Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет6/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 

қалыптастыру, сөйлеyге мaтериaл таңдаy, диалогке түсу, өз oйын 
дәлелдермен жеткізy, сұхбaттaсy, пiкiртaлaс өткiзy мәдениетін 
меңгеру және т.б. сияқты дaғдылaрды дaмытyғa ықпaл етедi. 
Педaгoгикaлық 
риториканың 
танымдық, 
ақпараттық, 
дамытушылық және тәрбиелiк құндылығы мынада: бабалар 
сөзінің мәнін түсінуге, сөйлеу мәдениетiне тәрбиелеyге, aдaмдaрғa 
құрметпен қaрayғa, қaрсы тaрaптың пiкiрiне құлaқ aсyға, өз 
халқының құндылықтарын құрметтеyге көп көңiл бөледi.
Педaгoгикaлық ритoрикa педагогтардың бiлiм берy мен тәрбиелеy 
ісінде өз oйын aнық, дәл жеткiзiп, шебер сөйлеyге дaғдылaндырyғa 
мoл мүмкiндiк тyғызaды, мұнымен қоса басқалармен қарым-
қатынаста сөйлеy мәдениетiн жoғaрылaтып, сөйлеу стилін 
жетілдіреді. Aхмет Бaйтұрсынұлы «шешендiк сөздiң негiзгi 
белгiлерi бaяндay, сипaттay, aнық түсiндiрiп берy; сөзi қaнғa, 
жaнғa әсер етiп, aрбay сияқты aдaмның oйын дa, бoйын дa 
бaлқытып, билеп aлып кетy» [5, 258] , – деп көрсеткеніндей, сөйлеу 
үлгілерін тілдік жағдаяттарға қарай дұрыс таңдауға төселдіреді. 
Педагогикалық риторика «Мәңгілік елдің» құрушылары болып 
табылатын қазіргі қоғамның саналы мүшелерінің мәдени 
имунитетін қалыптастырып, коммуникативтік дағдыларын 
дамытатын, сыни ойлап, дұрыс шешім қабылдай алатын 
Тұлғаларды қалыптастыру мақсатын көздейді. Осы мақсатқа сай 
пән мына міндеттерді жүзеге асырады: 
• 
педагогикалық риториканың негізгі мәселелерін түсіндіру; 
• 
риториканың мәдениет ұғымына қатысын негіздеу; 
• 
педагогикалық риториканың стильмен байланысын ашып 
көрсету; 
• 
сөйлеу актісіне қарай сөйлеудің түрлерін меңгерту; 
• 
риториканың талаптары мен заңдылықтарын игерту; 
• 
коммуникациядағы 
тілдік 
бірліктердің 
қызметін 
тәжірибеде көрсету. 
Педагогикалық риториканың негізгі мәселелерін анықтауда 
қажетті құрал - риторикалық сауаттылық. Олар: 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 

• 
Ақпараттық қоғамдағы риториканың міндеті қажетті сөзді 
қабылдай алуы, проблеманы анықтауда сөздің мағынасын түсінуі. 
• 
Жағдаяттарға сәйкес сөзді ойлап табу, ойды жеткізу 
формалары мен сөйлеу түрлерін анықтай алуы, монологқа және 
диалогқа түсе алуы. 
• 
Өзінің құзіреттілік деңгейінде тілдік коммуникация 
жүйесін меңгеруі, қоғамда қабылданған сөз мәдениетіне жүгінуі. 
• 
Білім беру ортасына қажетті сөз қолданыстарын, олардың 
мағыналық мүмкіндіктері мен жұмсалу нормаларын игеруі. 
Педагогикалық риториканың негізгі мәселелерін сызба түрде 
көрсетер болсақ, мынадай: 
Педагогикалық риторика дұрыс ойлау заңдылықтарына бағынады. 
Дұрыс ойлау заңдылықтары логиканың жетілуіне, қоғамда орын 
алып отырған жағдаяттарға дұрыс баға беруге, проблеманың 
шешімін табуға көмектеседі. Тауып сөйлеу-дұрыс ойлаудың 
нәтижесі. Сөйлеушілерге қарата «логикасы бар, логикасы жоқ» 
деген бағалауларды жиі естіп жатамыз. Дұрыс ойлау 
заңдылықтары жүзеге аспаған жағдайда, сөз шатасушылыққа 
ұрындырады, адамдардың адасуына, түсінбестікке әкеліп 
соқтырады.
Риторика және стиль байланысын анықтауда назар аударылып, 
көңіл бөлінетін мәселелер мыналар: 
• 
Риторика-стиль тудырудың құралы. Сөз таңдау, сөздің 
ырғағы, бейнелі сөйлеу, эмоционалды көркемдігі. 
• 
Стиль- орналастыру, композиция. 
• 
Стиль- адамның даралық тұлғасы, шешен бейнесі. 
• 
Стильдің 
риторикада 
этикалық 
нормамен 
байланыстылығы.
• 
Стиль - адамның мінез-құлқын қалыптастыруы. 
• 
Стиль – сөздің жанрлық түрі, сөзді жеткізу тәсілі.
• 
Қоғамға пайдалы ақылды, қайырымды, эмоционалды 
шешен бейнесі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет