ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІМЕН
САБАҚТАСТЫҒЫ
102
Жаңбыр болсын, қар болсын – жалпы алғанда «жауын» болып
айтылады. Сондықтан мына қос сөздегі мағына мен шыққан тегі белгісіз
болып отырғаны - «шашын» сөзі қазақтарда
қос сөз құрамында ғана
кездескенімен, тува сияқты түркі тілінде: «чаъс» немесе «чаашкын» -
«жаңбыр» мағынасында айтылуымен ғана тынбай, кейінгі «чааскын»
тіркесі қар, жаңбыр, шық, ылғал сияқтылардың бәріне де қолданылады.
Қырғыз, ұйғыр, өзбек тілдерінде де «шашын» тіркесі жеке қолданылмай,
дәл біздегідей қос сөз құрамында ғана кездеседі.
Ағайын-анжы, айып-анжы. Сыртқы түрі ұқсас болғанымен,
шындығында бұл екеуі екі бөлек сөз. «Ағайын» сөзімен қосарланып
тұрған «анжының» о бастағы тұлғасы - әжі (енжі). Бұл сөз көне түркі
жазбаларында, әсіресе, моңғол тілінде
жазылған нұсқаларда жиі
қолданылғанын көреміз. Негізгі мағынасы – ұзатылған қызға (ұлға емес)
беретін жасау, енші. Ондай енші жер, дүние-мүлік, қызметші, малшы,
жалшы, көрші-қолаң түрінде болған. Академик Б.Я.Владимирцов өзінің
«Моңғолдардың қоғамдық құрылысы» атты кітабында мынадай бір
мәлімет келтіреді: Керей Уан ханның інісі
қызын ұзатқанда таңдаулы
аспазы Әші-Темірмен қоса екі жүз адамды әнжіге берген. Кейін ол
адамдардың біразы жаңа «иелерімен» жақындасып, тіпті қыз алысып,
туыстасып кеткенге ұқсайды. Атақты Шыңғыс ханның нөкерлерінің көбі-
ақ бір кезде әжесіне әнжі болып келгендердің ұрпағы екен. Міне, енді
келіп олар ағайындасып кетеді, яғни, «әнжі» сөзі
көрші-қолаң, жалшы
деген мағыналардан жақын, туыс деген мағыналарға ауыса бастайды,
сөйтіп барып «ағайын» сөзімен синоним құрады. Ағайын деген сөздің
әсерінен «әнжінің» жіңішке дауыстылары жуандап кеткен,
сөйтіп
ол «анжы» тұлғасына ие болған. Қазақ тілінде бұл сөз «ағайынмен»
қосарланып қана жұмсалатын болған.
Ал «айып» сөзімен қосарланып қолданылатын «анжының»
мағынасы мүлде бөлек. Көне түркі жазбаларында «анжы» сөзі (етістік)
айыптау, жазалау мағынасында, ал «анжы» (есім сөз) – айып, күнә,
кіна мағыналарында қолданылғанын көреміз. Яғни бір кезде тілімізде
қолданылған анжы сөзінің орнын кейін арабтан енген айып сөзі басқан
да, ол тек қос сөздің құрамында ғана сақталып, бізге жеткен /6/.