Кайдарова Гулайым Қаблақатқызы
81
Біз қазақ тілі біліміндегі үндестік заңының құрамында қарастырылып
жүрген дыбыс үндестігіне де тоқталмаймыз. Біз үшін
қазақ тіліндегі
буын үндестігіне қатысты мәліметтер маңызды болып табылады.
Қазақ (түркі) сингармонизмінің зерттелу тарихында «Радлов дәуірінің»
(ХІХ ғ.) орны бөлек. Өйткені сингармонизм жайлы мәліметтердің бастау
көзі сол кезден басталады. Сол кездегі зерттеушілердің бәрі дерлік
сингармонизмнің фонетикалық сипатын, яғни сөздердің бір келкі жуан
немесе біркелкі жіңішке айтылатынын аңғарған, В.Радлов болса, оның
фонологиялық қызметін де яғни сөзқұрауыштық рөлін көрсеткен.
Ол кезде қазақ тілінің негізгі зерттелім көзі ретінде оның естілім
үлгілері пайдаланылды. Сондықтан да сөз қалай айтылса, солай хатқа
түсіріліп отырды. Мұның өзі сөздің фонетикалық тұрпатын,
әсіресе
жуан-жіңішкелік үлгілерін, дәл пайымдауға мүмкіндік берді. Ал сөздің
еріндік айтылымына келгенде зерттеушілер қалдырған мәліметтерде
ала-ғұлалық байқалады.
Екі-үш буынды түбір сөздердің еріндік үлгісі түгел сақталғанымен,
қосымшаларға келгенде бірде белгіленіп, бірде белгіленбей қалған.
Соған қарамай көп буынды сөздердің құрамындағы еріндік буындар
аяғына дейін таңбаланған мысалдарды көптеп табуға болады.
Зерттеушілер өздері пайдаланған жазу үлгісін қазақ тіліндегі үндесім
заңдылығына әрқашан икемдеп отыруға тырысқан. Соның нәтижесінде
олар қалдырған жазу үлгісінен қазақ сөздерінің
сол кездегі айтылым
үлгісінің фонетикалық ерекшеліктерінен мол хабардар болуға болады.
Дегенмен, қазақ сөзінің, буынының, дыбыс тіркесінің,
сондай-
ақ сөз құрамындағы дыбыстардың артикуляциясы жайлы ішінәра
ғана мәліметтер кездестіреміз. Оның үстіне сол бар мәліметтердің
өзі сингармонизм тұрғысынан сипатталмай,
бірлі-жарым негізгі
артикуляциялық белгілері ғана сөз болған.
Енді болса, қолымыздағы жазба мәліметтерге сүйене отырып,
қазақ сөзінің артикуляциялық пішіндемесін жасап, соның негізінде
сингармонизмнің сөз, буын, дыбыс тіркесі және дыбыс деңгейіндегі
сипаттамасын беретін боламыз. Мұның өзі
сол кездегі сингармонизм
заңы теория жүзінде қалыптаса қоймаса да қазақ тілінің негізгі