көпше түрі ретінде 
мендер айтайындар деген қолданыс тілімізде мүлде жоқ). Қазіргі 
грамматикаларда І жақтың көпше түрі ретінде көрсетіліп жүрген -
йық/ -йік жалғауы А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде 
сыпайы жіктеудің І жақ көпше түрі ретінде берілген, ал 
А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Кемеңгерұлы 
жіктеулерінде 
сыпайы 
жіктеудің І жақ көпше түрі ретінде -лық/-лік тұлғалары берілген.
Дастандар тілінен нақты мысал келтірсек:
Көпті көрген кәрімін,
Біраз жырды жырлайық. 
Аспандағы торғайдай 
Алдыңызда зарлайық! («Қисса-дастандар»). 
Мұнда ханның алдына келген жырау «біраз жырды жырлайық, 
аспандағы торғайдай алдыңызда зарлайық!» деп сөйлейді. Бұл 
жердегі жырлайық, зарлайық етістіктерінің жекеше тұлғада 
қолданылып тұрғаны «көпті көрген кәрімін» деген сөзінен де 
аңғарылады.
Сол сияқты:
Неше жыл жапа шекті отын тасып, 
Сарғайды нұр сипаты қайғы басып. 
Бір күні енді үшеуі кеңес етті: 
«Өлсек те кетелік – деп, мұнан қашып» («Қисса-дастандар»). 
 
Сұралық енді хабар сонан барып. 
Қытайға бұл сөзбенен қойды бетті, 
Бес-алты ай, жол түзік боп жүріп кетті. 
«Бір хабар бұл шаһардан алалық», – деп, 
Қытай жұрты Чин ханға барып жетті («Қисса-дастандар»). 
 
Патша айтты: «Сөзіне наналық біз. 
Қасына дәруіштің баралық біз. 
Тегінде мына сөзі бекер емес, 
Мұның да фатихасын алалық біз. 
Көрелік ықыласпен дұға қылса» («Қисса-дастандар»). 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
289 
деген өлең жолдарындағы «өлсек те кетелік, сұралық, бір 
хабар бұл шаһардан алалық» сияқты етістіктердің көптік 
тұлғада қолданылғаны «Бір күні енді үшеуі кеңес етті» деген 
өлең жолдарынан да байқалады. Сонымен қатар «Сөзіне 
наналық, қасына дәруіштің баралық, мұның да фатихасын 
алалық, көрелік ықыласпен дұға қылса» деген сөздері – жеке өз 
атынан ғана емес, қасындағы уәзірлері мен жиналған 
қауымның атынан айтылған сөздер. Қисса-дастандардан 
мысалдарды көптеп келтіруге болады:
Береді мені көріп әркім теңге, 
Теңгені телегей қып табайын да. 
Жан сақтау қиын болып бара жатыр, 
Айтпалық сырымызды ағайынға («Бабалар сөзі»). 
 
– Әй, бәйбіше, құлағың сал мына сөзге, 
һеш жақсы адам көрмедік сенен өзге. 
Біз тараптан қалаған нәрсең бар ма, 
Арманың жеткізелік, айтшы бізге 
(«Бабалар сөзі»). 
 
Бұл түрде ағасы айтты: – Кетелік біз, 
Бұл таудан тездеп асып кетелік біз. 
Және де аю, қасқыр мұнда болар, 
Бұл таудан асығыспен өтелік біз («Бабалар 
сөзі»). 
 
Осымен енді сөзді ұзартпалық, 
Кемпірге бала болды Сағыт барып. 
Бала боп бұл кемпірде тұра тұрсын, 
Көрелік туған елден хабар алып («Бабалар 
сөзі»). 
 
Патшалық салтыменен мұны апарып, 
Жасынан кемдік көрген осы ғаріп. 
Бізге арнап сәлемнама жіберген ед, 
Сол үшін бір жақсылық біз қылалық
(«Бабалар сөзі»). 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
290 
Бұл мысалда тағы бір назар аударатын жайт – біз есімдігі 
жекеше тұлғада емес, көптік тұлғада қолданылған. Ол  
қосымшасының ерекшелігіне байланысты. Ғалымдардың 
тұжырымдауынша, қосымшасы әу баста көптік мәнді 
білдірген. Оған көз, мүйіз, тізе, т.с.с. сөздер де мысал бола 
алады. Алайда тілдің дамуына байланысты қосымшасы 
қазіргі кезде түбірмен кірігіп, біртұтас сөз ретінде танылады. 
Сол себепті ол сөздердің үстінен тағы да көптік қосымшасы 
жалғана алады. Дегенмен мұндай сөздер жеке тұрып та көптік 
мәнді білдіре алады.
Абай шығармаларының тілін жан-жақты зерттеген академик 
ғалым – Рәбиға Сыздық осы күнгі прозамызда, әсіресе қоғамдық-
саяси, ғылыми-публицистикалық стильде -йық вариантында 
қалыптасқан I жақтық бұйрық райдың көпше т үрі ні ң аффиксі 
Абайда дәйім -лық қалпында қолданылғанын, бұл – оның жалғыз 
прозасына ғана емес, өлеңдерінің тіліне де тән екенін айта келіп, 
Абайдың кейбір өлеңдері («Бір дәурен кемді күнге бозбалалық») 
тұтасымен -лық ұйқасына құрылғанын ескертеді:
 
Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық, 
Қартаймастай көрмелік, ойланалық. 
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ, 
Дейміз бе еш нәрседен құр қалалық. 
Бар ойы – өлең айтып, ән салалық, 
Біреуді қалжың қылып, қолға алалық. 
Қызды ауылға қырындап үйір болса – 
Көңіліне зор қуаныш бір бадалық. 
Демеңдер өнбес іске жұбаналық, 
Ақыл тапсақ, мал тапсақ, қуаналық... 
Ғалым Ясауи тілінен бастап, Қадырғали би Қосымұлының 
«Жами`ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») атты еңбегінде, 
Абай шығармаларында қалау рай мағынасы жекеше I жақ үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет