«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары: 1 – C, 2 – B
3 – A, 4 – A (қалғандары сөз тіркесі емес)
5 – B, 6 –C
7 – D, 8 – B (отырмаспын – отырман)
9 – C, 10 – B (сөйлей-сөйлей – қалай?)
«Етістіктің шақтары» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ Қай сөйлем сөйлеп тұрған уақытқа дейін әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіріп тұр?
A) Біз жазда өзенге шомылуға баратынбыз.
B) Мен сабаққа дайындалдым.
C) Олар ертең балық аулауға бармақшы.
D) Ол үйде жалғыз отыр.
Е) Ол ертең келеді.
Баяндауышы мақсатты келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.
Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз.
Кешке алтыбақан құрамыз.
Олардың ақылдылығына, білімділігіне піріндей сенеді.
Көрмес – түйені де көрмес.
Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-әрекетті табыңыз.
А) Марат маған айтып тұрды.
В) Олар сенің кітабыңды кеше сыныпта алып жүрген.
С) Ол екі бұрын қалаға бара жатқан.
D) Салтанат сабақ түсіндіріп тұр.
Е) Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ.
Баяндауышы ауыспалы келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.
B) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз.
C) Кешке алтыбақан құрамыз.
D) Олардың ақылдығына, білімділігіне піріндей сенеді.
E) Атасы бәрін түсінетін.
Күрделі нақ осы шақты табыңыз.
А) айтып тұрды D) оқымай жүр
В) алып жүрген Е) сурет салып отырмақшы
С) бара жатыр еді
Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
А) сөйледі В) сөйлеген С) сөйлер
D) сөйлейді Е) сөйлеп отыр
Етістіктің жедел өткен шақ шағын көрсетіңіз.
A) жеткізер B) жеткізген C) жеткізетін
D) жеткізеді E) жеткізді
Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді табыңыз.
A) қадірледі B) қадірлейтін C) қадірлеген емес
D) қадірлейді E) қадірлепті
Қалып етістігін табыңыз.
А) жүр В) е С) ет
D) де Е) кел
Бұрынғы өткен шақта тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) танысқан екен B) танысты C) танып тұрмын
D) таниды E) танитынмын