Қазақ тілінің сөзжасам уәжділігі А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет38/43
Дата01.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#70996
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 2022

Мағыналық сіңісу – себепші негіз мағыналары арқылы уәжделген туынды сөздің сөзжасамдық мағынасы. Мағыналық сіңісу нәтижесінде көптеген күрделі сөздер жеке атау ретінде таңбаланғанда, олардың лексикалық құрамы жеке-жеке толықтай түсінікті бола бермейді. Атаудың негізгі сөзжасамдық мағынасы айқын болғандықтан, бір себепші негіз мағынасының көнергендігі, оның мағынасына ешқандай түсініксіздіктің көлеңкесін түсіре алмайды. Ортақ негізгі сөзжасамдық мағына айқын болғандықтан, жеке сыңардың мағынасыздығына көңіл бөлінбейді. Айталық, жігіт-желең, қыз-қырқын, ығай-сығай, көрші-қолаң, ту-талақай, некен-саяқ, ым-жым, тым-тырақай, т.б. сияқты атаулардың бір сыңарының мағынасы тілдің қазіргі дамуында көнергендігі не көмескіленгендігі, бұл атаулардың түсініксіздігін туғызбайды. Сөзжасамдық мағына жалпы халық тілінде түсінікті болғандықтар, атау ретінде белсенді жұмсала береді. Қазіргі тіл тұрғысынан алғанда, қос сөз немесе біріккен сөз құрамындағы көмескіленген немесе мүлде мағынасы көнерген сыңарлардың мағынасы тілдің көне тарихи бастауында бір-біріне барабар (эквивалент) немесе жақын мәнде жұмсалған тұлғалар болып шығады.
Сонымен, аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілінің негізгі ерекшеліктерін былайша көрсетуге болар еді:
1) құрамындағы екі не үш толық мағыналы (кейде көмекші мағынадағы) себепші негіз мағынасы арқылы екіншілік сөзжасамдық мағына түзіледі;
2) құрамындағы себепші негіздің тура не ауыспалы мағынасы арқылы уәжделеді;
3) туынды сөздің сөзжасамдық мағынасында себепші негіздердің екеуінің де мағыналық үлесі болады;
4) бір себепші негіз арқылы сөзжасамдық парадигма туындай алады;
5) себепші негіздер бір-бірімен салаласа не сабақтаса байланыспайды, тек арасында синтагматикалық қатынас орнайды.
Біріккен сөздердің Сөздердің бірігуі немесе
сөзжасамдық қалыбы кірігуі арқылы жасалған
атаулардың біріккен сөз деп танылатыны туралы мектеп грамматикасынан бастап айтылып келе жатқан қисын. Дәстүрлі грамматикада күрделі сөздің бір түрі ретінде бағаланып, морфологиялық жүйеден талданады.
Біріккен сөздердің болмысы құрамының екі негізден тұрып, бір ұғымды таңбалауы арқылы айқындалады. Тілімізде сөздердің бірігуі арқылы жасалған атаулар мол. Дәстүрлі грамматикада атаудың біріккен сөз ретінде танылуына олардың бірге жазылуы негізгі критерий болған сыңайлы. Жазу дәстүрінде бірігіп жазылған сөздер ғана біріккен сөз болады, бөлек жазылған атаулардың өзгеше танылуы – құрылымдық лингвистиканың басты шарты.
Сөзжасамдық семантика аясында саралағанда, сөздердің бірігуінің мәнісі – болмыста танылған ұғымның белгісі мен қасиетін, ерекше номинативтік белгісін тілімізде бұрыннан бар негіз сөздердің мағыналық уәжділігі негізінде таңбалау. Атау екі себепші негіздің бірігуі арқылы жасалады да, бір таңба ретінде даяр қалпында жұмсалады.
Әлемдік классикалық тілдер жазу дәстүріне негізделгендіктен өмірлі екенін бір сәт те естен шығармаған абзал. Жазу – адамзаттық ұлы мәдениет. Жазу дәстүрі бар ел – әлмисақтан келе жатқан ата дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа сақтауға мүмкіндігі мол ел. Жазусыз немесе жазуды елу жылда жаңалайтын ел дәстүрін де “жаңалап” отыруға мүжбүр болатын, ұрпағын “тарихи санадан” мақрұм қалуға итермелейтін ел болмақ. Ұлттық болмыс пен ұлттық сананың дәстүрлі мәдениеттен нәр алып өркендеуі үшін, дәстүрлі жазу мәдениеті арқылы тілдің жүйелі құрылымы мен көркемдік қыры сақталуы, жеткізілуі шарт. Дәстүрлі жазу мәдениеті болмаған соң, жазудағы ала-құлалық – жазылмас дертке айналатыны тағы шындық. Сан ғасырлық тарихы бар жазу жүйесі қалыптасқанда ғана, ол іштей дамып, екшеліп, жүйеленетіні даусыз. Қазақ тіліндегі көптеген сөздердің жазу жүйесіндегі ала-құлалық осындай жайттармен тығыз байланысты. Сондықтан, ең алдымен, қазақ жазуын тұрақтандыру керек. Бұл тек қазіргі уақыт талабы ғана емес, дәстүрді, дәстүрлі ұлттық мәдениетті, тілдік көркем құндылықты сақтаудың да басты шарты деп бағалаймыз. Жаңа атауды таңбалайтын тұлғаларды біріктіріп не бөлек жазудың әртүрлі факторлары бар. Ең бірінші сөздердің бірігуі жаңа атау жасау процесінің толық аяқталып, денотаттық мағынаның қалыптасқанын танытады. Тілдік деректерді саралап байқағанымызда, біріккен сөздер мен тіркесті атаулардың арасындағы мынадай ерекшелік көзге түсті. Біріккен сөздер – негізінен, денотаттық ұғымды таңбалайтын денотаттық мағыналы атаулар да, тіркесті атаулар – сигнификаттық ұғымды таңбалайтын сигнификаттық мағыналы сөздер. Мұның мәнісі, біздің ойымызша, денотаттық атаулардың бірігіп жазылатыны – қолға ұстап, көзге көрінетін нақты, деректі зат атауы болуымен тығыз байланысты болуы керек. Ал дерексіз, абстрактылы ұғымды таңбалайтын ерекше мағыналы атаулар жеке номинативтік белгіні танытқанымен, бөлек жазылып, көбінесе жеке атау ретінде танылуға “тәуекел” бола бермейді. Мысалы: Бірге жазылатын туынды сөздер: 1) Екі себепші негізден құралып, аң-құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдік атауларын таңбалайтын денотаттық мағыналы туынды сөздер: ақбөкен, ақалтеке, ақкөз, ақкіс, аққурай, ақсерке, ақжапырақ, ақиық, ақшуақ, ақшұнақ, аққой, аққанат, қосаяқ, қарақұйрық, құрбақа, қарақұс, қарақұрт, айдаршөп, қырықаяқ, қаракүйе, тасбақа, түйежапырақ, түйеқарын, т.б. 2) Екі себепші негізден құралып, шаруашылық, мәдениет, тұрмыс, өнер, спорт т.б. салаларына байланысты туындаған ұғымдарды таңбалайтын денотаттық мағыналы туынды сөздер: баспасөз, баспахана, шаңсорғыш, еттартқыш, бесатар, өнертапқыш, жанкүйер, бассайыс, ақсүйек, беташар, тоқымқағар, ақсарбас (дәстүрлі салт атаулары), тоғызқұмалақ, асатаяқ, теміржол, атқамінер, алыпсатар, т.б. 3) Екі себепші негізден құралып, терминдік мәнге ие болған денотаттық мағыналы туынды сөздер: оттегі, сутегі, қостотық, сүтқоректілер, оңқанатттылар, картопқазғыш (машина), картопжуғыш (машина), жарғаққанаттылар, қоянжырық, қоянжел, қалқантұмсық, т.б.
4) Екі себепші негізден құралып, табиғат құбылыстарының, қоғамдық қатынастардың, өркениет дамуында пайда болған атаулардың танылған әртүрлі белгілерін, таңбалайтын денотаттық мағыналы туынды сөздер: кемпірқосақ, көкжиек, өнеркәсіп, кәсіподақ, бесжылдық, келіссөз, еңбеккүн, еңбекақы, зейнетақы, сыйақы, жәрдемақы, төлемақы, жолақы, қаламақы, көзқарас т.б.
5) Әуелгі сөзжасамдық тұлғасы еш, кей, әр, бір, қай, әлде есімдіктері болған денотаттық мағыналы туынды сөздер: әрқашан, әркім, ешкім, ешқашан, ештеңе, біржолата, бірнәрсе, бірнеше, қайсыбір, қайбір, біркелкі, бірталай, бірсыдырғы, әлдекім, әлдеқашан, т.б. 6) Екінші сыңары аралық, тану, сымақ, құмар, т.б. сөздер болатын, денотаттық мағыналы туынды сөздер: халықаралық, қалааралық, жаратылыстану, абайтану, әуезовтану, шығыстану, дүниетану, көсемсымақ, шешенсымақ, ағасымақ, ойынқұмар, т.б.
7) Екі себепші негізден құралып, кісі есімдерін, жер-су атауларын таңбалайтын туынды сөздер: Нұржан, Нұрсұлтан, Нұрболат, Нұргүл, Нұрсұлу, Сарыарқа, Жетісу, Жезқазған, Сарыөзек, Екібастұз, Сарыағаш, Қызылорда, Ордабасы, т.б. Байқап отырғанымыздай, Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде жазылған атаулардың барлығына жуығы денотаттық мағыналы туынды сөздер.
Ұғымды таңбалау үшін, атау жасау процесінде аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздердің қалыптарының айтарлықтай өзгешелігі болмайды. Олардың негізгі өзгешелігі грамматикалық тұлғалануында немесе категориялық белгілерінде емес, жазылу үрдісімен байланысты. Атаулардың бірігіп не тіркесе жазылуы шартты жағдай. Оның атаудың ішкі табиғатымен, мағыналық құрылымымен айтарлықтай байланысы жоқ. Атаудың пайда болуының ең белсенді де өнімді тәсілінің бірі. Олардың қалыптасу жолын былайша көрсетуге болар еді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет