Табу сөз», «Эвфемизм мен дисфемизм» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары 1 – C (“Мырза жігіт”, “кенже бала” сөздері – табу әдісі бойынша келіннің қайныларына қойған аттары.)
2 – B (Жасыл түсу – жай түсудің орнына қолданылады.)
3 – D, 4 – E, 5 – C («Бақиға аттану» сөзі «өлу» деген сөздің орнына қолданылады.)
6 – A (Қолды болу» сөзі «ұрлану» деген сөздің орнына қолданылады.)
7 – C, 8 – А, 9 – C («Ұзынтұра» сөзі «ұзын бойлы» деген сөздің орнына қолданылады.)
10 – B
«Тұрақты тіркес», «Идиома(лық тіркес)» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ Қай тұрақты тіркес “әділ” деген мағынаны береді?
A) Тонның ішкі бауындай D) Қара қылды қақ жарған
B) Ала жіпті аттамау E) Мұрнынан шаншылу
C) Он саусағынан бал тамған
Антонимдес фразеологизмдерді табыңыз.
A) Су жүрек – жүрек жұтқан
B) Мойнына су кету – ит өлген жер
C) Көз жұмды – жүріп кетті
D) Көзге түртсе көргісіз – тайға таңба басқандай
E) Шашбауын көтеру – тақиясына тар келу
Қай тұрақты тіркестің мағынасы дұрыс көрсетілген?
A) мұрнын шүйіру – дәмелену D) сілесі қату - әбден шаршау
B) сөз беру – таң қалу E) сүттей ұйыды – келіспеді
C) зығыры қайнау - өлу
Мағынасы синонимдес тұрақты тіркестерді табыңыз.
A) бауыр басу – ақ саусақ
B) таяқ тастам жер – сүт қайнатым уақыт
C) екі езуі құлағында – төбесі көкке жету
D) ит арқасы қиянда – маңдайының соры бар
E) көз ілмеу – көз шырымын алу
Идиомалық тіркесті табыңыз.
A) Жазда Асанбай аулы осы төңіректің сай-саласын мекендейді.
B) Бұл өңірдің ауылдары алты бақан ала ауыз боп біріккен емес.
C) Күз келісімен, бұлар қыстауға көшудің амалына кірісті.
D) Данагүл саумалы малдарды сатуға қарсы шықты.
E) Шаруаның ісі бітпейтінін ол енді түсінгендей болды.
Мақал-мәтелден тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Денсаулық - зор байлық. D) Оқу инемен құдық қазғандай.
B) Ештен кеш жақсы. E) Көп түкірсе, көл болады.
C) Сабыр түбі – сары алтын.
"Алыс" мағынасындағы идиомалық тіркесті табыңыз.
A) ит жеккен B) ер қашты C) асқар тау
D) көз аларту E) ат арытып, тон тоздырып
Бастауыш қызметіндегі тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Олар көптен бері қырғи қабақ болып, бір-бірін аңдысып жүр.
B) Аузы күйген үрлеп ішер.
C) Олар суықта қалып, тісі тісіне тимей жаурады.
D) Істің насырға шапқанын сезген Оспан сыртқа шығып кетті.
E) Ұяттан кірерге тесік таппаған бала қып-қызыл болып кетті.
Тұрақты тіркесті тіл білімінің қай саласы зерттейді?
A) фонетика B) семасиология C) синтаксис
D) морфология E) фразеология
Идиомалық тіркестер қатарын табыңыз.
A) ағама жеңгем сай, апама жездем сай, азуы алты қарыс
B) кең балақ, жалпы етек,кең дүние тар болу, көлденең сөз
C) алақанына түкірді, араны ашылды, ас аш өзегіне түсті
D) жер болу, жер жұту, жер қабу
E) аузымен орақ ору, жел аяқ, өгіз аяң, әпер бақан