Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет26/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

 
 
 
 
 
 
 
БӨЛІМ 4 
 
ҰЛТ ҒЫЛЫМЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ АХМЕТ 
БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚША ӘДЕБИ АЙТЫЛЫМ 
МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ ТҰЖЫРЫМДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Жанат Дәулетбекова
 




Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
53 
ҰЛТ ҒЫЛЫМЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ АХМЕТ 
БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚША ӘДЕБИ АЙТЫЛЫМ 
МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ ТҰЖЫРЫМДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 
Жанат Дәулетбекова
Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры, 
педагогика ғылымдарының докторы 
Қазақстан: Алматы 
Ахмет Байтұрсынұлының өзі зерттеп білген мәселесін асқан 
тереңдікпен зерделеуі оның елжандылық, ұлтжандылық қасиеті 
мен көшбасшылық қабілетінің тең түсуімен ұштасып жатыр. 
Ұлтжандылық пен көшбасшылықты тоғыстырып тұратын 
интеллект нүктесі – адалдық. Заманауи зерттеушілер көшбасшы 
тұлғаларға тән адалдықтың бірінен бірі туындайтын, бірін бірі 
бекітіп, ұштай түсетін үш қырын ерекше атайды. Олар: өзін танып 
білу, турашылдық, жетілу. «Көшбасшылар не істеп, не қою керегін 
жанымен түйсінеді. Өздерін ешқашан алдамайды. Турашылдық – 
ашық ой мен әділ іске деген адалдықтың көрінісі. Бұл – өзін танып 
білудің кілті. Көшбасшылар өзін-өзі жетілдіріп отырады: олар 
бұйрық бермейді, өздері жұрттан үйренеді. Іскерлігі мен 
ізденімпаздығының арқасында айналасындағылармен қоян-
қолтық адал да жемісті жұмыс істей жүріп, биік мәртебеге ие 
болады» [1, 14-б.].
Шын мәнінде, «шабыт пен табыттың, құлшыну мен тұншығудың 
арасында арпалыса жүріп» (Қ.Мырза-Әлі) халқының өркениетті 
елдермен тең болуына бар күш-жігерін, ақыл-білімін сарп еткен 
Алаш арыстарының қай-қайсысы да көшбасшылық қасиетке ие 
болғаны хақ. Оларды біріктірген ортақ мүдде – ар алдындағы 
адалдық болса, сол адалдықтың арғы түбінде еліне деген шексіз 
сүйіспеншіліктен тамыр алатын, жұртының жолына жанын құрбан 
етуге даяр қайсар рух жатқаны аян. Ал, рух бар жерде «хақ жолы 
деп әділдікті сүю» (Абай) салтанат құратыны және ақиқат. 
Сондықтан олар халқының барын бағалай отырып, жоғын 
түгендеуге кірісті. Өз заманында қандай іргелі істер атқарса да, 
соның барлығының бастауы халықтың өз қорында ғасырлар бойы 
қордаланған саф дүниелер екенін ескертіп отырды. Мейлі ол 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
54 
заманалар тезінен өткен тарих сабақтары мен шежірелер болсын, 
тіл қазынасы мен көркем әдебиеті болсын немесе тамырын сонау 
көне дәуірлерден тартып жатқан жаратылыстану сипатындағы 
ғылымдар болсын, бәрібір, ең алдымен, сүйенері өз жұртының 
танымында тиянақталып, ойына орнығып, санасына сіңген, сөйтіп, 
өміртанымына айналған пайым арналары болды. Алаш 
арыстарының 
әрқайсысы 
өзі 
қолға 
алған, 
халықтың 
интеллектуалдық сүзгісінен өткен ең асыл дүниелерді бағалаудың 
шынайы үлгісін танытты. Олар алға озған жұрттардың даму 
жолынан қалмау керегін пайымдады, бірақ өркениетке ілесудің 
жолы бөгденің барын көшіру емес, ұлттық таным өзегіндегі өзге 
жұртта қайталамасы жоқ даралықты айыра отырып, оны уақыт 
талабымен үндестікте дамытудың жолын іздеді. Оны тапты да! 
Қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануының, тіл мен әдебиетті 
оқытудың әдістемесінің іргетасын қалаған Ахмет Байтұрсынұлы 
мұраларын әр парақтаған сайын жаңа ойларға, тосын 
тұжырымдарға кезігесіз. Аталған ғылымдардың қай аспектісінен 
келсеңіз де, Ұлы тұлғаның халықтың рухани мұрасына қатысты 
айтылған берік байламдарынан терең зерделілікті, айрықша 
аңғарымпаздықты, көсегелі көрегенділікті табасыз. Оқырманын 
байыпты ойға жетелейтін, өрелілік өрісін кеңейте түсетін тұғырлы 
түйіндеулердің Ахмет Байтұрсынұлының әрбір еңбегінен 
табылатынының сыры ғалымның әр нәрсеге де асқан зейінділікпен 
қарауында: турашылдығы мен адалдығында; Абайдың 32-
қарасөзінде айтылғандай, «білім-ғылымның өзіне ғана құмар, 
ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет» деп білуінде, одан 
көңілі қанағаттанып, жаны рахат табуында; «сол рахат білгенін 
берік ұстап, білмегенін тағы да сондай білсем екен деп үміттенген 
құмар, махаббаттың пайда болуында» [2, 174-б].
Ахмет Байтұрсынұлы – тек қана лингистика мен әдебиеттану 
салаларының емес, жалпы «ұлттық ғылымның негізін салушы» 
(Р.Сыздық) ретінде толық мойындалған тұлға. Тіпті кеңестік 
дәуірде атын атауға тыйым салған идеология, оның затына тоқтау 
жасай алмағаны белгілі. Ал мұндай жетістіктің сыры ғұламаның 
ғылымның мәнін, маңызын, жаратылысын Абайша ұғынуында. 
Яғни «ғылымды ешкімнің де жанынан шығара алмайтынын, 
жаралып, жасалып қойған нәрселерді көзбен көріп, ақылмен біліп 
сезгенде, сезінгенде» және өзі ден қойып зерделейтін дүниесіне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет