Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
13
Ж. БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТАДҒУ БИЛИК» ШЫҒАРМАСЫ
ТІЛІНДЕГІ КӨРІКТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ
Жанар Абитжанова
Филология ғылымдарының кандидаты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доцент м.а.
Қазақстан Республикасы
abitzhanova.zhanar@mail.ru
Тілдік тұлғаның табиғатын ашып, суреткерлік шеберлігін тану
үшін оның тілінде қолданылған көріктеу тәсілдеріне зер саламыз.
«Жазушының дүниені ерекше көркем түсінуі, сезінуі, оның
көркемдік әдісі міндетті түрде
оның шығармасында көрініс
табады» [1, 112 б.]. Ж. Баласағұн тіліндегі көріктеу құралдың бірі
– метафора (балау), олардың жекелік түрлері. Метафора жөнінде
көптеген зерттеулер бар. Жеке ақын-жазушылардың тілдеріндегі
метафоралық қолданыс жөнінде жазылған диссертациялар,
монографиялық еңбектер бар. Метафораның жеке бір тілдің
қолданысында қарау өте күрделі ізденісті талап етеді.
Метафораның осындай күрделі айшықтау екендігін қазақ тілінің
тілдік көрінісінде көрсеткен еңбек – Б. Хасановтың «Қазақ
тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы» атты 1966 жылы
жарық көрген зерттеу еңбегі. «Метафора – деп жазады ғалым, -
мағына масштабын кеңейтетін,
сөздің жаңаша қолданылуын
туғызатын тәсіл» [2, 17 б.]. Ал тілші ғалым Ә. Болғанбаев
«Өмірдегі зат пен құбылыстың сыртқы не ішкі ұқсастық
белгілеріне қарай сөздің бірнеше мағынада ауысып қолданылуын
метафора дейміз» - дейді [3, 22 б.]. Метафоралық сөз айшықтарын
зерттеушілер сөз мағынасының кеңеюінің бұл тәсілінің негізі
халықтың бай ауыз әдебиетінде жасалған деп көрсетеді.
Метафоралық қолданыстың сөздік құрамды байытып, дамытудағы
қабілетін тану үшін, семантикалық-стилистикалық тұрғыдан
біріктіріп, өзара байланыста зерттеу керек. Б.
Хасанов ана
тіліміздегі сөздердің метафоралану арқылы сөздік құрамның
байып, дамып тұрғандығын көрсете келіп, соның бір түрі ретінде
қанатты сөздер мен афоризмдердің метафораға негізделуін
көрсетіп, «афоризмдер – әлеуметтік өмірдің бай тәжірибесінің
қайнап шыққан кең мазмұнды «тоқсан сөздің тобықтай түйіні», -
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
14
деп жазады» [2, 7 б.]. Әдетте, метафораларды екіге бөледі.
Біріншісі тілдік; екіншісі: поэтикалық метафоралар.
Көне жазба
нұсқаларындағы метафораларды қазіргі метафоралармен қатар
қоюға болмайды, олар қазіргі көркем ойлаудың басты арналарына
жатады. Г.Ж. Баялиева былай дейді: «Қазіргі қазақтың метафора
желісінің басы ертедегі көне түркі жазба нұсқаларынан басталады.
Көне түркі жазба нұсқаларындағы метафоралар сол тұстағы
халықтардың тұрған ортасы, кәсібі, дүниетанымына
тікелей
байланысты. ХІ-ХІІ ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер
тіліндегі сын есімнің метафоралар қолданысы көбінесе екі және
үш буынды сөздерде байқалады [4]. Аз, көп емес (аз сараң-сараң,
аз біліг «сараңдық»). Қышың аз – «қисық жол», Ақа-ақ (ақ қышың
аз – «сенің ұнамды мінезің жоқ»), Ақ оғлан – «лайықты ұл, ақ –
«пейіл» Кең –кең (көңлі кең - «жомарт») Сақ көңіл кең кэрэк –
«жіті көз, сақ құлақ кең пейіл керек» Кең алқығ – «теңіздей» Кең
тұт – «кеңпейілділік» Метафоралық қолданыстар ХІ ғ. одан да
бұрынғы көне түркі жазба ескерткіштер тілінде сөз мағынасын
кеңейтудің ең өнімді тәсілі болғанын көреміз.
Метафора өзінің
мәнінде, мағынасында образды ойлаудың өнімді тәсілі болып
табылады. «Қутадғу билиг» ескерткішінің әр тарауында
метафораның кездесу жиілігі әр түрлі, біркелкі емес. Жүсіп
дастанында
түркі
танымындағы
дәстүрлі
ұқсатулар
(ассоциациялар) мол орын алған. Метафоралық қолданыс сөз
қолданушының айырым танымының сол тілдегі мінезін жанжақты
бейнелейді. Жүсіп поэзиясынан метафоралық қолданыстардың
өзіндік өрнегін байқаймыз.
Метафоралық қолданыстарды
номинативтік, бейнелі, когнитивтік деп жіктеуге болады.
Номинативтік метафораға ава/апа жатады. АВА (апа) сөзі «баба»
мағынасында жұмсалған: aba jazti ersa bajat qinati (ҚБГ 10021).
Täƞri/тәңір метафорасы «Құтадғу биликтің» 375-ші жолында
берілген: bu qadɣu ičün bersü täƞri mujan пусть за это
несчастье
воздаст (тебе) бог (QBK 3754) [5, 347 б.]. Täƞri сөзінің көне түркі
тіліндегі мағыналары мынадай: Täƞri І 1. Небо; 2. Бог, божество; 3.
Божественный; 4. Повелитель, господин [5, 544 б.]. Täƞri сөзі
екінші ауыспалы мағынада метафораланған. «Құтадғу биликте»
qaliq/бұлт метафорасы қолданылған. Өйткені бұлттың «жылжу,
қалықтау» қасиеті негізінде «қалықтау» етістігінен екіншілік
аталым «qaliq» (бұлт) пайда болған деп есептейміз.
Аталған сөз
мына жолдарда берілген: qaliq qasï tügti közi jas sacar небо