Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет9/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ 
ЕМЛЕСІ ЖАЙЫНДА
24
өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді біліп, 
әрқайсысын өз орнына тұтыну; екіншіден, сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс 
септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру; үшіншіден, сөйлемдерді 
бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс 
орындастыру» [1,150-б.],- деп атап көрсеткен екен. 
Дүниенің тілдік бейнесі тілдік бірліктер арқылы жасалып, тілдің 
ұлттық ерекшелігі ретінде лексикада көрініс табады, оны адамның қатынас 
құралына айналдыратын - тіл табиғатын танытатын грамматикалық амал-
тәсілдер, заңдар, шарттар. А.Байтұрсынұлы: «Тілдің міндеті – ақылдың 
аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін 
түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, 
тіл шама-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы 
қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде көңілдің 
түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп 
шеберлік керек» [1,141-б.], -деп, тілді қолдана білуге үлкен мән бергені 
белгілі. Ғалымның пайымдауынша, тілді қолдана білу - айтатын ойға 
сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білу және сол сөздерді сөйлем ішінде 
орын-орнына дұрыстап қоя білу» [1,149-150-бб.]
А. Байтұрсынұлы «Қазақша сөз жазушыларға» атты еңбегінде 
аталған ойларын таратып түсіндіреді. Ғалымның пайымдауынша, тілді 
қисынын келтіріп қолдану емлеге сүйенеді, ал емле тілдің табиғатына 
сай болу қажает. «Емле - жазу үшін шығарылған нәрсе, жазу - тіл үшін 
шығарылған нәрсе. Олай болса, тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, 
емлені тілге ыңғайлау керек».
Сөйтіп,тілдің қисынын келістіретін әр сөздің, әр сөйлемнің 
білдіретін мағынасының көңілге қонымдылығы оны құрап тұрған 
сөздердің тұлғалық және синтаксистік жақтан үйлесімді қолданылуы 
екен А. Байтұрсынұлы оның да жолдарын көрсеткен, ол - «сөздердің 
тұлғасын мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты 
нәрселерді біліп, әрқайсысын өз орнына тұтыну». Бұл тұжырым сөйлемде 
сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, 
өзі жалғанған сөзге әртүрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді 
байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің парадигмалық түрлену 
жүйесінің бірі - септік жалғауларына көбірек қатысты болатыны белгілі.


Атабаева М.С., Абдирасилова Г. Қ
25
С.Исаев септік жалғауларының мәнін ашатындай тұжырымды бір 
анықтама беру қиын деп есептейді, өйткені септік жалғаулары зат пен 
қимыл, зат пен зат, зат пен сын арасындағы субъекті-предикаттық, тура 
және жанама объктілік, меншіктілік, мекендік-мезгілдік, көлемдік, 
амалдық-құралдық тәрізді алуан түрлі қатынастарды жүзеге асырады. Бұл 
қатынастарды кейде өзі тікелей ұйымдастырса, кейде тәуелдік жалғауы, 
жіктік жалғауымен байланысып барып атқарады. Осы қызметтеріне 
орай, С. Исаев қазақ тілі грамматикаларында септік жалғауына 
берілген анықтамаларды сараптай келе былайша түйіндейді: «...септік 
жалғауларына (категориясына) зат пен оның іс-әрекеті (қимылы), я зат 
пен заттың (сынның) арасындағы субъектілік, объектілік, меншіктілік-
қатыстық, мекендік-мезгілдік, көлемдік, амалдық-құралдық, себеп-
мақсаттық сияқты қатынастарды білдіріп, заттық мән үстеп тұратын 
түрлену тұлғасы деген анықтама беруге болады. Септік жалғау 
жүйесінің басқа жалғаулардан күрделілігі де осында» [2,120-121-бб.]. 
Белгілі ұлттық ұжымда қалыптасқан тілді тұтынушының санасындағы 
грамматикалық құрылымнан әр тілдің өзіндік ерекшелігі, ұлттық 
дүниетанымы көрінеді, сондықтан әлемнің тілдік бейнесін жасауда 
грамматикалық категориялар маңызды болады. Осындай ерекшелігі мол 
категория қатарына септік категориясы жатқызылады. Септік қатегориясы 
болмыстағы нысандардың арақатынасы туралы білімдерге негізделеді, 
өйткені септік категориясы адамның қарым-қатынас барысындағы түрлі 
қатынастарды зерделеп құруы нәтижесінде пайда болады О.Жұбаеваның 
пайымдауынша, септік категориясының мазмұны тілдік қатынастардың 
қалай пайда болғанын білдіріп, ғалам туралы білімді, олардың тілде қалай 
көрініс тапқанын, морфологиялық септік категориясында тоғысатын 
грамматикалық мағыналар мен көрсеткіштерді қамту, морфологиялық
жолмен берілетін қатынас туралы энциклопедиялық білімдердің тілде 
қалай кодталатынын көрсету [3, 258-259-бб.].
Сөздердің 
синтетикалық 
байланысу 
тәсілдерінде 
септік 
жалғауларының рөлі басқа жалғау түрлеріне қарағанда күрделірек. 
Септік жалғаулары жалғанған сөздер өздері тіркесетін сөздермен 
біріншіден, сабақтаса байланысса, екіншіден, сол байланыстың 
нәтижесінде қосымша грамматикалық мағынаға ие болады. Сондай-ақ, 
септік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырумен қатар, түрлі-түрлі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет