Қазақ тілінің семантикасы



бет4/6
Дата18.10.2023
өлшемі146,5 Kb.
#118653
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Семантика Дәрістер-2

2. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР
2.1. “Қазақ тілі семантикасы” пәні, маңызы, сөз табиғатын танудағы мәні, өзге пәндермен байланысы, зерттелуі. ..................................................... 2 сағат.
Қазақ тілі семантикасы пәнінің мақсаты мен міндеті, өзге пәндермен байланысы, сабақтастығы, семантиканың сөздің мағынасын танудағы мәні мен маңызы, қазақ тіл білімінде, түркі тіл білімінде, жалпы тіл біліміндегі зерттелуі айтылады.

2.2. Семантика термині туралы. Сема мен семема ............................... 2 сағат.


Семантика термині, анықтамасы. Семантиканың зерттелуіндегі басты бағыттар. Сема, семема туралы түсінік. Семантика туралы ғалымдардың ғылыми көзқарастары.

2.3. Мағына түрлері: лексикалық мағына, грамматикалық мағына және сөзжасамдық мағына. ..................................................... 2 сағат.


Мағына – семантиканың негізгі зерттеу нысаны. Лексикалық мағына, грамматикалық мағынаға, сөзжасамдық мағынаға жеке-жеке түсінік беру. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы. Сөз мағынасын айырудағы семалық бөлшектердің маңызы туралы,
2.4. Лексикалық мағынаның құрылымы. ..................................................... 2 сағат.
Сөздің лексикалық мағынасы туралы. Сөз мағынасының негізгі және ауыспалы мағынасы. Окказиональды және контекстік мағыналар. Фразеологиялық мағыналар мен теңеулер, олардың мағыналық өзгерісі, ауыспалы мағынаның қалыптасуының абстрактылы ойлаумен байланысы.
2.5. Макрожүйедегі мағыналық құрылым. ............................... ...... 2 сағат.
Сөз мағынасының макрожүйесі мен микрожүйесі. Макрожүйедегі мағыналық құрылым. Денотаттық, сигнификаттық, коннатациялық мағыналар. Оларға жеке-жеке түсінік беру, анықтамасы. Қазақ тіл біліміндегі зерттелуі. Макрожүйе туралы М.Оразовтың пікірі.

2.6. Микрожүйедегі мағыналық құрылым. ..................................................... 2 сағат.


Микрожүйедегі мағыналық құрылым. Оларға жеке-жеке түсінік беру, анықтамасы. Қазақ тіл біліміндегі зерттелуі. Микрожүйе туралы М.Оразовтың, Б.Қалиевтің пікірлері. Архисема, өзексема, арнайы сема, ортақ сема, негізгі семаларға анықтама беру.
2.7. Тілдегі таңба теориясы туралы. ..................................................... 2 сағат.
Жалпы тіл біліміндегі таңба теориясына шолу. Ф.де Соссюр еңбегіндегі таңба теориясын талдау. Ондағы семантикалық жүйеге берілетін анықтаманы зерделеу. Зат-ұғым-атау үштігі туралы тұжырым. Атаудың қойылуындағы мағынаның ролі мен маңызы. Тыңдаушы мен айтушының арасындағы қарым-қатынас пен түсіністік туралы.
2.8.Семантикалық үшбұрыш туралы теориялар. ........... 2 сағат.
Семантикалық үшбұрыш туралы ғылыми пікірлдер. Аллендроф, Сепир, Уорф зерттеулері туралы. Семантикалық үшбұрышқа нақты тілдік деректер келтіру арқылы теорияны түсіну, зерделеу.

2.9. Денотаттық (заттық) мағына. ..................................................... 2 сағат.


Тіл біліміндегі денотаттық мағынаға берілген анықтамалар мен зерттелуіне шолу жасау. Денотаттық мағынаға тілдік деректер арқылы талдау жасау. Денотат пен денотаттық мағына, зат пен ұғым арасындағы байланысты түсіндіру. Идеальды денотат пен оның негізгі белгілері туралы.

2.10. Сигнификаттық (ұғымдық) мағына. ..................................................... 2 сағат.


Тіл біліміндегі сигинификаттық мағына мен оған берілген анықтамаларға шолу жасау. Сигнификаттық мағынаға тілдік деректер негізінде талдау жасау. Сигнификат пен сигнификаттық мағына, зат пен ұғым, ой мен ұғым арасындағы байлавнысты түсіндіру. Сигнификаттық мағынаның сөз таптарының мағыналарына қатысын саралау.

2.11. Коннатациялық (сезімдік) мағына. ..................................................... 2 сағат.


Тіл біліміндегі коннатациялық мағынаға берілген анықтамалар мен түсініктерге, зерттелуіне шолу жасау. Коннатация мен коннатациялық мағына туралы. Ойдың бейнесі, сезім мен эмоция туралы. Сөздің бағалауыштық қасиеті туралы. Коннатациялық мағынаның сөйлеудегі көрінісі.

2.12. Ф. де Соссюр тілдік жүйе туралы. ..................................................... 2 сағат.


Ф.де Соссюрдің “Труды по языкознанию” (1977. француз тілінен аударған, түсініктемесін берген А.А. Холодович) атты зерттеуі бойынша “Курс общей лингвистики” деген еңбегінбегі басиы иеорияларды талдауға ұмтылыс жасау. “Тілдің ішкі және сыртқы элементтері” мен “Жалпы принциптер” деп аталатын бөлімдерін талдау, зерделеу.
2.13. В.А. Звегинцев – семантика теориясы туралы.................................. 2 сағат. Звегинцевтің Семасиология. (М., 1957.) атты еңбегінің негізінде оның негізгі ғылыми көзқарастарымен танысу. Семасиологиялық ерекше терминдерін зерделеу.
2.14. О.С.Ахманова – семантика теориясы туралы. .................................. 2 сағат.
Словарь лингвистических терминов. Атты сөздігінің негізінде семантика, сема, семема. Семаның түрлеріне берілген анықтамалармен танысып, олардың байыбына жету. Түсіну.

