Қортабаева Г.Қ
65
«кең қыcтау», «ұлан байтақ қыстау» деген шаруашылық өмірінен алынған
географиялық атау деген пікірі М.С.Буйнаковский
көзқарасымен
ұштасып жатыр .
Академик М.С.Буйнаковский «Маңғыстау және Үстірттің физикалық
географиясы» деген кітапшасында: «А.Б.Борнеман и М.Д. Спиридинов
пишут: Правильно называть этот полуостров не Мангишлак а Маңғыстау,
как его и называет все местные казахское население, что означает 1000
кстау – зимовок или вечная кстау». В
слове же Мангишлак искажено
введено узбекское слова «кишлак» чуждое казахскому населению» [3, 67].
Қазіргі Маңғыстау жерінде «ман» деген түбірдің ертеден қалыптасқан
сөз екенін «Маната» (үлкен), Отман (биіктен от
жағып, қарауыл
қарайтын тау басы), «Маңсуалмас» (мол сулы құдық) деген жер атаулары
дәлелдейді. Маңғыстаудың ең биік шоқысы Отпан тау болып есептеледі.
Жаугершілік заманда ел іргесіне жау тигенде адайлар Отпан тау басына
от жағып белгі берген. Оны көрген батырлар келісімді жерге жиылып,
бас біріктіріп, жауға соққы берген. Сондықтан Отпан тау ел бірлігінің
символы болып келді. Зерттеуші Б.Көшімова пан/ман-үндіевропалық тау
деген сөз, мағынасы «от тауы» дегенді білдіретінін айтады [4,186].
Х ғасырда өмір сүрген белгілі араб географы Әл-Истахри Сиях-
Кух Маңғыстау туралы: «Мен бұл аймақта
Сиях-Кухтан басқа адам
мекендейтін жерді білмеймін. Тек сол өңірде ғана түркілердің бір тайпасы
тұрады, олар бұл жерге оғыздармен болған қақтығыстардан кейін қоныс
аударып әдеттерін игеріп, тұрақтап қалды» деп жазған.
Ибн Наджиф Бекран: «Маңғышлақ – түркілердің бір тайпасы, олар
осы жерге оғыздармен болған татуластық салдарынан қоныс аударып
бескүн шығанағына жаяу жерге Сиях-Кухтан қоныс тапты.
Оларды
маңғышлақтың адамдары деп атайды, олардың өз билеушісі бар, оны хан
деп атайды» деп жазыпты.
Араб-мұсылман дәуірінің авторларына тән олқылық – олардың бір
аймақ туралы уақыт өзгеруіне қарамастан бірінікін бірін пайдалана беру
үрдісі болғанымен, Бекран Әл-Истахрид көшіре отырып, оған толықтыру
енгізген. Бұл толықтыру – Маңғыстау түбегін және оған жапсарлас
аймақтарды оғыздарға дейінгі мекендеген белгісіз тайпаның маңғышлақ
деп аталуы.