Сөз табы
|
Мысалы
|
зат есім
|
Күн жылынды. Досым келді.
|
есімдік
|
Бұл-үлкен үй. Өзің кел. Ешкім жоқ.
|
сын есім
|
Ақылды ісіне сенеді. Сыпайы сырын сақтар.
|
сан есім
|
Үшеуі сыртқа шықты. Төрт екіге бөлінеді.
|
етістік
|
Іздеген жетер мұратына. Оқу инемен құдық қазғандай.
|
Бастауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
Дара бастауыш – бір сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Біз алғашқыда өз көзімізге өзіміз сенбедік. Жігіттер аттарын жетектеп, бұлақ басына жақындай берді.
Күрделі бастауыш – кемінде екі сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Кеншілер сарайы адамға лық толы. Ырыс алды - ынтымақ.
Үйірлі бастауыш – үйірлі сөздерден тұратын бастауыш. Мысалы: Уайымы көптер тез қартаяды.
Баяндауыш
Баяндауыш – бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше.
Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрақтарына жауап береді.
Баяндауыштың төмендегідей сөз таптарынан жасалды:
етістік
|
Күн жылынды. Досым келді.
|
зат есім
|
Бұл-үлкен үй. Оның алғаны - кітап.
|
сын есім
|
Дала тап-таза. Күн ыстық.
|
сан есім
|
Екі жерде екі - төрт. Оның жасырғаны- бес.
|
есімдік
|
Менің айтарым осы. Біздің ауыл әне.
|
Баяндауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
1.Дара баяндауыш – бір сөзден тұратын баяндауыш. Мысалы: Олар алыс жерден келді. 2.Күрделі баяндауыш – кемінде екі сөзден тұратын баяндауыш. Мысалы: Ауыл мәдениеті өсіп келеді. Мен бұл аттан күдерімді үзіп тұрмын.
3.Үйірлі баяндауыш – үйірлі сөздерден тұратын баяндауыш. Мысалы: Оның ең үлкен кемшілігі – сабақ оқымау.
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ
Анықтауыш
Анықтауыш зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын анықтап тұрады.
Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?
Анықтауыштың төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
сын есім
|
Зерделі қыздың зерек ойы қиядағы жұмбақты іліп әкетті. Олар шалғай ауылдарды аралады.
|
есімдік
|
Кейбір аңдар ертемен азықтануға шығады.
|
зат есім
|
Өзен бойында қора-қора қой жайылып жүр.
|
сан есім
|
Оныншы сыныпта бұл тақырыптарды өткен едік.
|
есімше
|
Айтқан сөзің дәл келсе, саған сыйлығым бар.
|
Анықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
Дара анықтауыш – бір сөзден тұратын анықтауыш. Мысалы: Ұлыған қасқырды көріп зәре-құтымыз қалмады. Сары жапырақтар жерге түсіп жатыр.
Күрделі анықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш. Мысалы: Қара торы ат бірінші келді. Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі-өнеге болып отыр 3. Үйірлі анықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын анықтауыш. Мысалы: Ақылы бар жігіт өмірден опық жемейді.
Толықтауыш
Толықтауыш іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайды.
Сұрақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? (атау мен ілік септіктерінен басқа септіктердің сұрақтарына жауап береді.)
Толықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
зат есім
|
Қорқақ көлеңкесінен қорқады. Апама көмектестім.
|
есімдік
|
Бұл сөз оған қатты әсер етті.
Оспан ешкімнен қорықпайды.
|
сын есім
|
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жақсыны жамандаса, әруағы тасады.
|
сан есім
|
Бестен үшті алса, екі қалады.
|
етістік
|
Оны айтар-айтпасын білмеді. Үйге баруға қолы тимей жүр.
|
Толықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
Дара толықтауыш – бір сөзден тұратын толықтауыш. Мысалы: Жіңішке жолмен бір қос ат келеді. Оны ешкімге көрсетпе.
Күрделі толықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын толықтауыш. Мысалы: Олар аттардың қара торысын таңдап алды. Қорыққанда Отанын сататын су жүректерден қорқу керек.
Үйірлі толықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш. Мысалы: Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас.
Толықтауыш мағынасына қарай 2-ге бөлінеді:
Тура толықтауыш – табыс септік тұлғасындағы толықтауыш. Мысалы: Суды шым тоқтатар, сөзді шын тоқтатар. Оны ешкімге көрсетпе. Мен кітап оқыдым.
