Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына


Тілдің қатысына қарай Жуан



бет6/80
Дата27.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#128961
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Тілдің
қатысына қарай


Жуан

тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады


а, о, ұ, ы, у




Жіңішке

тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі арқылы жасалады


ә, ө, ү, і, е, и, (у), э












Жақтың қатысына қарай:


Ашық

жақтың кең ашылуы арқылы жасалады


а, ә, о, ө, е, э




Қысаң

жақтың тар ашылуы арқылы жасалады


ы, і, и, у, ү, ұ












Еріннің
қатысына қарай


Еріндік

еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады


о, ө, ұ, ү, у




Езулік

езудің кейін тартылуы арқылы жасалады


а, ә, е, ы, і, и, э


  • Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар үндестік заңы бойынша бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді (бұлақты, келімсек т.б.). Қазақ тіліндегі өзге тілдерден енген біршама кірме сөздерде дауыстылар жуан-жіңішке болып араласып келе береді (кітап, компьютер т.б.).




    Ескерту: ё, я, ю әріптері дауысты дыбыс қызметін атқарғанмен, дауысты дыбыс түрлеріне жіктелмейді. Себебі бұлар йо, йа, йу қосарлы дыбыстарынан тұрады.

    ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЕМЛЕСІ


    1. А әрпі ж, ш мен й әріптерінің ортасында келгенде, ә болып оқылады, бірақ а әрпі жазылады. Мысалы: шай, шайнау, жай, жайлап, мән-жайы т.б.


    2. А әрпі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің соңғы буынында келгенде, ә болып естіледі, бірақ а болып жазылады. Мысалы: Жәмила, рәсуа, Ләззат, күнә т.б.


    3. О, ө, ұ, ү, ә әріптері қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: ор, көрші, құлын, ұлық, үлкен, түлкі, сәкіде, әңгіме т.б.

    Бұл әріптер біріккен сөздермен қос сөздердің екінші сыңарларының бірінші буындарында жазылады: Қараөткел, Қаратөбе, Айманкүл, Есенәлі, бүрсігүні, басқұр, той-топыр т.б.


    Ескерту: Ұ, ү, ә әріптері бірқатар жалаң сөздердің екінші буындарында да жазылады. Мұндай сөздер қазақ тілінде көп емес. Олар бір кезде қазақ тіліне еніп, сіңісіп кеткен араб-парсы сөздері: мазмұн, бұлбұл, мақұл, дәстүр, мәжбүр, іңкәр, сірә, куә, мағлұмат, дүлдүл т.б.


    1. Ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады. Мысалы: тыныштық, іс, кісілік.


    2. Ы, і сөздің барлық буындарында жазыла тұра, төмендегідей жағдайларда сөздің соңғы буынында түсіп қалады:

    а) Кейбір сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанса: халық - халқым, орын - орның, көрік - көркі, әріп - әрпі т.б.


    Ескерту:
    1. құлақтың құлығы, ұстаның көрігі дегендегі құлық, көрік сөздерінде ы, і әріптері түспейді.
    2. Ауыл, дауыс сөздеріне екі түрлі жазыла береді. (ауылы – аулы, дауысы – даусы)
    ә) Ойын, орын, жиын, қиын сөздеріне туынды етістік жасайтын -а жұрнағы жалғанса: Мысалы, ойын + а = ойна, орын= орна т.б.
    б) Кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса: алты-алтау, қорық-қорқу т.б.
    в) Ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса: оқы-оқу, тоқы-тоқу, ері-еру т.б.


    1. Ы, і дыбыстары сөз басында р, л әріптерінің алдында көмескі естіліп, оны жазбағанда, сөздің лексикалық мағынасы бұзылмаса, ол дыбыстардың әріптері жазылмайды. Рас (ырас емес), рет (ірет емес), рахат (ырахат емес), лай (ылай емес), лезде (ілезде емес), лақтыру (ылақтыру емес) т.б.


    2. Ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге көсемшенің жұрнағы жалғанса, ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде жалғыз ғана и әрпі жазылады (ы+й=и, і+й=и). Мысалы: оқы-й+ды=оқиды, есті-й+ды=естиді т.б.


    Ескерту: Қосарлы ый дыбыстары сый, тый түбірлерінен жасалған сөздерде ғана жазылады. Мысалы: сыйлық, сыйлау, сыйымды, сыймайды, тыйым, тыйылу, тыйылдыр, тыйылмайды т.б.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет