Қазақ тілінің сөзжасам уәжділігі А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Тіркесті Аналитика-семантикалық сөзжасамдық қалып



бет41/43
Дата01.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#70996
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 2022

Тіркесті Аналитика-семантикалық
сөзжасамдық қалып сөзжасамдық тәсілдің бір
қалыбы – тіркесті сөзжасамдық қалып. Тіркесті сөзжасамдық қалып – екі не бірнеше себепші негіздің тіркесуі арқылы жасалған екіншілік мағыналы туынды сөздердің жүйесі.
Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған туынды сөздер тілімізде жиі қолданылады. Ең алдымен, ескерер жайт, тіркесті туынды сөздердің жасалуы өзге туынды сөздердің қалыптасу жолымен салыстырғанда, тілдің кейінгі дамуында пайда болған. Тіркесті туынды сөздер мен еркін тіркестердің арасындағы сырттай жақындық бар: екеуі де бөлек жазылады.
Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің барлығының тегі еркін тіркес болғаны ғылымда белгілі жайт. Олардың бірігіп, қосарланып жазылуы сөйлеуде атау ретінде әбден қалыптасып, даяр қалпында жұмсалуымен бірге, жазылуда жеке таңба ретінде қабылдануымен тікелей байланысты. Біріккен сөздердің бірігіп немесе тіркесті тұлғалардың бөлек жазылуы шартты нәрсе деп бағалаймыз. Бұл – белгілі ғалымдардың субъективті пікірлері арқылы қабылданып, заңға айналатын (тілдік заңдылыққа емес) жағдай. Ал сөйлеуде біріккен сөздер де, тіркесті сөздерде, қосарланған атаулар да жеке номинативтік мағына беріп, даяр қалпында жұмсалып, болмыстың белгісі мен қасиетін, ерекше танымдық белгісін таңбалап тұрады.
Бірақ, бұл аналитика-семантикалық сөзжасамдық қалыптардың шарттылығын танытпаса керек. Біріккен сөздер мен тіркесті туынды сөздердің қалыптасуы мен жасалуының арасында өзгешелік – уақыт факторымен, себепші негіздердің санымен, сапалық сипатымен астасып жатады деп пайымдаймыз:
Біріккен сөздер негізінен екі сөзден (тек ішінара ғана үш сөзден: қарлығаш, Екібастұз) құралса, тіркесті туынды сөздер екі, үш, төрт т.б. себепші негіздерден құралады. Біріккен сөздер құрамындағы себепші негіздер, көбінесе, денотат пен оның қасиетін, сапалық белгісін танытатын тұлғалардан құралса, тіркесті туынды сөздердің құрамы өзінің мағыналық күрделілігімен ерекшеленеді.
Дәстүрлі грамматикада тіркесті туынды сөздер арқылы туынды зат есімдер, туынды сын есімдер, туынды үстеулер, туынды етістіктер жасалатыны талданып жазылғанымен, денотаттық мағыналы күрделі туынды сөздердің мағынасы мен сигнификатты мағыналы күрделі туынды сөздердің мағынасы әртүрлі түсіндіріліп жүр.
Денотатты мағыналы тіркесті туынды сөздерді айқындау қиынға түсе қоймайды, өйткені болмыстағы зат не құбылыс атау мен оның белгісін таңбалағандықтан, мұндай туынды сөздердің күрделі мағыналық құрылымын анықтау аса қиындық келтірмейді. Сондықтан да, абай өлеңі, басқару жүйесі, әкімшілік-басқару қызметкерлері, , таным белсенділігі, мемлекеттік өкімет актілері, мемлекеттік басқару актілері, ырғақ акценті, кітапхана ғимараты, кітапхана үйі, дін оқуы, боярлар думасы, Ұлы Отан сағысы, сенім грамоталары, мал дәрігері, жүзім шаруашылығы, су құбыры, соғыс өнері, ерік тәрбиесі, отбасы тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі т.б. атаулардың сөзжасамдық мағынасы мен уәжділік деңгейін айқындау қиын болмайды. Мағыналық құрылымына қарай тіркесті туынды сөздерді былайша саралауға болар еді:

  • денотаттық мағыналы тіркесті туынды сөздер;

  • сигнификатты мағыналы тіркесті туынды сөздер;

  • коннатациялы мәнді тіркесті туынды сөздер.