2.15. Ю. Д.Апресян – семантика теориясы туралы. .................................. 2 сағат. Лексическая семантика атты монографиясының негізінде ғалымның ғылыми көзқарастарымен танысу. Лексикалық семантика, синонимия, көпмағыналық туралы ғылыми тұжырымдарын білу.


2.16. Н.Я. Марр – сөз семантикасы туралы. .................................. 2 сағат.


Марр еңбектерімен танысу. Ғалымның төрт таған теориясының негізгі мәнімен, критериилерімен танысу. Марр еңбектерінің семантика ғылымын Соотношение субъективных и объективных факторов в языке.дағы маңызы. Марр мектебі туралы шолу.
2.17. Г.В.Колшанский – семантика теориясы туралы. ......................... 2 сағат.
Соотношение субъективных и объективных факторов в языке. Деген еңбегімен танысып, оның семантикалық теорияны жасаудағы маңызын түсіну. Тілдегі объективтілілік пен субъективтіліктің мәнін зерделеуге ұмтылу.

2.18. Л.А.Новиков – семантика теориясы туралы. .................................. 2 сағат.


Семантика русского слова деген еңбегі арөқылы семантиканың негізгі заңдарыменг, теориясымен, ғалымның жеке ғылыми көзқарастарымен таны болу.

2.19. А.И.Смирницкий - семантика теориясы туралы. ......................... 2 сағат.


Ғалымның еңбектеріндегі семантика туралы тұжырымдарымен танысу. Оның мектебі, шәкірттері туралы білу.

2.20. Қазақ ғалымдары – семантика теориясы туралы. ....................... 2 сағат.


Қазақ тіл біліміндегі семантика теориясының қалыптаса бастауы туралы. Әртүрлі ғылыми зерттеулерде кездесетін мағыналық туралы. Қ.Жұбанов, К.Аханов, С.Аманжолов, С.Кеңесбаев сөз мағынасы туралы.

2.21. М.Оразов, Е.З. Қажыбеков – семантика теориясы туралы................ 2 сағат.


Семантика теориясының теория ретінде қалыптасуындағы М.Оразов пен Е. Қажыбековтың ролі. Зерттеу жұмыстарын талдау.

2.22. Парадигмалық мағына. .................................. 2 сағат.


Сөздегі парадигмалық қатар, туынды сөздердің парадигмалық қатары. Парадигмалық мағына. Тіл жүйелілігін сақтаудағы маңызы. Парадигмалық мағына туралы ғалымдардың жасаған тұжырымдарына шолу жасап, теориялық қорытынды жасауға ұмтылу.

2.23. Синтагмалық мағына. .................................. 2 сағат.


Сөздегі синтагмалық қатар, туынды сөздердің синтагмалы қатары. Синтагмалық мағына. Тіл жүйелілігін сақтаудағы маңызы. Синтагмалық мағына туралы ғалымдардың жасаған тұжырымдарына шолу жасап, теориялық қорытынды жасауға ұмтылу.
2.24. Тіл бөлшектерінің ішкі мағыналық құрылымы. .................................. 2 сағат.
Кез келген тіл бөлшегінде мағына болуы. Грамматикалық тұлғаның мағынасы, сөздің ленксикалық мағынасы, туынды сөздің сөзжасамдық мағынасы, тұрақты тіркестер мағынасы, сөйлемнің, дискустың мәні туралы.
2.25. Сөз семантикасының уәжділігі. .................................. 2 сағат.
Сөз семантикасының қалыптасуы мен мәні уәжділікпен тығыз байланысты. Уәжділік бар жерде ғана сөз семантикасы дұрыс қалыпты жағдайда қалыптасып, тыңдаушыға түсінікті бола алады.

2.26. Сөздің мағыналық бірліктері мен тұлғаларының арасындағы парадигмалық қатынас. С.Д.Кацнельсон – семантика теориясы туралы. .................................. 2 сағат.


Сөздің мағыналық бірліктері. Парадигмалық қатынас туралы. Кацнельсонның еңбегіне талдау жасау.

2.27. Сөздің мағыналық бірліктері мен тұлғаларының арасындағы синтагмалық қатынас.. 2 сағат.


Сөздің мағыналық бірліктерінің арасында болатын синтагмалық қатынас. Тұлғалар арасындағы синтагмалық қатынасқа нақты тілдік деректер арқылы талдау жасау.
2.28. Сөз мағынасын валенттілік теориясы арқылы танудың жолдары. 2 сағат.
Валентттілік теориясы туралы. Ішкі және сыртқы валенттілік туралы. Валенттіліктің семантика теориясына қатысы. Байланысы. Сөз мағынасын бағалаудағы валенттліктің маңызы туралы.
3. Пайдаланатын әдебиеттер

3.1. НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР





  1. Апресян Ю.Д. Лексическая семантика. – М., 1974.

  2. Васильев Л.М. Семантика русского глагола. –М., 1981.

  3. Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. –М., 1984.

  4. Звегинцев В.А. Семасиология. М., 1957.

  5. Новиков Л.А. Семантика русского слова. –М., 1982.

  6. Оразов М.О. Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы, 1991.

  7. Ф.де Соссюр Труды по языкознанию. М., 1977.

  8. Қазақ тілінің грамматикасы. – Астана, 2002.

  9. Шмелев Д.Н. Проблемы семантического анализа лексики. – М., 1973.

  10. Языковая номинация. – М., 1977.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет