Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет36/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫНДАҒЫ СИНГАРМОНИЗМ
ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА
92
басым деп бағалаған. Шындығында да, қазіргі зерттеулердің нәтижесіне 
сүйенетін болсақ, онда дауыссыздардың жуан-жіңішкелік белгілері қазақ 
тілінің құрылымдық ерекшелігін көрсететін бірліктер болып табылады.
Сөздіктер мен оқулықтардың құрамындағы лексикалық материалды 
талдай отырып, үндесімге қатысты көптеген бірегей сөздер табылды. Біз 
тек қазақ сөзінің бірегей үндесім үлгілерін көрсететін сөздерден ғана 
мысалдар келтіріп отыруды жөн көрдік.
Сөйтіп сингармонизм қазақ тіліндегі күрделі құбылыс ретінде сөздің 
просодикалық белгісі екен, ол сөздің құрамындағы дыбыстардың бәрін 
қамтиды, соның нәтижесінде дыбыстардың басы бірігіп, бүтін бір сөзге 
айналады. Ендеше қазақ сөзі тек сингармонизм арқылы ғана дұрыс 
айтылады, сингармонизм арқылы ғана дұрыс танылады.
Алайда қазіргі қазақ тіл білімінде, оқулықтар мен оқу-құралдарында 
үндестік заңын тек дауыстылармен байланыстыру басым, тіптен үндестік 
заңына қатысты дауыссыздар ескерілмей қалып жатады. 
Сингармонизм теориясының өзіндік пән ретіндегі қалыптасқан 
дәуірі өткен ғасырдың соңы болды. Қазақ тілтанымында сингармонизм 
құбылысына арналған зерттеулердің көпшілігі осы кезде пайда болды. 
Сингармонизм құбылысы түркі, оның ішінде қазақ, тілі үшін бірегей 
белгі ретінде танылып, оның басты лингвистикалық қызметі ретінде 
сөзқұрауыштық (просодикалық) рөлін ғалымдар жаппай мойындады. 
Қазақ тіліндегі дыбыс талданым сингармонизм тұрғысынан қолға 
алынды. Мұның өзі қазақ тіліндегі байқалмай келген жаңа фонетикалық 
құбылыстардың басын ашуға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде 
қазақ тілінің дыбыс құрамы жаңаша анықталып, оның жүйесі жаңаша 
сипатталып шықты.
Бертін келе сингармонизм құбылысына деген көзқарас едәуір өзгерді. 
Ең бастысы сингармонизм сөздің бүкіл өнбойына тән просодикалық 
бірлік деп қаралды. Ондай жағдайда сөз құрамындағы буындар немесе 
түбір мен қосымшалар алдыңғы сегментке қарап үндесіп отырады деген 
анықтама жоққа шығарылады. Сондықтан сөз құрамындағы буын 
реті (буын мен буын) мен түбір-қосымша тіркестерінің өзара үндесу 
заңдылықтары синтагматикалық (тіркестік) құбылыс деп қаралмайды.


Кайдарова Гулайым Қаблақатқызы
93
Сонан соң іргелес дыбыстардың өзара үндесуі (қатаңнан кейін қатаң, 
ұяңнан кейін ұяң, үндіден кейін үнді) сингармонизм құбылысының 
құрамынан алынып тасталды. 
Соның нәтижесінде қазақ тіліндегі үндесу құбылысы екіге бөлінді: 
сөздің өнбойына тән үндесу сингармонизмге жатқызылды да сөздің 
әуез тұрқына қарай үндесім деп аталды; ал іргелес дыбыстардың өзара 
үндесуі сингармонизмнен шығарылды да дыбыстың әуез тұрқына 
қарай үйлесім деп аталды. Үндесім құбылысы сөзге тән просодикалық 
бірлік яғни жоғары сөздік деңгейге тән болса, үйлесім құбылысы 
дыбысқа тән ассимилятив бірлік яғни төмен дыбыстық деңгейге тән 
деп қарастырылады. Тілдегі екі деңгейге (просодика және сегмент) 
тән құбылыстарды бір ұғымға сыйғызуға болмайды деген көзқарас 
қалыптасты.
Сөз артикуляциясы құрамындағы дыбыстардың артикуляциясынан 
құралады. Сондықтан сөз артикуляциясын бір тұтас құрылым деп қарауға 
болады, басқаша айтқанда дыбыстардың өз ара үйлескен артикуляциялық 
тізбегі сөз артикуляциясы болып шығады. Алайда дыбыстың негізгі 
артикуляциясының сөз артикуляциясына еш қатысы жоғы байқалды. 
Сөз артикуляциясының көрсеткіші ретінде дыбыстардың үстеме 
артикуляциясына қатысты белгілер пайдаланылады.
Алдымен сөз құрамындағы дыбыстардың үстеме белгілері 
артикуляциялық және естілім тұрғысынан анықталады, оның үлгілері 
әртүрлі болып шығады: үндесім әуезінің ішкі құрылымына қарай 
артикуляциясы кейінді-ілгерінді, ашық езу-қысаң езу-емеурін езу-доғал 
ерін-сүйір ерін болып келеді; естілім әуезінің ішкі құрылымына қарай 
жуан езулік-жіңішке езулік-жуан еріндік-жіңішке еріндік болып келеді. 
Сонда сөздің жалпы артикуляциялық тізбегінің әуез артикуляциясы мен 
естілімі осы белгілердің араласымынан құралады. Әуез белгілердің саны 
көп болғандықтан олардың араласым мүмкіндігі де мол. 
Тарихи фонетика теориясы тұрғысынан дыбыстар, буындар, 
сөздердің айтылым үлгісінің даму және қалыптасу желісін көрсетуге, 
сөздердің өткендегі просодикалық айтылым үлгісінің фонетикалық 
бейнесін қалпына келтіруге, тарихи және қазіргі айырым белгілер 
теориясына, дыбыстардың фонологиялық (фонемалық) өрісінің тарылу-


ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫНДАҒЫ СИНГАРМОНИЗМ
ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА
94
кеңею теориясын дамытуға, сөз формасы мен мағынасының түрленуіне 
себеп болатын фонетикалық құбылыстардың басын ашуға қосылған 
үлес болып табылады. Қазақ сөзінің қазіргі айтылым үлгілері мен 
жазба (орфографиялық) үлгілерінің арасындағы қайшылықты реттеуге 
дәлел болады. Қазақ тілінің дыбыс құрамы мен жүйесінің, буын 
түрлері мен олардың дыбыс құрамының, сөз сингармонизмінің үндесім 
варианттарының түрленім жолдарын байыптауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет