Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет33/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫНДАҒЫ СИНГАРМОНИЗМ
ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА
84
В.Радлов «Сөздігінде» кездесетін бір буынды үндесім сөздердің әуез 
түрлері:
-жуан езулік әуезді сөздер: ат, ас, тас, қыс, сыз т.б.
-жіңішке езулік әуезді сөздер: ән, кім, кел, ет, іс т.б. 
-жуан еріндік әуезді сөздер: ұн, құс, он, бол т.б.
-жіңішке еріндік әуезді сөздер: көз, көл, түн, үз, өт т.б.
Екі және көп буынды сөздердің жалаң үндесім әуезінің түрлері 
күрделеніп тарамданып кетеді:
-жуан ашық езулік әуезді сөздер: ата, бала, дайра, нақақ т.б
-жіңішке ашық езулік әуезді сөздер: …
-жуан қысаң езулік әуезді сөздер: тығын, тыйын, қызық т.б.
-жіңішке қысаң езулік әуезді сөздер: тілек, іні, т.б.
-жуан қысаң еріндік әуезді сөздер: отұр, отұн, т.б.
-жіңішке қысаң еріндік әуезді сөздер: түлкү, түймө, түйүн т.б.
Бұл жерде қазақ тілтанымындағы соңғы зерттеулердің нәтижесіне 
лайық дауыстылардың құрамында «ашық, еріндік дауысты дыбыстар 
жоқ» деген пікірді ұстанып отырмыз. Ал осы бүгінге дейін еріндік, 
ашық дауысты деп жүрген дыбыстарымыз дифтонг дауыстылар болып 
шықты. Дифтонг дауыстылардың басым сыңары қысаң дауыстылар 
болғандықтан оларды қысаң әуезді топтағы сөздердің құрамына енгізіп 
отырмыз.
Қазақ тілінің ертедегі зерттелімдерінде сөздердің аралас үндесімі 
де сол айтылым үлгісінде қамтылған. Бір сөздің құрамында екі түрлі 
әуездің тіркес ретінің кездесуі қазақ тілінде жиі кездеседі. Бірақ аралас 
үндесім сөздердің үндесім реті шектеулі болады. Сөздің құрамында жуан 
езулік әуез бен жуан еріндік әуез ғана немесе жіңішке езулік әуез бен 
жіңішке еріндік әуез ғана кездесе береді. Жуан езулік әуез бен жіңішке 
езулік немесе жіңішке еріндік әуездің, жуан еріндік әуез бен жіңішке 
езулік немесе жіңішке еріндік әуездің кездесімі (немесе керісінше) жоқ 
(бұл жерде жазба тілдің әсерінен болып жатқан жасанды сөз әуезін 
ескермейміз).


Кайдарова Гулайым Қаблақатқызы
85
Қазақ тіліндегі жалаң аралас әуезді үндесімнің түрлері:
-жуан езулік әуез бен жуан еріндік әуезді сөздер: алұу, ауұздұқ т.б.
-жуан еріндік әуез бен жуан езулік әуезді сөздер: олар, тұмау т.б.
-жіңішке езулік әуез бен жіңішке еріндік әуезді сөздер: елүу, кетүу 
т.б.
-жіңішке еріндік әуез бен жіңішке езулік әуезді сөздер: күнә, жүдә
т.б.
Соңғы жылдары қазақ фонетикасының атаулар құрамы жан-жақты 
толықтырыла бастады. Соның нәтижесінде көптеген жаңа атаулар пайда 
болды, ол атаулар, негізінен, қазақ тілінің төл сөздері негізінде жасалып 
жатыр. Сонда да болса, олардың мағына-мәні (ұғымы) көпшілікке әлі 
түсінікті бола қойған жоқ. Сондықтан ол атауларға түсініктеме беріп 
кету керек болып отыр.
Бұл тұста біз проф. Ә.Жүнісбек ұсынған атаулар тізбегін ұстанып 
отырмыз. Ғалым, мысалы, дәстүрлі фонетикамызда дыбыстың жасалу 
орнының да, үндесім әуезінің де бір атаумен аталып келе жатқанын айта 
келіп, оны екіге бөлуді ұсынады: дыбыстың жасалу орны қосымшасыз 
(ерін дауысты – губной гласный, ерін дауыссыз – губной согласный 
т.б.), ал үндесім әуезі қосымша арқылы (еріндік дауысты – огубленный 
гласный, еріндік дауыссыз – огубленный согласный). Сөйтіп қазақ 
фонетикасындағы термин-атауларды жүйелеудің бір тәсілі ретінде 
қабылдадық.
Үндесім (сингармонизм)
Үндесім дыбыс 
Үндесім дауысты 
Үндесім дауыссыз 
Жалаң үндесім 
Аралас үндесім 


ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫНДАҒЫ СИНГАРМОНИЗМ
ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА
86
Фонетикалық үндесім (сингармонизм)
Ерін[дік] 
Ерін[дік] үндесім 
Ерін[дік] үндесім дауысты 
Ерін[дік] үндесім дауыссыз 
Езу[лік] 
Езу[лік] үндесім
Езу[лік] үндесім дауысты 
Езу[лік] үндесім дауыссыз 
Езу[лік]-ерін[дік] үндесім 
Ерін[дік]-езу[лік] үндесім 
Еріндік – 
Еріндік дауыссыз 
Әуез 
Езу[лік] әуез 
Ерін[дік] әуез 
Жуан езу[лік] әуез 
Жіңішке езу[лік] әуез 
Жуан ерін[дік] әуез 
Жіңішке ерін[дік] әуез 
Жуан ерін[дік]-езу[лік] әуез 
Жіңішке ерін[дік]-езу[лік] әуез 
Жуан езу[лік]-ерін[дік] әуез 
Жіңішке езу[лік]-ерін[дік] әуез 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет