«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-БӨЛІМ 1. «Күй аңызы» оқиғасының шешімін анықтаңыз? А) Күйші нарды идірсе де, Жаңыл оған заманының өткендігін білдіреді
В) Қыздың әкесіне елде жоқ қолқа салуы
С) Екі жолаушының жапандағы жалғыз нарға жолығуы
Д) Күйшілердің жол бойындағы әңгімесі
[1]
2. Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінің идеясын анықтаңыз. А) күй өнерінің құдіреті В) адам өмірінің өтпелілігі
С) алдамшы бір үміт сәулесі Д) жастардың бір-бірін түсінуі
[1]
3.Жүніс Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі қандай жанрда жазылған? А) Эпостық жанр
В) Фантастикалық жанр
С) Лирикалық жанр
Д) Драмалық жанр
[1]
4. –Әй, қас қарайса, жын қуғандай осы сен қайда кетесің? Не пәлең бар,а?
Ләйлә үнсіз төмен қарады. Ісініп, қызарған жанарын да, әбден сілесі қатып шаршаған күйін де тәтесіне сездіргісі келмеді. «Менің мұңымды бөлісер Қатира ма, онан да үнсіз тұрғанымның өзі жақсы» дегендей ләм-мим деп тіс жармады. Үзіндіге қатысты дұрыс жауапты көрсетіңіз.
А) Қатираға тура мінездеу.
В) Ләйлә-қызға жанама мінездеу.
С) Ләйлә-қыз бен Қатираға тура мінездеу.
Д) Ләйлә-қыз бен Қатираға жанама мінездеу.
[1]
5. Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесі» әңгімесінің тақырыбын ашыңыз. А) Ләйлә-қыздың өмір жолындағы көргендері
В) Өмір қиындықтары
С) Сол кездегі халық өмірі
Д) Халық басындағы трагедия
[1]
2-БӨЛІМ 6. «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген Жаңыл сөзін автор идеясымен байланыстырып, 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]
7. Автор көзқарасы мен Сартай көкесінің көзқарасын салыстыру арқылы автор ойын анықтаңыз.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]