Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына


Қосымша: Орыс тілінен енген сөздердің соңында ь



бет11/90
Дата29.03.2023
өлшемі401,97 Kb.
#77264
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90
Байланысты:
қазақ тілі көк кітап-1 (1)

Қосымша:
Орыс тілінен енген сөздердің соңында ь жіңішкелік белгісі келгенде, ол сөзге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, ь сақталып жазылады. Мысалы: секретарьға, автомобильмен, фестивальді т.б. Ал дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, жіңішкелік белгісі (ь) түсіп қалады. Мысалы: секретары, автомобилім, фестивалі т.б.
БУЫН

  • Буын – сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны.

  • Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

  • Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар:

1. ашық буын
2. тұйық буын
3. бітеу буын



түрі

Мысал

Ереже

Ашық буын

  1. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа бітеді.

  2. Тек дауысты дыбыс-тан тұрады.

А-ға, а-на, ә-ке, а-та
ба-ла, қа-ла, ке-рі
ша-на-ны, бо-са-ға

Тұйық буын

Дауысты дыбыстан бас-талып, дауыссыз дыбыс-қа бітеді.
(Көбінесе бірінші буында кездеседі.)

1-буында: ат, ет, ант, өрт
2-буында: ки-ік, ти-ын
3-буында: тұңғи-ық,
ақи-ық
4-буында: әдеби-ет,
мәдени-ет

Бітеу буын

Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын.

1. бал, таң, көз
2. тарс, төрт, қант, бұлт
3. штамп, класс, грамм
4. мек-теп, бал-дыр-ған,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет