Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет88/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
207 
құдіретінің жұмбақтары мен сырларына жауап бере алатындай 
көрінеді. 
Тіл феноменін түсінуге оның ғажайып фантастикалық 
күрделілігін, қатынас құралын қиындатпаса жеңілдете алмайтын 
тілдің мәдени тұрғыдан боялған терең мағынасын ашуда тілдің 
пайда болуының мифологиялық болжамы ғана жауап бере алады. 
Мифологиялық болжам тіл феноменінің сан қырларын түсіндіруге 
жол аша алады. Мәселен, әр түрлі мәдени мұраларға ие халық үшін 
тіл өз туған, ұлттық мәдениетін дәріптеуші, оны өзге, жат 
мәдениеттен қорғаушы, сонымен қатар мәдениетті өз ішіне 
сақтаушы, басқа халықтың, жат ұлттың түсініп, кіруіне жол 
бермеуші құрал болып табылады. Мәдени мұралардың көріністері 
қоғамда, халық арасында ата-баба мұрасы ретінде қолданылатын 
тіл бүгінгі таңда коммуникативтік қызмет атқаратыны сөзсіз, бірақ 
өзінің шығу арнасы тұрғысынан утилитарлы- коммуникативтік, 
яғни тек қана қарым-қатынасқа қажет жасалым ретінде 
қалыптасқанына көз жеткізу қиын. 
Кез келген сөз ертедегі адамзат үшін ерекше мифологиялық 
құпияға ие болған, оның мағынасы мифтік түсініктер мен 
сырларға толы, адам үшін киелі болған. Ата-бабалар үшін сөздің 
киелі мағынасын білу, оның құпиясын ашу аса қажет болған. 
Өркениеттің дамуымен бұл құпия сырлар жиынтығы ұмытылуы 
түсінікті де, бірақ баба мұрасы болып табылатын тіл мәдени 
ошақтарда міндетті түрде сақталады, қажет кезінде оны ұрпақтары 
қайта жаңғырта алады. Талай ғасыр куәсі болған әдет-
ғұрыптарымыз бен салт-санамыздың бүгінгі таңдағы жаңаша орын 
алуы осыған куә. Мәселен, жаңа жүре бастаған баланың аяғына 
жіп байлап кестіретін дәстүр тұсау кесер деп аталады. Бұл ырым 
тез жүріп кетсін, тез ер жетсін деген тілекпен жасалады. Оған 
арнайы ала жіп дайындалады. Ал жіптің өзінде киелі мағына бар, 
яғни ешкімнің ала жібін аттамасын, “Тұсау кесер” жыры да 
сақталған: 
Қаз-қаз балам, қаз балам, 
Қадам бассаң, мәз болам. 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
208 
Тағы, тағы баса ғой, 
Тақымыңды жаз, балам. 
Қаз баса ғой, қарағым, 
Құтты болсын қадамың! 
Тұсауыңды кесейін 
Күрмеуіңді шешейін. 
Тұсау кесер ұғымының қазіргі жаңарған, қайта жаңғырған 
мағынасы 
“презентация” 
ұғымындағы 
мағына. 
Бүгін 
Қазақстанның бас ордасы – Астана қаласында Евразия 
университетінің жаңа ғимаратының тұсаукесері болды. Мысалдан 
көріп тұрғанымыздай, тіл өз бойына мағлұматтарды сақтап қана 
қоймай, керек кезінде қайтадан жаңғырта алатын мифологиялық 
ойлаудың қандай да бір механизмі сақталған болған болуы керек. 
Осыған орай, қазақ тіліндегі ұлттық мәдени маңызы бар 
деректерге талдау жасай келіп ғалым Г. Смағұлова былай дейді: 
“Егер тілде фразеологизмдер сақталмай, бізге жетпеген болса
қазақтардың рухани өмір сферасы қалай анықталып, қандай 
мәдени өмірге сүйеніп, пікір айтылар еді. Сақалын сипау – мораль, 
этика үлгілері болса, қара шаңырақ – мұнда да мораль бар, әрі 
этнографиялық ұғым, ат кекілін кесісу, ақ түйенің қарны жарылу 
– этнолингвистикалық білімдерді қажет етеді. Осыған орай, әр ұлт 
тілінің әлеуметтік қуаты арқылы мәдениет сақталады” [Г.Н. 
Смағұлова, 1998; 146 б.].
Ұлт мәдениетінің сақталуы ұлт тілімен тікелей байланысты. Тілсіз 
мәдениеттің, рухани барлықтың сақталуы мүмкін емес. Тіл мәдени 
информацияны сақтап қана қоймайды, сонымен қатар ол туралы 
білімдерді жинақтап, сұрыптап, қажетінше қайта жаңғыртып 
отырады. Мәселен, тұсау кесер дәстүрімен сабақтас келетін 
адамның дүниеге келуін алайық. Қай халық болмасын, отбасын 
құрып, үй болғаннан кейін нәресте сүюді арман еткен. Бала – 
өмірдің жалғасы, жеміс берер гүлі, жанұяның тірегі. Тілдегі 
бесіксіз үйде береке жоқ, балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар, 
бала тілі – бал, бала – бауыр ет және т.б. бейнелі тіркестер осыған 
дәлел. Баланың, перзенттің дүниеге келуін ерекше табиғат-ана 
сыйы, ұрпақтың, адамзаттың жалғасы деп білген. Сондықтан да 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет