Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
203
Адам сәби шағынан тілді, сол арқылы мәдениетті меңгергенде
ғана адам болып қалыптасады. Халық мәдениетінің ұшқыр іздері
тіл арқылы көрініс табады. Тіл нәзік болғанымен, оның табиғаты
күрделі, сондықтан да әлем бейнесі адамзат тілінде әр қилы
бейнеленеді.
Ғасыр соңында адамзат қоғамы әлем, дүние, қоршаған орта туралы
барлық мағлұмат лингвистикалық каналдар арқылы беріліп, сонда
сақталатынына көзін жеткізді. Адам сөз дүниесінде өмір сүреді,
орасан зор мағлұматтарды адамзат сөз арқылы меңгеріп, сөз
арқылы түсіне алады. Сондықтан да адамның тұлға ретінде
жеткізіліп, өсуі оның сөзді қаншалықты дәрежеде меңгеруіне, сөз
мәдениеті мен шеберлігін қаншалықты білетіндігіне тікелей
тәуелді. Адамның қоғамдағы орны сөз әлемін меңгеру дәрежесіне,
тіл құпиясы мен сырын қаншалықты ұғынуымен байланысты.
Сондықтан да тіл құпиясын ашу адамзат сырын танумен барабар.
Тіл мәдениетінің қайнар көзі бола тұра, ол тілдің құрамдас бөлігі,
сонымен қатар мәдениеттің өмір сүру шарты, тәсілі, мәдени
кодтардың қалыптасу факторлары болып табылады.
Қазіргі ғылымда тіл теориясы мен мәдениет теориясының
тоғысуында пайда болған тіл білімі саласы лингвистикалық
мәдениеттану
(лингвокультурология)
деп
аталынады.
Лингвистикалық мәдениеттану ғылымы – тіл білімі мен
мәдениеттанудың шегінде пайда болған, халық мәдениетінің
тілдегі сақталған көрінісін зерттейтін сала.
Бұл саланың негізгі мақсаты – ата-бабалар рухани дүниесінің тілде
қаншалықты дәрежеде көрініс тапқанын анықтау. Болжамды
дәлелдеу мақсатында миф-мәдениет, миф-тіл, фразеологизм-миф
концептері қарастырылды.
ХХ ғасырдың негізгі ерекшелігі – ғылыми білімінің әр түрлі
салаларының
өзара
байланысының
қарқынды
дамуы.
Гуманитарлық пәндер арасындағы бұндай синтез адамның іс-
әрекеті мен қызметінің заттанған, таңбаланған нәтижелерін
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
204
өнбойына сіңірген мәдениеттің феномені ретінде қарастырылатын
мәдениеттанулық зерттеулерден көруге болады.
Қазіргі уақытта В.Н. Телия сөзімен айтсақ, “тіл мен мәдениеттің
арақатынасын синхрондық тұрғыдан зерттеу және сипаттау”
лингвистикалық мәдениеттану пәнінің негізгі міндеті болып
табылады [В.Н. Телия, 1996; 217 б.]. Лингвистикалық
мәдениеттану ғылымын зерттеуші ғалым
В.Н. Маслова пәннің мақсаты мен міндеттеріне тоқтала келіп,
былай дейді: “эксплицировать культурную значимость языковой
единицы (т.е. “культурные значения”) на основе соотнесения
прототипной ситуации фразеологизма или другой языковой
единицы, его символьного прочтения с теми “кодами” культуры,
которые известны или могут быть предложены носителю языка
лингвистом” [В.А. Маслова, 1997; 10-11бб.].
Аталмыш анықтамаға сүйене отырып, тілдік бірлік негізінде
мәдени бірліктер көзін ашуға ғана емес, сонымен қатар, керісінше,
мәдени бірліктер арқылы тіл бірліктерінің табиғатын ашуға
болатынын көз жеткізіп отыр.
Лингвистикалық мәдениеттану тұрғысындағы зерттеулердің
негізгі міндетіне тоқтала келіп, лингвокультурологиялық
концептерді символдар жүйесі деп танитын ғалым Г.Г. Слышкин
былай дейді: “Біріншіден, сөйлеу тіліндегі (дискурстағы) қандай
да бір мәдени бірлікті айқындайтын тең дәрежелі тілдік
құралдарды анықтау, екіншіден, әр түрлі коммуникативтік
ситуацияда негізгі апеляциясының прагматикалық қызметінің
аталмыш мәдени бірлікке тән екенін дәлелдеу қажет” [Г.Г.
Слышкин, 2000; 8 б.].
Қазіргі кездегі тіл білімі әдебиеттерінде концепт терминімен
қатар, тіл және мәдениет элементтерін байланыстыра
қарастыратын логоэпистема, лингвокультурема терминдері
қолданылып жүр. Ғылым саласының жаңадан қалыптасу кезеңінде
жарыспалы қолданыстардың қатар жүруі заңды құбылыс болып
табылады.
|