Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
38
соответсвующий, определенный знак и этот знак никогда не
меняется, то это другое дело» [13] деген сөздермен ойын
сабақтайды. Демек, ғалымның тұжырымы бойынша әліпби мінсіз
болуы үшін,
әр дыбыстың тек өзіне тән, сәйкес, еш өзгермейтін
таңбасы болуы шарт. Ал, ғалым жасаған араб графикасына
негізделген әліпбиі осы шартты толығымен орындаған кемел
әліпби болды.
Ғалымның айтуы бойынша «Әліпби деген тілдің негізгі
дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы» [17]. Бұл дегеніміз,
жұмақта әр адамның өзінің керемет дайындалған толыққанды әсем
орны болатындай, әліпбидегі таңбалар да әр дыбысқа толыққанды
орын беріп тұруы абзал екен. Профессор Н. Ф. Яковлев мінсіз
әліпби жайлы «тем меньше знаков, тем лучше» [13] деп таңбалар
санының аз болуына мән берген. А. Байтұрсынұлы әліпбиі аталған
мінсіз әліпби сипатына да сай келді.
Ақымет
Байтұрсынұлы
әліпби
қазақтың
тәжірибесіне
бағынбайтын дүние емес екенін тілге тиек ете келе, «Это (алфавит)
есть не
больше, не меньше, как комлект знаков, изображающих
основные элементы речи. Чем легче, чем полнее передаются эти
элементы речи тем лучше алфавит» [13] деп сөйлеудің негізгі
элементтері оңай болған сайын,
әліпби де жеңіл болатынын
айтады. Ғалым өзінің баяндамасында әліпбиден не талап етіледі
деген сұрақ қойып, «от алфавита требуется, чтобы он хорошо
передавал звуки и в техническом отношении был удобен» [13] деп
жауап береді. Мұнан ұғарымыз,
әліпби дыбыстарды дұрыс
жеткізуі тиіс әрі техникалық тұрғыдан ыңғайлы болуы шарт.
Профессор Н. Ф. Яковлев алғашқы бүкілодақтық съезде жасаған
баяндамасында әліпби жасағанда мән беретін екіжақты сұрақ бар
екенін, оның бірінші жағы әліпби реформасын енгізгелі отырған
халықтың мәдени-әлеуметтік жағдайына қарау керектігін
көрсетеді. Ал, екінші жағы әліпбиді енгізудің техникалық өңделуі,
сарапталуы. Бұл екінші жақтың өзі ішінде тағы екіге бөлінеді екен.
Алғашқысын, профессор жазу жүйесі деп атайды да, екіншісі таза
графикалық жағы деп көрсетеді. Жазу жүйесі деп атаған алғашқы
жақ әліпбиді орфографиямен байланыстыратынын айтады. Мұнда
бұл тілге және сол тілдің әліпбиіне қанша таңба қажет деген
сұрақты жатқызады. Бұның графикаға тіпті қатысы жоқ екенін