Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы


Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста



Pdf көрінісі
бет112/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек. 
Жеке-жекебіреуіжарытпайды, 
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек. 
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, 
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. 
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек, 
деген өлең жолдарын келтіре отырып, «Бұл туралы данышпан 
Абайдың төмендегі сөзі – шын дұрыс сөз», – деп тұжырымдайды 
[3].
Нысандарды қабылдау тәсілдері әртүрлі болуына байланысты 
оның нәтижелері де әртүрлі болады. Морфологиялық 
концептуалдау жолдары мен тәсілдері тілдің онтологиясына 
байланысты болады. Себебі морфология тілдік репрезентация 
заңдылықтарының концептуалдану құралы болып табылады, ол 
синтаксиспен бірлікте тілдің ішкі мәні мен қолданыс 
ерекшеліктерін айқындайды. Морфологиялық жолмен берілетін 
концептілер 
жалпыұлттық 
деңгейде 
қалыпқа 
түседі. 
Морфологиялық жолмен берілетін концептілердің мазмұны 
барынша жалпылық сипатқа ие. Ол морфологиялық және лексика-
грамматикалық мағыналарға негіз болып, семантика мен 
синтаксистің байланысын айқындауда маңызды қызмет атқарады. 
Морфологиялық 
жолмен 
берілетін 
концептілер 
бірігіп, 
морфологияның концептуалды кеңістігін құрайды, ол тілдегі 
морфологиялық репрезентацияның когнитивті негізі болып 
табылады. Олар морфологиялық категорияларды түзеді. 
Морфологиялық тұрғыдан концептуалданып, категорияланып, 
концептуалды мазмұнға ие болады. Ол әр тілде өзінше көрініс 
табады. Тіл жүйесіне бағытталып, ғалам туралы білімдердің тілде 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
264 
көрінуін бейнелейтін грамматикалық концептілер лексикалық 
жолмен берілетін концептілерге қарағанда, біршама тұрақты 
болады. Сол себепті грамматикалық концептілер жалпыұлттық 
деңгейде 
стандарттауға 
бейім 
болады. 
Морфологиялық 
категориялардың бұл ерекшелігін Қ. Жұбанов: «Тіл өзгереді, бірақ 
барлық саласы бір қалыпта өзгермейді. Грамматика құрылысы өте 
шабан өзгереді. Тоқтамай калейдоскоп сияқты өзгерсе
грамматика да болмас еді. Демек, грамматика дегеніміз – тілдің бір 
қалпының белгілі уақыт ішінде тұрақтауы, орнығуы. Осы арқылы 
ол дыбыс құрылысының өзгеруіне де кедергі болады. Сондықтан 
сөздер ұзақ замандар бойы дыбыс құрылысы жағынан бір-бірінен 
алыстап кетпейді. Бұдан олардың ұластығы байқалады», – деп 
көрсетеді [4, 258-б.]. 
Уақыт өте келе білім белгілі бір тәртіпке келтіріліп, жүйеленіп, 
көзқарастар жиынтығы, ортақ ұжымдық дүниетаным ретінде 
қалыптасады, ол белгілі бір тілде сөйлеушілердің бәріне ортақ 
сипат алады, адам өмірінде маңызды қызмет атқара отырып, білім 
мәдениеттің бөлшегіне айналады.
Көне түркі ескерткіштерінің тілін зерделеу нәтижесінде VII 
ғасырдың өзінде-ақ тілдегі категориялар әбден қалыптасып, 
тұрақтанып қалғанын байқауға болады. Көне түркі жазба 
ескерткіштері сол кезде таңбаланған тілдің дамыған, қалыптанған, 
жүйеленіп, бірізге түскенінен хабардар етеді. Зерттеушілер көне 
түркі тіліндегі табыс септігінің қосымшасы жазба ескерткіштер 
жазылғаннан көп бұрын-ақ грамматикалық форма ретінде 
қалыптасып қойғанын ескертеді [5, 12-б.].
Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде ғалымдар жіктік 
жалғауының 
шығу 
төркінін 
жіктеу 
есімдіктерімен 
байланыстырады. 
Мәселен, 
А.Байтұрсынұлы 
жіктік 
жалғауларының жіктеу есімдіктерінен шыққанын айтады [1]. Яғни 
жіктік жалғаулары мен‚ сен, ол жіктеу есімдіктерінен шыққан. 
Соған байланысты І‚ ІІ жақ жіктеу есімдіктері мен етістік әрдайым 
қиыса байланысады. Әрі жіктеу есімдіктері етістіктен (есім 
сөзден) кейін келіп, өзара қиыса байланысқан. Кейін қосымшаға 
айналып кеткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет