Морфологиялық принцип:
Күрделі сөз бен сөз тіркестерінің айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін, бірақ жазылуда морфологиялық принципке сай түбірлері сақталып жазылады.
Айтылуы
|
Жазылуы
|
Шегара
Жер-гөк
Қоян-ғолтық
|
Шекара
Жер-көк
Қоян-қолтық
|
ЛЕКСИКА
Лексика (грек."сөздік қор") мынадай тақырыптарды зерттейді:
1. Жалпы қолданыстағы сөздер
|
күнделікті өмірде қолданылатын сөздер: бар, кел, есік, туысқан, соғыс т.б.
|
2. Қолдану аясы шектеулі сөздер
|
1. архаизм 6. кәсіби сөз
2. историзм 7. табу сөз
3. неологизм 8. кірме сөз
4. диалект сөз 9. эвфемизм
5. термин сөз 10. дисфемизм
|
3. Қанатты сөздер
|
1. тұрақты сөз тіркесі
2. идиома
3. мақал-мәтел
4. афоризм (нақыл сөз)
|
4. Сөздің лексикалық мағыналары
|
1. Сөздің тура мағынасы
2. Сөздің ауыспалы мағынасы
3. Сөздің көп мағыналылығы
4. Синоним
5. Антоним
6. Омоним
|
Лексикология – тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.
Семасиология – тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейтін сала.
Этимология – жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін сала.
Фразеология - тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін сала.
Диалектология – диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Топонимика – жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейтін сала.
Антропонимика – кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншік аттарын (псевдоним) қарастыратын сала.
Лексикография – сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.
Сондай-ақ лексиканың ономасиология, этнонимика, астронимика сияқты салалары бар.
ҚОЛДАНУ АЯСЫ ШЕКТЕУЛІ СӨЗДЕР
КӨНЕРГЕН СӨЗ
Көнерген сөз – қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе мағынасы көмескеленген сөз. Оның екі түрі бар: архаизм және историзм.
Архаизм – әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы болатын сөз.
Ескі атауы
(архаизм)
|
Қазіргі атауы
(неологизм)
|
аэрофлот
адрес
рыноктық
таможня
станция
|
әуежай
мекен-жай
нарықтық
кеден
бекет
|
Историзм – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөз. Мысалы: уез, барымта, ханзада, нөкер, батырақ, қауыл керуен, жүз басы, би, болыс т.б.
үйрету
Достарыңызбен бөлісу: |