Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына


Қазақ тілінде дыбыс саны - 37. (Дыбыс бола алмайтындар



бет6/90
Дата29.03.2023
өлшемі401,97 Kb.
#77264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Қазақ тілінде дыбыс саны - 37. (Дыбыс бола алмайтындар: я (й+а), ю (й+у), ё (й+о) қосарлы дыбыстары және ь –жіңішкелік, ъ – жуандық белгілері).

Ескерту: У әрпі екі дыбыстың орнына (дауысты – у және дауыссыз – у) қолданылады. Бірақ бір дыбыс болып саналады.

  1. Қазақ тіліне тән әріптер (9): ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, һ.

  2. Қазақ тілінде ъ (айыру белгісі) және ь (жіңішкелік белгісі), сондай-ақ э, ё, в, ф, ц, ч әріптері орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде ғана кездеседі.

  3. Қазақ тілінде дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс болып 2-ге бөлінеді.

Қосымша: Кейбір оқулықтарда 5-бөлімдегі 9 әріпті қазақ тіліне тән дыбыстар деп берген. Алайда біз оларды әріптер деп беруді жөн көрдік. Себебі алфавиттегі 37 дыбыс қазақ тіліне тән оқылады, айтылады. Мысалы, е дыбысы орыс тілінде йэ деп оқылса, қазақ тілінде йе деп оқылады. Сондай-ақ сөз құрамында жуан-жіңішке, еріндік-езулік дауысты дыбыстарының келуіне қарай дауыссыз дыбыстар соларға бейімделіп оқылады. Мысалы, үзу мен азы сөздеріндегі з дыбысы бірінде (үзу) жіңішке әрі еріндік дауыстыға бейімделіп оқылса, бірінде (азы) жуан әрі езулік дауысты дыбысқа бейімделіп оқылады.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫС

  1. Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.

  2. Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады.

  3. Дауысты дыбысқа екпін түседі.

  4. Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.

  5. Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан - жіңішке, ашық - қысаң, еріндік - езулік болып жіктеледі. Оны төмендегі кестеден көруге болады.



    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет