Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
193
конвертировать, выделить, удалить, вставка, главная, разметка
страницы, параметры страницы,
рецензирование, вид, формат
страницы, заголовки, назание, переименовать... деп келетін
компьютеріңіздің бүкіл қызмет атауларын түгелдей орысша атауға
тура келеді. Бұл, әрине, монитор бетіндегі жазулардың орысша
болғандығының себебі. Біздің қазақ тілінде осы атаулардың
бәрінің де қазақшасы бар. Мысалы: сохранить – сақтау, скачать –
көшіру, загрузить – жүктеу, выделить – белгілеу, ерекшелеу, вид –
түрі, удалить – жою, вставка – кірістірме (кірістіру), главная –
бас..., разметка страницы – беттерді белгілеу, параметры страницы
– бет параметрлері, рецензирование – пікірлеме, формат страницы
–
бет пішімі, заголовки – тақырыптар, назание – атауы,
переименовать – атын өзгерту. Бұл аудармалар 2014 жылы жарық
көрген 452 беттен тұратын 10 000-ға жуық термин енген
«Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктің»
«Информатика және есептеуіш техника» атты 3-томында берілген
[13, 51 б.].
Программирование деген термин – программалау деп, ал
рецензирование – пікірлеме деп аударылған. Орыс тіліндегі -
ирова+ние – қосымшасының қазақ тіліндегі аудармасында –лау
және –леме деген екі түрлі қосымша арқылы аударылғанын
көреміз. Бұл әрекет түрлеріне орыс тіліндегі атауларына қатысты
байланып қалуға болмайды. Осы бөліктерге берілген атаулардың
ең бастысы атқаратын қызметтеріне байланысты болғаны жөн деп
ойлаймыз. Тек осы уақытқа дейін пікірлеме
деген сөздің қазақ
тілінде жасандылық сипатқа ие болып, қолданылмайтыны,
орнықпағандығы алаңдатады. Біздің ақпараттық технология
саласына қазақша қызмет атаулары қосылған компьютер
дайындау күн тәртібінде бірінші кезекте тұрған мәселе болуы
шарт деп түйіндейміз. Себебі қоғамда
орын алған пандемияға
байланысты төтенше жағдай кезінде қазақ жұрты жаппай оқыту
жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдаланды. Демек,
қазіргі кезде қазақ халқының үлкені (білім беру саласының
қызметкерлері), кішісі (білім алушылар) қаншама орысша тілдік
бірліктерді
қолданып
отырғандығын,
санасына
сіңіріп
жатқандығын ойлану керек. Көз алдында орысша тұрған соң,
міндетті түрде орысша оқып,
коммуникативтік қажеттігіне
пайдаланады. Қай тілде жазылып тұрса, сол тілде айтатынымызды,