Соңғы сөйлемі алдыңғы сөйлемінің мағынасын түсіндіріп тұрады.
жалғаулығы жоқ
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерінің мысалдары
түрі
мысал
Ыңғайластық
Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым. Далада жел соғып тұр, әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Ол бөлмесіне кірді де, тарс бүркеніп жатып қалды.
Қарсылықты
Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды. Менің театрға барғым келмеді, әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді. Есікті жауып қойған, сонда да ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ.
Себеп-салдар
Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды. Қорадан мал ұрланыпты, сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты.
Кезектес
Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады. Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.
Талғаулы
Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек. Я болар жеріңді айт, я бізге килікпей тыныш жүр. Тезірек шөп ору керек, әйтпесе уақыт өтіп кетеді.
Түсіндірмелі
Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері кейде жалғаулықсыз байланысады.