  • Денотатты мағыналы тіркесті туынды сөздер денотаттың нақты атауын таңбалайды. Нақты зат не құбылыс атауын белгілегендіктен де, оларды туынды сөз ретінде тану аса қиындық келтірмейді. Дәстүрлі грамматикада күрделі зат есім ретінде танылатын мұндай атаулар мен олардың уәжділігі жақсы талданған.

  1. заттың түсі арқылы уәжделген атаулар: ақ тиін, ала бұлдырық, ала бұлбұл, ақ шағала, ақ тарлан, ақ түтек, ақ қоян, ақ түлкі т.б.

  2. заттың белгісі арқылы уәжделген атаулар: ит жидек, мал қора, ат қора, т.б.

  3. болмыстың ерекше сипаты арқылы уәжделген атаулар: кіші жүз, ұлы жүз, орта жүз, Алтын орда, ақ орда, ана тілі, қазақ тілі, шетел тілі, т.б.

  4. болмыстың табиғи қасиеті, меншіктілігі арқылы жасалған атаулар: асық жілік, қол жілік, ортан жілік, кәрі жілік, тоқпан жілік, сан жілік, ана тілегі, ай сәулесі, күн нұры, теңіз дақылдары, қазақ жері, қазақ даласы, орыс орманы, т.б.

  5. жер-су атаулары: Жаңаөзен ауылы, Қаражал ауылы, Дәуіт ауылы, Шиелі ауданы, Ұлытау ауданы, Сыр суы, Арал теңізі, Бұқтырма өзені т.б.

  6. жаңа қолданыстағы терминдік атаулар: ересектер тобы, жас жұбайлар салоны, ерлер салоны, әйелдер салоны, ерлер дүкені, балалар дүкені, магнит таспасы, пішен ұны, салауаттылық қоғамы, жалға беру пункті, жарық ету тетігі, сықпалы жуу құралдары, толассыз құю машинасы, үйлестіру кеңесі, т.б.

Денотаттық мағына беретін мұндай туынды атауларды микросемаларға талдап қарастыруға болады.
Сигнификатты мағыналы тіркесті туынды сөздерге түйсік арқылы қабылданатын, жалпыланған, субъективті бейнені таңбалайтын атаулар жатады. Денотаттық мағыналы тіркесті туынды сөздерге қарағанда, сигнификатты мағыналы тіркесті туынды сөздер “нақтылы заттың белгісі не түрлі қасиеттерінен қол үзген идеалды денотатқа сүйенеді”(Оразов М., 1991, 84). Сигнификатты мағыналы тіркесті туынды сөздерге:

  1. қозғалыс мәнді атаулар (айтып сал, барып қал, жүріп қал, тұрып кет, оқып қал, бой жазу, сөз салу, көз салу т.б.);

  2. идеалды денотат негізінде жасалған абстрактылы зат атаулары (тоқырау кезеңі, сөйлеу тілі, сөйлеу стилі, сөйлеу интонациясы, айыптау байламы т.б.);

  3. болмыстың сандық, мөлшерлік сипаты арқылы уәжделген атаулар (жиырма екі, қырық бес, он тоғыз, тоқсан екі, алпыс тоғыз, мың алты жүз сексен екі т.б.);

  4. сын-сапалық мәнді атаулар (қоңыр қызыл, көк ала, қара көк, сұрғылт сары, қара қоңыр т.б.)

  5. қимылдың сыны, белгісі, мөлшері, мекені, мезгілін т.б. білдіретін күрделі атаулар (күндерде бір күні, әр уақытта, әр заманда, ертеден қара кешке, күні ертең, ерте кезде, күні бұрын т.б.) жатады.

Дәстүрлі грамматикада күрделі сын есімдер (қоңыр қызыл, ақ ала, қызыл ала, көк ала т.б.), күрделі абстрактылы зат есімдер ( сөйлеу тілі, сөз мәдениеті), күрделі сан есімдердің (он екі, жиырма бес) сөзжасамдық сипаты мен туынды сөз ретіндегі табиғаты үлкен дау туғыза қоймайды. Мұндағы шешілуі қиын мәселе күрделі етістіктің табиғатымен байланысты. Мұның мәнісі – етістіктің сигнификаттық мағынасының өзіндік ерекшелігі, құрамында идеалды денотат деңгейінің жоғарылығы болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет