сипаттау семасы: сұлулық, асылдық, әдемілік, кеңдік, тарлық, қызықтық, т.б.
кісі семасы: қалыңдық ;
сандық мағынадан атау туғызу: бірлік, екілік, бестік, жетілік, тоғыздық, ондық, жүздік, мыңдық т.б.
-ыл, -іл, -л.
сындық мәннен жаңа сема туғызады: шикіл (сары), қатал, т.б.Мұндағы -ыл, -іл жұрнағының туғызатын семантикалық қыры тарихи “қызыл, жасыл” сөздерінің мағыналық қалыптасу жолымен сабақтас деуге болады.
еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерден атаулық сема туғызады: тарсыл, тырсыл, сартыл, сыртыл, ызыл, ысыл, бұрқыл, пырыл, сырыл, жарқыл, жырқыл т.б.
-кер, -гер –сөз тудырушы тұлғасы –шы, ші тұлғасымен бір парадигмалық байланысқа түседі, өйткені жаңа сөз жасаудағы сөзжасамдық мағынаға қосатын семалық үлесі бірдей. -Кер, -гер тұлғасы “қар” (қолдың қары) сөзімен мағыналас, мәндес. Қол, қар – адамның іс-істейтін негізгі мүшесі. Сондықтан лексикалық мағына грамматикалана келіп, іс-әрекет иесі мағынасын білдіретін жұрнақ қалпына түсуі ықтимал деп есептейміз.
Мысалы: суреткер, іскер, заңгер, жауынгер, сазгер, балгер, саяткер, сайыскер, жұмыскер, табыскер, даукер, саудагер, кәсіпкер, т.б.