Қазақ тілінің сөзжасам уәжділігі А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


еркін тіркес Ьтіркесті туынды сөз Ьбіріккен сөз



бет39/43
Дата01.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#70996
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 2022

еркін тіркес Ьтіркесті туынды сөз Ьбіріккен сөз
Біріккен сөздердің бірігіп жазылуының мынадай факторлары бар деп есептеуге болады: болмыстағы нақты заттың не құбылыстың атауы болғандықтан бірігіп жазылады; заттың номинативтік белгісі толық айқындалып, ерекше таңба ретінде танылған атаулар бірігіп жазылады. Ал керісінше болмыстағы ұғым атаулары, абстрактылы ұғым атаулары туынды сөз ретінде қызмет етіп, жеке номинативтік мағынада жұмсалғанымен, жазу дәстүрінде дефис арқылы немесе бөлек жазылады. Мысалы: қол қату, қол қою, қол бастау, жан айқай, қырық бес, тоқсан екі, тыйым сал, т.б.
Біріккен сөздер бір ұғымды таңбалайды, мағыналық құрылымы – күрделі, синтаксистік жүйесі – тұтас, морфологиялық құрамы – бүтін. Екі кейде үш сөздің бірігуі арқылы жасалған туынды сөздің мағынасы бірнеше тұлғалардың мағынасы арқылы айқындалып уәжделеді де, бір ұғымдық мағына береді. Біріккен сөздер сөзжасамдық қалыбының өзіндік негізгі ерекше белгілері осындай. Біріккен сөздердің мағынасы құрамындағы себепші негіздердің мағыналары арқылы уәжделеді де, жеке атау ретінде танылады. Мысалы: “Сарыағаш” сөзі “сары” және “ағыссөздерінің мағынасы арқылы, яғни судың түсінің сары болып ағуы негізгі номинативті белгіге айналуы нәтижесінде жаңа екіншілік атаулық мағына қалыптасады. Біріккен сөздердің құрамындағы себепші негіздердің бірігуінің өзіндік ерекше белгілері бар. Ең алдымен, біріккен сөз құрамындағы себепші негіздер бір-бірімен валенттілігі жағынан байланыста тұратыны ескерілуі керек. Яғни болмыстағы зат не құбылыстың ерекше номинативті белгісі туралы ұғымның таңбалануы ұғымдық уәжділікке; семантикалақ шектестікке, тектестікке; дыбыстық сәйкестілікке негізделеді. Олай болмаған күнде сөздердің бірігуі мүмкін де емес. Екіншіден, біріккен сөздердің құрамындағы себепші негіздердің біріншісі көбінесе екінші сыңарының сын-сапалық, сандық, қасиеттік белгілерін таңбалайды. Үшіншіден, біріккен сөздер құрамындағы себепші негіздер ерекшеленбей, бір интонациямен айтылады. Төртіншіден, біріккен сөздердің құрамындағы себепші негіздер жаңа сөз жасауда өзіндік сөзжасамдық парадигма құрай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет