Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет6/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
ЖАРНАМА ТІЛІНІҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
14
болады. Нәтижесінде тұтынушының өнімге деген әрбір қимылы ол үшін 
қажеттілік болып табылады. Көп жағдайда жарнама сатып алуға бірдеңе 
түрткі болып, есте сақтау арқылы санада әсер қалдыруы мүмкін. Кейін 
осы процесс өнімді сатып алуға себеп болады. 
Жарнама адамдардың көңілін аударса, онда ол есте тез сақталады. 
Ол үшін жарнамалар мәтінінде аз сөз қолданып, түрлі-түсті айқын 
суреттермен басқа да көрнекі құралдарды ұтымды, тиімді, дәл қолдана 
білу керек. 
Есте сақтау қабілеттерінің ерекшеліктеріне қарай адамдар жекелеген 
топтарға бөлінеді: а) кейбір адамдар көзбен көретін жарнамаларды 
жақсы сақтайды; б) қайсыбіреулері есту; б) енді біреулері қозғалыстағы 
жарнамаларды естерінде жақсы сақтайды. 
Жарнамалардың әлеуметтік психологиялық факторлары. Жарнама 
тек қана экономика емес, сонымен қатар әлеуметтік психологиялық 
заңдарға да бағынады. 
Адамдардың сұранымы үнемі бірқалыпты болып тұрмайды. Ол үнемі 
үздіксіз өзгеріс үстінде болады. Бұл өзгерістер тек қана табыстың өсу 
деңгейімен ғана байланысты емес. Ол белгілі бір психологиялық әсердің 
және техникалық прогрестің әсерінен де болуы мүмкін. Адамдардың 
сұранымына өзгеріс енгізуде жарнама үлкен қызмет атқарады. Айталық, 
оның мамандығы, білімі, жынысы, жасы сияқты факторлар да өз әсерін 
тигізеді. Олар зерттеуде әлеуметтік процестердің біршама ерекшеліктерін 
еске ұстауды қажет етеді. Басты ерекшелік таным обьектісінің тұлға 
немесе әлеуметтік топ екендігінде. Кез-келген әлеуметтік процеске 
қатынасушылар ешқашан бірқалыпты болмайды. Тұтынушы қоғаммен 
белгілі бір қатынастағы оның бір бөлшегі болып саналады. Адамдардың 
бір-бірімен қарым-қатынасы олардың психикасының қалыптасуының 
негізгі факторы болып табылады. 
Жарнаманы зерттеу барысындағы кейбір жасына, жынысына, 
қызметіне, тұрғындардың ұлттық құрамына байланысты социологиялық 
деректер статистикалық және мұрағаттық материалдардан, партиялық, 
кәсіподақтық, құжаттардан, санақ материалдарынан алынады. 


Асанбаева Сәуле Асанбайқызы
15
Жарнама алдымен адамдардың ақылы мен сезіміне әсер ету керек. Оның 
психологиялық әсерінің нәтижесінде жасалған іс-әрекет адамдардың 
жеке еркі бойынша жасалған сияқты болуы тиіс. Кейбір адамдар өздерінің 
ойларында, көзқарастарында тұрақсыздық білдіреді. Мұндай адамдарды 
психология ғылымында белсенді адамдар деп атайды. Олар өмірде жиі 
кездеседі. Сондықтан да жарнама берілген плакат, хабарландырулар
мерзімді баспасөз, теле- және кинофильмдер адамдардың барлық мінез-
құлқына сәйкес жасалынуы керек. Жарнамадағы сөздер мен көріністер, 
суреттер қандай жағдайда болмасын ақылы мен сана-сезіміне жақсы әсер 
етіп, олардың естерінде уқытқа сақталуы үшін сәйкестендірілуі керек. 
Кез-келген жарнама көңіл аудартып, тұтынушыны іс-әрекет жасауға 
ынталандыруы тиіс. Егер жарнамаға көңіл бөлініп, іс-әрекет жасалса
онда жарнаманың мақсатына жеткендігі. 
Жарнаманы көрісімен адам бірден дүкенге кіріп, зат сатып алады деп 
ойламау керек. Өйткені, дәл осы уақытта адам жұмысқа асығып бара 
жатуы немесе ақшасы жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан жарнама 
сол затты сатып алғанша есте тұруы тиіс. 
Жарнама құрастырушы адам тұтынушылардың назарын аударту 
жолдары мен олардың жарнама мәтінін тез түсінуін, есте сақтау 
процестерін жетік білген жөн. Жарнаманың нәтижесін белгілі бір 
псилогиялық процестер жиынтығы ретінде түсінуге болады. Олар: 
назар аударту, қызығушылық туғызу, сезімге берілу, еске сақтау, шешім 
қабылдау, іс-әрекет жасау т.б. 
Сонымен жарнаманың бірінші мақсаты – ынтаны ояндыру 
(ынталандыру). Егер адам үлкен көшеге шықса, онда ол сырғыған 
машиналарды, тротуарды, көшедегі әр түрлі дауыстарды естиді. 
Адамның бұл көріністерді түгел қамтуы мүмкін емес. Егер белгілі 
бір нысана назар аудартарлық жағдайда болса, онда ол басқа жалпы 
әсерлерден ерекшеленіп, адамның сезу мүшелеріне әсер ете бастағаны: 
көреді, сезінеді. Жарнаманың мақсаты негізінен, назар аудартуда. Назар 
аударту көптеген жолдармен жүзеге асады. Мысалы, газеттің майда 
хабарларының арасынан біз ең алдымен көзге жақсы көрінетін жуан 
қара жиекпен берілген хабарландыруды тез байқаймыз. Көлемі жағынан 
ерекшеленіп тұратын жарнама көптеген материалдардың аумағындағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет