Қазақ тілінің сөзжасам
сөздігі
ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ОРЫНДАҒАН: БӨГЕНБАЙ АЛМА
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МАМАНДЫҒЫ
КУРС: 2
ТОП:204
Жоспар
Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі
Сөзжасамдық ұя
Сөзжасамдық тізбек
Сөзжасам өз алдына зерттеу обьектісі бар тіл білімінің жеке саласы.
Сөзжасам обьектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік
элементтер, сөзжасамдылық типтер, сөз жасаушы типтер мен
тізбектер, сөзжасам үлгілері , туынды сөздер, олардың түрлері
жатады.
Сөзжасам- тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің
қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жалғасу тәсілдерін зерттейтін
сала. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық
процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның хзерттеу
нысаны атаудың жасалуы , қалыптасуы , ұғымда қалыптасқан
бейненің тілдік таңбасы , туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-
тәсілдері , жаңа мағынаның ішкі құрылымы жатады. Қазақ тілінің
сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар , мағынаның дамуын,
ұғым-мағына-атаудың кешенді бірлігін қарастырады
.
Сөзжсамдық ұя
Бір негізден
тарайтын түбірлес
сөздердің
жиынтығы болу
керек
Түбірлес сөздердің
әрқайсысының
жеке наминативтік
ма,ынасы болу
шарт
Түбірлес туынды
сөздер әртүрлі тәсіл
арқылы жасалуы
ықтимал
Омонимдес
тұлғалар
сөзжасамдылық
ұяға ене алмайды
Сөзжасамдық ұя
Сөзжасамдық ұя бір негіз сөзден өрбіген түбірлес туынды
сөздер жиынтығы. Сөзжасамдық ұядағы әр Түбірлес туынды сөз
Сөзжасамдық тізбекте орналасады. Мысалы: 《Жаз 》 сөзінің
сипаматмкалық түрде жіктейді болсақ
Жаз- белгілі нысанды жаймалау- қимыл қозғалысты білдіреді
Жаз- тегістелген нысанның атауы, жазық жедел –заттық мағына
Жаз-белгілі ойдың нысан бетіне түсірілуі- қимылдың мағына
Жаз- мезгіл атауы- заттық мағына
Жаз- кінәлі, айыпты саналу- қимыл мағына
Жаз- аурудан, дерттен айығу- қимылдың мағына
Сөзжасамдық ұяға енетін сөздер бір түбірден таралған тұлғалар
болғандықтан, формалдық және мағыналық жағынан бір-біріне жақын
келеді. Мысалы: оқы, оқу, оқығыш, оқығыштық, оқырман, оқыған,
Сөзжасамдық сөздік тілде қолданыста бар негізгі және мәнді сөздердің
сөзжасамдық құрылысын анықтайды. Әдетте, сөзжасамдық сөздікте бір
түбірден тараған сөздер таратылып көрсетіледі де, қазіргі динамикалық
дамудағы сөйлеу тіліндегі болып жатқан сөзжасамдық үдерістердің көрінісі
сипатталады
аба-да-н аба-жа-да-й аба-жур-лы абай-ла абай-ла-ғыш абай-ла-н абай-ла-ң-
қыра абай-ла-ң-қыра-у абай-ла-т абай-ла-т-у абай-ла-у абай-мен (үст.) абай-
сыз абай-сыз-да абай-сыз-да-у абай-сыз-дық абай-тану-шы абай-шыл-дық
абақ-ты абақ-ты-сыз абақ-ты-да-й аба-ла-қ аба-ла-н аба-ла-қ-та аба-ла-қ-та-й
аба-ла-қ-та-у
Сөзжасамдық тізбек
Сөзжасамдық ұяның негізгі мүшесі – сөзжасамдық тізбек. Бір түбірден
таралған , бір-біріне негіз болатын негізді сөздердің тобы –сөзжасамдық
ьтізбек деп аталады. Мысалы: бір тізбектр-е түп негіз түбірден тараған бір
немесе бірнеше туынды сөз бола береді.
Мысалы: жұп-жұптық тізбегінде бір ғана туынды сөз болса, жыр-жырла-
жырлат тізбегінде екі туынды сөз бар.
Жи-> жиыр -> жиырыл -> жирылғыш -> жиырылғыштың ,
Өн -> өнім -> өнімді -> өнімділік ,
Бос -> боса ->босан ->босадық -> босаңдат -> босаңдатқыз,
Ен -> енші -> еншілес -> еншілестік ,
Кіші ->кішір -> кішірей -> кішірейт -> кішірейткіш ,
Сүй -> сүйін -> сүйініш->сүйінішсіз
Сөзжасамдык тізбектің қайсысын алсақ та, оның
құрамындағы туынды түбірлер бір түп негіз сөзден бастау
алады. Олай болса, тізбек атаулы түп негіз сөзден өрбиді, яғни
сөзжасамдық тізбектің құрамында міндетті түрде түп негіз сөз
болуы шарт. Түп негіз сөзсіз сөзжасамдық тізбек болмайды, түп
негіз сөз сөзжасамдық тізбектің негізгі мүшесі. Сөзжасамдық
тізбектің келесі мүшесі — түп негіз сөзден жасалған туынды
түбір сөздер. Тізбектің құрамындағы туынды сөз біреу де,
бірнешеуде бола береді. Мысалы, жұп-жұптық; жыр-жырла-
жырлас;зар-зарла-зарлат-зарлатқыз. Осы мысалдағы 1 -тізбекте
бір ғана туынды сөз бар, 2-тізбекте екі туынды түбір, 3-тізбекте
үш туынды түбір бар. Бұл туынды сөздердін санының тізбекте
түрлі болатынын көрсетті. Сонда тізбектегі түп негіз сездің
саны тұрақты болады да, туынды сөздің саны тұрақсыз
болатыны анықталды. Бұл екеуі де — сөзжасамдық тізбектің
негізгі мүшелері.
Қорытынды
Қорыта келгенде, тілдің сөзжасам жүйесі көне замандардан
бері қаорай үнемі дамып, күрделеніп, қазір әбден қалыптасқан ,
бірақ ол даму тоқталады деген сөз емес. Сөзжасамдық
бірліктердің сөзжасамық қызметі, мағынаны жасаудағы алатын
орны, атқаратын қызметі, тілдің сөзжасам жүйесі қалыптасқан.
Сөзжасамдағы лексикағы бірліктер мен сөзжасамдық
журнақтардың сөзжасам үрдісіне қатысуы кездесоқ құбылысқа
жатпайды. Олардың әрқайсысының туынды мағынаны жасауы
тілде қалыптасқан сөзжасамдық үлгілер арқылы, сөзжасамдық
типтер мен сөзжасамдық тәсілдер арқылы іске асады.
Падаланған әдебиеттер
Салқынбай А. Б ,Қазақ тілі сөзжасамы. Алматы, 2016
Салқынбай А.Б , Қазақ тілі сөзжасамы, Алматы, 2003
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы, Алматы , 2002
Қазақ грамматикасы- Астана 2002-784 б
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989
Document Outline - Slide 1: Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі
- Slide 2: Жоспар
- Slide 3
- Slide 4: Сөзжсамдық ұя
- Slide 5: Сөзжасамдық ұя
- Slide 6
- Slide 7: Сөзжасамдық тізбек
- Slide 8
- Slide 9: Қорытынды
- Slide 10: Падаланған әдебиеттер
Достарыңызбен бөлісу: |