Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет23/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ҚАЗАҚ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ 
НЕГІЗДЕРІ
58
Тіл бірліктерінің астарында ұлт мәдениетінің рухани және 
материалдық қасиеттері, лингвомәдени асыл қазыналары жан-жақты 
көрініс беретіндіктен, бұл мәселенің шешімін іздеуші - этнограф, философ, 
мәдениеттанушы, әлеуметтанушы, психолог ғалымдар да әр дәуірде сан 
алуан ой-пікірлер айтты. Бұл бағытта зерттеудің алғашқы нышандарын 
XVIII-XIX ғасырлардағы немістің мәдениеттанушы-этнограф ғалымы 
Иоган Гердердің еңбектерінен бастау алатынын атауымызға болады. Ол 
ұлттың рухани-мәдени құндылығы – миф, таным-түсінік, тіл, моральдік 
нормалар, әдет-ғұрып, салт-дәстүр қағидаларын уақыт пен кеңістік 
аясында қарастыруға ерекше назар аударды.
Лингвистика тарихында тіл мен мәдениет сабақтастығының ғылыми-
теориялық негізін алғаш рет неміс ғалымы Вильгелм фон Гумбольдт 
алға тартты. Ол рухани және материалдық мәдениеттің ұлттық сипаты 
тек жанды тілде ғана көрініс беретінін, тілдік белгіге ішкі форманың тән 
екендігі және тілдің адам мен қоршаған орта арасын байланыстырушы 
дәнекер қызметінің зор екенін төмендегіше тұжырымдады: «Халықтың 
тілі - оның рухы, ал оның рухы - оның тілі, онсыз және оған тепе-тең 
келетін нәрсені көз алдыңа елестету мүмкін емес» [7, 89].
Тіл мен мәдениет сабақтастығын этнолингвистикалық тұрғыдан 
алғашқылардың бірі болып америкалық ғалымдар Э.Сепир мен 
Б.Уорф зерттеді. Олар жергілікті үндістердің бірнеше тайпаларының 
тілдерін зерттеп, ондағы тілдік элементтерді оның мәдениетімен
антропологиясымен, этностық сипатымен байланыстыра қарастырды. 
Америка үндістерінің тілдік ерекшеліктеріне жүргізілген бұл зерттеуді 
«тілдік ықтималдық пен детерминизм» гипотезасы деп атады. Кейіннен 
бұл тіл білімінде «Уорф гипотезасы» деген атауға ие болды.
Тіл мен мәдениет сабақтастығының Еуропада өсіп-жетілуіне неміс 
ғалымы Лео Вайсгербер де өз үлесін қосты. Оның айтуынша: «Народ 
в ходе своей истории строил свой язык, закладовал в него то, что 
представлялось ему ценным в его внутренних и внешних судьбах, в 
его исторических и географических условиях, в процессе становления 
и роста духовной и материальной культуры для того, чтобы осмыслить 
мир и овладеть им» [8, 19].


Жапарова Аида
59
Қазақ тіл ғылымында тіл мен мәдениет сабақтастығы академик 
Ә.Қайдар бастаған этнолингвистикалық бағытта жан-жақты зерттелуде. 
Бұл – қазақ тіл білімі үшін ұлттың ментальдық ерекшелігін, өткені мен 
бүгінінің іліктес екенін жаңа қырынан таныта бастаған тың саланың 
бірі. Этнолингвистика ғылымының қазақ топырағында қалыптасып 
дамуына, өсіп-өркендеуіне Ә.Қайдар, И.Копыленко, Е.Жанпейісов, 
Ж.Манкеева, Р.Сыздық, Г.Қосымова, Ж.Балтабаева, А.Тымболова, 
Н.Уәлиев, Б.Қалиұлы, Г.Смағұлова, Б.Момынова, Ғ.Аронов, Р.Шойбеков, 
Қ.Ғабитханұлы, Ш.Сейітова, Р.Иманәлиева, К.Күркебаев сияқты ғалымдар 
өз үлестерін қосып келеді. Этнолингвистика туралы сүбелі зерттеу 
жүргізіп, көптеген шәкірт тәрбиелеген Ә.Қайдар бұл тың сала туралы 
ең алғаш әрі нақты, әрі жүйелі тұжырым жасады: «Этнолингвистика – 
этностың нысандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи 
жадында сақталып, тілі арқылы қалыптасып, қорланып, рухани-мәдени 
мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауып келе жатқан 
дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін 
ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген 
тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы» [9, 5].
Ә.Қайдар этнолингвистика ұғымын екі объектінің – этнос пен оның 
тілінің ортасынан туындаған ғылым саласы дей отырып, «этнос» атты 
күрделі ұғымды этнолингвистика мақсатына орай «этнос болмысы», ал 
тілдің орнына «тіл әлемі» деген термин-ұғымдарды қолдануды жөн көреді.
Академик Ә.Қайдар бастаған қазақ ғалымдары этнолингвистика 
ғылымының бүгінгі даму үдерісін «Адам», «Қоғам», «Табиғат» үштігінде 
қарастырып, оларды іштей жіліктей отырып, 30 макротопқа, 200 
микротопқа бөліп, үлкен идеографиялық классификация жасап жатқан 
«Қазақтар ана тілі әлемінде» атты төрт томдық этнолингвистикалық 
сөздіктің ғылыми маңызы мен ұлттық құндылығын аса жоғары деп 
бағалаймыз [10].
Бұл салада Е.Жанпейісовтің қазақтың этномәдени лексикасына 
тарихи-лингвистикалық тұрғыдан зерттеу жүргізіп, көптеген пассив 
қабатқа енген көнерген сөздер мен тіркестерге сан алуан қырынан жаңа 
нәр беріп, этномәдени сипатын ашып көрсеткен монографиясы мен 
еңбектерінің құны аса зор.


ҚАЗАҚ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ 
НЕГІЗДЕРІ
60
Жалпы, 
ұлт 
мәдениетінің 
рухани 
және 
материалдық 
лексикасын кешендік сипатта зерделеуде этнолингвистика мен 
лингвомәдениеттанудың бүгінгі тіл ғылымындағы когнитивті 
лингвистика, әлеуметтік тіл білімі, концептология, семантика, этимология, 
тіл тарихы, диалектология, прагматика сияқты тың бағыттармен тығыз 
сабақтастықта зерттелуі бұл пәндердің ғылыми мазмұнынан мол ақпар 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет