Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
55
«барынша мейірленгенде» ғана шынайы ғылым туатынын терең
түйсінуінде. Ұлт ұстазын осындай ғалымдық бақытқа жеткізген
ақиқатты да мойындау ләзім. Ол ақиқат: зерттеушінің қашан да
халықтың санасында шегеленген шегенді ойлардың астарындағы
иірімдерді дәл тауып, нұрлы ақылмен саралап, ыстық қайратпен
талмай ізденіп және сол іздегенін сәтімен тауып, тапқанын жылы
жүректің махаббатына орап, шашау шығармай, сол қалпында бере
алуында екен. Соның нәтижесінде ғалымның бүгінгі ұлттық
ғылымдағы орнын айқындайтын еңбектері «ғадаләт, махаббат
сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол – ғақил» екенін
талассыз мойындатып отыр (45-қарасөз) [2, 225-б.].
Ғасырлар тезінен, халықтың талғам елегінен өтіп, оның
болмысымен бүтін бітімге айналған интелелектуалдық байлық пен
материалдық игіліктің қорын «білім сабасы» деп атайды ғалым.
Білім сабасына кездейсоқ нәрсе құйылмайды, ең керек дүниелер
жинақталады. Осы тұста ғалымның білімге қатысты екі маңызды
байлам-тұжырымына басымдық беруді жөн санаймыз: біріншіден,
ұлттық ғылыммен, ұлттық педагогикамен айналысатын кез келген
зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы негіздеген, осыған дейінгі
тарихымызда білім беруге қатысты айтылған барлық іргелі
пікірлердің басын тоғыстыратын және бұдан былайғы жерде де
жаңа идеялардың өзегінде тұруға әбден лайық «пайдалы білім»
категориясына мән беруі қажет деп ойлаймын. «Нәрсенің затын
алмай, атын алып, құр сөз түрінде үйретуден бас тартып, алған
білімі өзіне де, мемлекетке де пайдалы болатынын көздеп оқыту
керек!» дейді ғұлама. Бұл білім баланың өміріне қажет, болашақта
өзіне де, елге де жасайтын қызметіне пайдалы болса ғана, ертең
сол білім мемлекеттің де пайдасына айналады деген сөз!
Сондықтан жас ұрпаққа «пайдалы білім» берудің тетіктерін табуға
қызмет ету керек деп санаймыз. Екіншіден, Ұлт ұстазының
айтуынша, білім – теориялық ұғымдардың я ережелер мен
қағидалардың жалаң жиынтығы емес! Білім – адам баласының
өмір сүруіне, тіршілік етуіне керекті пайдалы әдіс-амалдар! Оған
мына сөзі дәлел: «Пайдалы тәсіл алынып, пайдасыз тәсіл қалынып,
тіршілікке керек білімдер атадан балаға, үлкеннен кішіге, нәсілден
нәсілге қалып, білім сабасына құйылып отырған. Осы күнгі білім-
өнер дегеніміз – адам болғаннан бергі адам баласының тапқан
тіршілікке керек әдіс-амалы. Өнер-ғылым білген адам тіршіліктің
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
56
ісіне керек әдіс, амалды жақсы білген» [3, 116-б.]. Осындай
байламымен ғалым тілді зерттеу мен оқыту ғылымдарын жасампаз
ететін тетіктерді дәл таба алған. Біріншісі – ғылым халықтың білім
сабасында жинақталған дүниелерді терең зерделеу жолымен
жасалуы тиіс. Екіншісі – сол ғылыми тұжырымдар баланың
жасына, қабылдауына лайықталып, оның болашақ тіршілігіне
пайдасы тиетіндей амалдар мен тәсілдер түрінде ұсынылуы керек.
Оның пайымдауынша, адамның білім деңгейі – әдіс-амалды
меңгеру деңгейі. «Оқыту дегеніміз, асылында, баланы үйренуге
үйрету» дейтін атақты афоризмінің де мәні осында. «Үйренуге
үйрету»! Ережелерді жаттатуға болады, ал амал-тәсілдер
сипатындағы шынайы білімді үйретуге болады. Әрине, амал-
тәсілді нақты бір қағидаларсыз үйрету мүмкін емес. Бірақ бұл
жерде басты критерий ретінде білімнің пайдалылығы алынады.
Қазіргі таңда «өркениетті елдерден келген жаңалыққа» баланып,
инновация деп бағаланып жүрген білім берудегі антропоөзектік
парадигманың мәні мен ерекшелігін Ахмет Байтұрсынұлының осы
сөзінен асырып түсіндіру мүмкін бе?
Ғалым бойындағы аса жоғары зерттеушілік пайымның дәлелі
оның тіл мен сөз өнеріне, оларды жас ұрпаққа оқыту ісіне қатысты
әрбір ой-тұжырымдарынан айқын көрінеді. Мәселен, осыдан бір
ғасыр бұрын-ақ сөз өнеріне баулудың сан тарау мәселелерінің
тоғысында оқушы сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдірудің
біртұтас жүйесін жасауы – таңданарлық құбылыс. Мектеп
табалдырығын енді аттаған бүлдіршінді дұрыс сөйлеуге (ауызша
және жазбаша тілін дамытуға) дыбыспен жаттықтыра үйретуден
бастап тіл тетіктерін сатылап меңгертудің аражігін дәл айқындап,
тірек тұғырларын бекітіп берген. Сөйтіп, ана тілін оқытудың
біртұтас жүйесін негіздеген. Коммуникация (тыңдалым, оқылым,
айтылым, жазылым, тілдесім) құралдарын анық таныту, сөйлеу
мәдениетінің амал-тәсілдері мен шешендіктің қырларын меңгерту
бағытындағы оқыту қағидаларын соншалықты қарапайым, бірақ
соншалықты көрегендікпен түйген. Ана тілін оқытумен
байланысты ой тұжырымдарының ең басты өзегі – «ана тілін
үйрету жағын жақсылау үшін тіл анық танылуы керек» деген
байламы. Оны жүзеге асыру үшін:
1. «Бірінші басқыштағы мектептерде тіл сабағы жүзінде қалық
әдебиеті басым боларға керек.
|