Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет18/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
35 
толық беретіндей етіп түзеп, дұрыс іс қыламын деген, жақсылық 
жасаймын деген, қазақ оқығандарының дұғасы, қазақтың 
маңдайына біткен ғұламасы – Ақымет Байтұрсынұлы еді. Ғалым 
қазақ ұлттық әліпбиін жасап қана қоймай, XIX ғасырдың 70 
жылдарынан бастап Қазақ халқын шоқындыру, тілі мен жазуын 
орыстандыру саясаты жолында нақты істер атқарылып жатқан 
заманда, бұл саясат идеологиясынан қазақ халқын жарты ғасырға 
жуық уақыт аман сақтап қалды деп нақты сеніммен айта аламыз. 
Әр заманның халқы үшін жанын беруге әзір өз қас батыры, асқан 
білімпазы, дара ғалымы болады. Қалта мен құлқынның құлы 
болмай, ел қамын ойлайтын нағыз азаматтары болады. Ақымет 
Байтұрсынұлы – осындай елінің бүгініне жүрегін ауыртып, 
ертеңіне еңбек еткен тұлғалардың бірегейі, ұлт ұстазы. Ғалым 
жайлы, ғалымның еңбектері жайлы зерттеулер баршылық. 
Дегенмен де, қазақ ұлтының дамуына зор үлесін қосып кеткен 
тұлғаның әлі де зерттеуді қажет ететін әр салада салып кеткен өз 
ізі бар. Тілші академик Рәбиға Сыздықтың «Әрине, біздің 
сипатымыз өте жалпы айтылып, қысқа қайырылған түйін. А. 
Байтұрсыновтың ағартушылық, ғылыми еңбектерімен қатар, оның 
поэтикалық творчествосын, саяси-әлеуметтік көзқарастарын 
нақтылы, арнайы және терең зерттеу – алдағы міндет, әр сала 
мамандарының жұмысы» [9], – деп баса айтып өткеніндей, 
ғалымның еңбектері қазақ тіл білімі ғылымы аясымен ғана 
шектелмейді.
Профессор А. Салқынбай «Қазақ тіл білімі тарихы» атты 
зерттеуінде: Ахмет Байтұрсынұлы ұлт мектебінің бойына қан 
жүгіріп, өз аяғына тұрып кетуі үшін, ең алдымен, оның жазуы, яки 
түсінікті де сөздің айтылу жүйесін толық белгілей алатын әліпби 
қажеттігіне әсіресе қатты ден қояды. Сөйтіп, 1910 жылдан бастап 
қазақ жазуын жаңадан түзумен айналыса бастайды. Өзінің негізгі 
ғылыми ойларын ғалым 1912 жылдан бастап “Айқап” және 
“Қазақ” газеттерінің беттерінде жариялайды», - деп атап көрсетеді 
[10]. 
Қазақтың ірі жазушысы Мұхтар Әуезов 1923 жылы А. 
Байтұрсынұлының 50 жылдығына орай жазған мақаласында «жаңа 
өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп 
санайды», – деп жазуы арқылы оқырман қауымға ғалымның қазақ 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
36 
әдебиеті саласының да негізін салушылардың бірі екенін 
танытады. Нұрғалиев Р. еліміз тәуелсіздік алған жылы жарық 
көрген мақаласында Ақымет Байтұрсынұлының «...қазақтың 
ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық 
арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел 
осы кітапта қалыптастырылған» [11], – деп ғалымның «Әдебиет 
танытқышына» лайықты жоғары бағасын береді. Осыдан да 
ғалымның әдебиет саласына салған сара жолының тереңдігін көре 
аламыз. 
Ал, 1923 жылы 28 қаңтарда ғалым жайлы жазған мақаласында 
Елдес Омарұлы ғалымның еткен еңбектерін тізбектей келе «было 
бы не излишне пояснить, какое имеют значения эти открытия, они 
говорят сами за себя: каждое из сделанных Ахметом 
Байтурсыновичем открытий, безусловно, представляет собой 
гигантский шаг вперед в истории киргизской (казахской) 
грамматики; (открытия Ахмета Байтурсыновича) слишком велики, 
чтобы исчерпать в краткой статье все их значение» [12], – деуі 
арқылы ғалымның ашқан жаңалықтарының мол екендігі және 
әрқайсысының қазақ тіл ғылымының дамуына қосқан үлесінің 
ерен екендігін нақтылайды.
Ақымет Байтұрсынұлы термин жасауда да терең із қалдырды. 
Терімсөздердің қазақыландыру ұстанымын берік ұстанып, сол 
жолда аянбай еңбек етті. Өзінің «Сәбитке жауап» деген 
мақаласында: «Жат сөздерді басқалар, мәселен, орыстар өз тілінің 
заңына үйлестіріп алғанда, солай алуға біздің де қақымыз бар» 
[13], – деп терминжасауда қазақ баласы ұғарлықтай атау болуы 
тиіс екендігін алға тартып, жат сөздерді өзгертпей қабылдауға 
қарсы екенін ашық білдірді.
Ақымет Байтұрсынұлы – қазақ грамматологиясының негізін 
қалаушы біртуар ғалым. Грамматология жазу туралы, жазудың 
типологиясын, графикаларды, олардың талдауларын, жазу мен 
сөйлеудің қарым-қатынасын қарастыратын тіл білімінің бір 
саласы. Л. Р. Зиндер өзінің «Очерк общей теорий письма» атты 
еңбегінде Бодуэн де Куртененің графика, алфавит, орфография 
ұғымдарын жазу категориясына жатқызғанын жазды [14]. Қазақ 
фонетист-ғалымы Әлімхан Жүнісбек те «Төл әліпби – төл жазу 
мәселелері» [15] атты еңбегінде жазу әліпби, таңба және емле-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет