Кайдарова Гулайым Қаблақатқызы
93
Сонан соң іргелес дыбыстардың өзара үндесуі (қатаңнан кейін қатаң,
ұяңнан кейін ұяң, үндіден кейін үнді) сингармонизм құбылысының
құрамынан алынып тасталды.
Соның нәтижесінде қазақ тіліндегі үндесу құбылысы екіге бөлінді:
сөздің өнбойына тән үндесу сингармонизмге жатқызылды да сөздің
әуез тұрқына қарай үндесім деп аталды; ал іргелес дыбыстардың өзара
үндесуі сингармонизмнен шығарылды да
дыбыстың әуез тұрқына
қарай үйлесім деп аталды. Үндесім құбылысы сөзге тән просодикалық
бірлік яғни жоғары сөздік деңгейге тән болса, үйлесім құбылысы
дыбысқа тән ассимилятив бірлік яғни төмен дыбыстық деңгейге тән
деп қарастырылады. Тілдегі екі деңгейге (просодика және сегмент)
тән құбылыстарды бір ұғымға сыйғызуға
болмайды деген көзқарас
қалыптасты.
Сөз артикуляциясы құрамындағы дыбыстардың артикуляциясынан
құралады. Сондықтан сөз артикуляциясын бір тұтас құрылым деп қарауға
болады, басқаша айтқанда дыбыстардың өз ара үйлескен артикуляциялық
тізбегі сөз артикуляциясы болып шығады. Алайда дыбыстың негізгі
артикуляциясының сөз артикуляциясына еш қатысы жоғы байқалды.
Сөз артикуляциясының көрсеткіші ретінде дыбыстардың үстеме
артикуляциясына қатысты белгілер пайдаланылады.
Алдымен сөз құрамындағы дыбыстардың үстеме белгілері
артикуляциялық және естілім тұрғысынан анықталады, оның үлгілері
әртүрлі болып шығады: үндесім әуезінің
ішкі құрылымына қарай
артикуляциясы кейінді-ілгерінді, ашық езу-қысаң езу-емеурін езу-доғал
ерін-сүйір ерін болып келеді; естілім әуезінің ішкі құрылымына қарай
жуан езулік-жіңішке езулік-жуан еріндік-жіңішке еріндік болып келеді.
Сонда сөздің жалпы артикуляциялық тізбегінің әуез артикуляциясы мен
естілімі осы белгілердің араласымынан құралады. Әуез белгілердің саны
көп болғандықтан олардың араласым мүмкіндігі де мол.
Тарихи фонетика теориясы тұрғысынан дыбыстар, буындар,
сөздердің айтылым үлгісінің даму және қалыптасу желісін көрсетуге,
сөздердің өткендегі просодикалық айтылым үлгісінің фонетикалық
бейнесін
қалпына келтіруге, тарихи және қазіргі айырым белгілер
теориясына, дыбыстардың фонологиялық (фонемалық) өрісінің тарылу-
ҚАЗАҚ ФОНЕТИКАСЫНДАҒЫ СИНГАРМОНИЗМ
ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА
94
кеңею теориясын дамытуға, сөз формасы мен мағынасының түрленуіне
себеп болатын фонетикалық құбылыстардың
басын ашуға қосылған
үлес болып табылады. Қазақ сөзінің қазіргі айтылым үлгілері мен
жазба (орфографиялық) үлгілерінің арасындағы қайшылықты реттеуге
дәлел болады. Қазақ тілінің дыбыс құрамы мен жүйесінің, буын
түрлері мен олардың дыбыс құрамының, сөз сингармонизмінің үндесім
варианттарының түрленім жолдарын байыптауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: