ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІМЕН
САБАҚТАСТЫҒЫ
104
Терсек сөзінің этимологиясы терімен байланысты болса керек.
Соңғы –сек бөлігі сөз тудырушы қосымша болуы мүмкін, өйткені, көне
жазбаларда мұндай сөз тудырушы қосымша бар/4. 117/.
Қазіргі түркі тілдерінің бірқатарында бұл қос сөз тұтас қолданылады.
Ұйғыр тілінде төмүр-тесәк,
қырғыз тілінде темир-тезек, т.б. /7. 101/.
Ойрот тілінде терсек-терсийек – тышқан (крот) мағынасында жұмсалады.
Жас-желең, жігіт-желең, кәрі-құртаң, бала-шаға
Әйгерім, Кәкітай, Ербол, Баймағамбет!
Сен төртеуің, ендеше
ауылдағы анау көрші малшылар қорасындағы барлық үйлердің шал-
кемпірлерін, жас-желеңін түгел жиып әкеліп, бұлардың ән-сауығын
бірге тыңдаңдар. /М.Ә. /. Бүгінгі күн осындай ғып, дақпыртын көрген
кәрі-құртаң, жігіт-желең, қатын-бала, әрине бұл уақиғаны оңайлықпен
ұмытпайды /М.Ә./. Әйел, бала-шағаңыз бар шығар? /Х.Е./
«Қазіргі қазақ тілінде» желең башқырлардың ауызекі тілінде (йелен)
жігіт деген мағынада қолданылады делінген. Онда Н.К.Дмитриевтің
еңбегіне сүйенеді. Ал
қазіргі тілімізде желең, желбегей сөздері жеңіл,
ашық (киім кию) мағынасында жұмсалады. Қазақ тілінде жас келін,
келіншектер жамылып жүретін шапанды желек деп атауы да осы
мағыналардан шықса керек. Және бір ерекшелігі – желең жас сөзімен
қатарлас жүреді, оған жеңіл, сауық, ойын мағыналарын үстеп отырады.
Желең сөзінің кейде жеңіл киім
мағынасында жұмсалуы да сол
мағынасына байланысты болар, ал шыққан тектері бір деп жорамалдауға
болады. Әсіресе көркем әдебиетте сөздердің ауыспалы не үстеме
мағынада жұмсалуы жиі кездеседі.
Сол кезде шақша сақалды бір кісінің бешпетшең желең келе жатқанын
көріп, жұрттың бәрі соған қарап жымиып күледі /Т.А./. Енді міне желек
астында желігін жасыра алмай, күнде-күнде ән шырқап, төбеме ойнап
отыр /М.Ә./.
Бұл сөздердің бұрынғы кезде тіпті желмен түбірлес болуы да
ықтимал. Бұл пікірді, әрине, үзілді-кесілді дұрыс деп айтуға болмайды,
өйткені, нақты дәлел жоқ. Бұл тек жорамал ғана. «Құртаң» сөзі туралы да
үзілді-кесілді пікір айту қиын. Қазіргі қазақ тілі кітабында «кәрі-құртаң»
тек малмен байланысты ғана қолданылады, құртаң сөзі құрттан шыққан