Стильдердің ерекшелігі: Ғылыми стиль: дәлелді, зерттелген, сөзді тура мағынада алу;
Ресми іс-қағаздар стилі: ресми, анық, дәл;
Публицистикалық стиль: шақыру, үндеу, нақтылық;
Көркем әдебиет стилі: образды, эмоционалды, экспресивті;
Ауызекі сөйлеу стилі: сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілу;
Стильдердің тілдік құралдары: Ғылыми стильде ғылыми терминдер жиі қолданылады; көбіне хабарлы сөйлем болып келеді; өткен шақ пен осы шақта жиі қолданылады;
Ресми іс-қағаздар стилінде кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер қолданылады.
Публицистикалық стильде риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдалану сияқты құралдар қолданылады.
Көркем әдебиет стилінде ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары (теңеу, метафора т.б.) жиі қолданылады.
Ауызекі сөйлеу стилінде қарапайым сөздер және сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады; көбіне диалог түрінде келеді.