Жанама толықтауыш – барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері тұлғасындағы және туралы, жөнінде, жайында шылауларымен тіркесіп келген сөздер тұлғасындағы толықтауыш. Мысалы: Екі қарт кісімен амандастым. Оның ұзақтан келе жатқандарға көзі түсті. Сабақта жарыс туралы сөйлестік.
Пысықтауыш
Пысықтауыш – сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін т.б) анықтайтын мүше.
Сұрақтары: қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты?
Пысықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
Үстеу
|
Ол ілгері басты. Кеше күн суық олды.
|
Барыс, жатыс, шығыс септ-гі сөздер
|
Бүгін мал біткен аулағыраққа өрістеген. Балалапандардың даусы таяудан естіледі.
|
Есім сөздер
|
Оқушылар емтиханға зор дайындықпен кірісті. Ол екі сөйлемейтін.
|
Еліктеу сөз
|
Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.
|
Көсемше
|
Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады. Қыз енді айқайлап сөйледі.
|
Пысықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
Дара пысықтауыш – бір сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Лавада жұмыс қызу жүріп жатыр. Ол сұраққа ойланбастан жауап берді.
Күрделі пысықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Мерей жымың-жымың етіп сахнаға шықты.
Үйірлі толықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш. Мысалы: Уақытым барда сабаққа дайындалсам деймін.
Пысықтауыш мағынасына қарай 5-ке бөлінеді:
түрі
|
ережесі
|
сұрағы
|
мысал
|
Мекен
|
Іс-әрекеттің болу орнын, мекенін білдіреді.
|
қайда? қайдан? қалай қарай?
|
Олар жоғары көтерілді. Ауылға қарай аттылы біреу келе жатыр.
|
Мезгіл
|
Іс-әрекеттің мезгілін білдіреді.
|
қашан? қашаннан бері?
|
Ол түске шейін ұйықтады. Олар қыс бойы демалды.
|
Себеп-салдар
|
Іс-әрекеттің себебін білдіреді.
|
неліктен? не үшін? неге?
|
Кешке амалсыздан үйге қайттым. Ол Отаны үшін өлді.
|
Сын-қимыл
|
Іс-әрекеттің жүзеге асу амалын, мөлшерін білдіреді
|
қалай? қалайша? қайтіп?
|
Оны зорға далаға алып шықты. Ол аптығып сөйледі.
|
Мақсат
|
Іс-әрекеттің мақсатын білдіреді.
|
неге? не мақсатпен?
|
Оқу үшін қалаға келді.Біз әдейі жарыстық.
|
СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – сұраулары мен қызметі ортақ болып, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысатын кемінде екі сөзден тұратын мүше.
Сөйлем мүшесі
|
Мысалы
|
Бірыңғай
бастауыш
|
Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды.
|
Бірыңғай
баяндауыш
|
Бір батальон артта, алыста.
|
Бірыңғай
анықтауыш
|
Жүрісіміз -кейде бүлкіл, кейде бөкен жүріс.
|
Бірыңғай
толықтауыш
|
Түн не қойыңды, не өзіңді жұтып қоятын сияқты.
|
Бірыңғай
пысықтауыш
|
Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады.
|
Бірыңғай мүшелердің жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы
ыңғайластық
|
қарсылықты
|
талғаулы
|
кезектестік
|
да, де, та, те, және, әрі, мен, бен, пен
|
бірақ, алайда, әйткенмен
|
я, не, немесе, әлде
|
бірде, біресе, кейде
|
Асан мен Үсен жұртта қалып қояды. Кеше де, бүгін де мазам болмады.
|
Тек жері биік болғандықтан жеміс өседі, бірақ піспейді.
|
Мұнда шөп немесе сабан әкеліңдер, -деді Дубровский.
|
Ақан біресе ұшаққа, біресе сағатына қарайды.
|
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері
Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады:
Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса
|
Аспан айқын, анық.
|
Жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің арасында қайталанып келсе
|
Рахима-әрі әнші, әрі биші.
|
Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылықты жалғаулық арқылы байланысса
|
Ол орта бойлы, бірақ толықша келген сұр жігіт еді.
|
Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды:
Бірыңғай мүшелердің арасында мен, және, пен, бен жалғаулықтары бір-ақ рет келсе
|
Ауыл мен қаланың арасы алшақ екен.
|
да, әрі, не, немесе жалғаулықтары қайталанбай, бір-ақ рет келіп тұрса
|
Төрт бөлмелі үй салқын да жайлы.
|
ЖАЛПЫЛАУЫШ СӨЗ
Достарыңызбен бөлісу: |