Қазақ тілінің семантикасы



бет3/6
Дата18.10.2023
өлшемі146,5 Kb.
#118653
1   2   3   4   5   6
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

1. Лекциялардың тақырыбы, сағат саны


1.1. “Қазақ тілінің семантикасы” пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, өзге пәндермен байланысы. Семантиканың жалпы тіл білімінде, түркі тіл білімі мен қазақ тіл білімінде зерттелу тарихы. Семантика, мағына мен мән термині туралы. Семантиканың негізгі теориялық ұғымдары мен ғылыми теориялық бағыттары........................................................ 2 сағат.
1.2. Кеңес заманындағы семантикалық зерттеулер мен олардың ерекшеліктері. Қазақ тілші ғалымдары зерттеулеріндегі семантикалық ізденістер. Семантика саласының принциптік ерекшеліктері мен өзгешеліктері. Сөз – лексикалық бірлік. Сөздің екі жақтылығы: дыбыстық және мағыналық сипаты.Сөз семантикасы мен сөйлем семантикасы туралы............................ 2 сағат.
1.3. Тілдік бірліктердің мағыналық құрылымы мен олардың өзгешеліктері: лексикалық мағына, грамматикалық мағына және сөзжасамдық мағына туралы. Сөздің лексикалық мағынасы туралы, зерттелуі, ғылыми әртүрлі тұжырымдар мен бағыттар. Сөз мағынасының лексика-семантикалық топты анықтаудағы ролі мен маңызы. Сөздің лексикалық мағынасының анықталу шегі мен орны........... 2 сағат.
1.4. Сөз мағынасы мен контекст. Сөз мағынасының күрделілігі. Сөздердің тіркесуіндегі семантикалық фактор. Лексикалық мағынаның шындық дүниедегі заттар мен құбылыстарды бейнелеу қызметі................................................ 2 сағат.
1.5. Сөздің грамматикалық мағынасы туралы, зерттелуі, ғылыми тұжырымдар мен бағыттар. Грамматикалық мағынаның табиғаты: абстрактылығы, жалпылығы, дерексіздігі. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның арақатысы мен байланысы. Грамматикалық мағынаның тарихи қалыптасу заңдылығы. Лексикалық мағынаның құрылымы: мағынаның құрылымдық бөлшектері. Сөз семантикасына компоненттік талдау әдісі. Семантикалық үшбұрыш. Ғылыми әртүрлі тұжырымдарға шолу. Функциональды семантика. К.А.Аллендорф болжамы. Дәстүрлі семантикалық үшбұрыш теориясы туралы. А.А. Новиков ұсынған трапеция теориясы туралы.......................... 2 сағат.
1.6. Зат – ұғым – мағына арасындағы байланыс. Сөз семантикасындағы макромағыналар. Сөз мағынасының қалыптасуындағы денотаттық мағынаның маңызы. Денотат (зат) және референт: олардың анықтамасы, ұқсастығы мен ерекшелігі. Ақиқат дүниедегі заттармен құбылыстардың сөз мағынасын түзудегі маңызы. Денотаттық мағына түрлері. Идеальды денотат. Сигнификаттық (ұғымдық) мағына – лексикалық мағынаның құрылымдық элементтерінің бірі. Денотаттан айырмашылығы, жақындық белгілері. ......................................... 2 сағат.
1.7. Сөз семантикасының таным теориясы арқылы түсіндірілуі. Сөз – гнесеологиялық бейне. Танымның объектілігі мен субъектілігі. Сөз мағыналарындағы заттық және ұғымдық мағыналардың арасалмағы. Реляциялық мағына, ерекшелігі.......................................... 2 сағат.
1.8. Сезімдік мағына – лексикалық мағынаның құрылымдық элементтерінің бірі. Ерекшелігі, негізгі белгілері, заттық және ұғымдық мағынадан өзгешелігі мен ұқсастығы. Эмоция мен экспрессия. Айырмашылығы мен мағына туғызудағы өзгешелігі. Эмоция-экспрессивтіліктің сөйлеу процесіне қатыстылығы. Психологиялық ілім – эмоция туралы. Эмоцияның - жекелік сипаты.......... 2 сағат.
1.9. Сөздердің метафоралы мағыналарындағы номинативтік белгі. Фразеологиялық мағынадағы экспрессивті-эмоция. Фразеологизмдердің мағыналық құрылымы. Фразеологизмдердегі субъективизм – ұлттық таным көрінісі. Тұрақты тіркестердегі халықтық таным. Сөз семантикасындағы микрожүйе. Архисема, өзексема, ортақ сема, арнайы сема, жіктелген сема туралы: олардың өзіндік ерекшеліктері, жақындығы, айырмашылығы. Мағыналардың қалыптасу жүйесі мен олардың сақталу заңдылығы. Сөз табиғатын анықтаудағы семалар жүйесінің маңызы. Түбірлес сөздерді айқындаудағы ортақ мағынаның ролі................................ 2 сағат.
1.10. Арнайы семалар құрамындағы өзек сема мен архтисеманың бөлшектерінің сақталу заңдылығы. Семалардың бөлшектенуі – атау жасаудың басты шарты.
1. 11. Сөздің ішкі формасы. Сөз мағынасындағы уәжділік. Уәжделу: уәжделуші сөз, уәжденген атау. Уәжділік түрлері мен олардың мағыналық құрылымы. Уәжделу процесінің сөзжасамға қатысы туралы................ 2 сағат.
1.12. Тіл бірліктерінің ішкі құрылымдық мағынасы. Тілдік семантика мен бейнелік семантика. Сөз мағынасының тақырыптық және семантикалық топтары. Негізгі ерекшеліктері мен айырмашылықтары. Олардың бөлінісіндегі табиғи-объективті принцип. ................................................. ..... ................... 2 сағат.
1.13. Лингвистикалық мағынаның берілу жолдары: парадигмалық және синтагмалық мағыналар. Парадигматика мен синтагматиканың жалпы тіл білімі мен түркологияда зерттелуі. Ф. де Соссюр тілдік жүйе туралы. Парадигма мен синтагманың анықтамасы. Семантикалық парадигма. Парадигмалық қатынас. Синонимдес, антонимдес және мәндес мағыналық қатынастар. ............ 2 сағат.
1.14. Сөз мағынасының қалыптасуындағы парадигмалық мағына мен синтагмалық мағынаның қызметі. Синтагмалық және парадигмалық мағынаның тілдегі өмір сүру сипаты. ..................................... 2 сағат.
1.15. Сөздердің мағына бөлшектері құрамындағы парадигма мен тіл элементтері арасындағы парадигмалық қатынас арасындағы байланыс. Синтагмалық байланыстың халықтық тілдік дәстүрмен арақатынасы. Синтагмалық байланыстағы валенттілік мәселесі.................. ............... 2 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет