Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


анақ: сұғанақ, шығанақ, шұқанақ, т.б. ын, -ін, -н



бет36/43
Дата18.04.2023
өлшемі0,77 Mb.
#83899
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Байланысты:
?àçà? ò³ë³í³? ñ?çæàñàìû À. Á. Ñàë?ûíáàé – ô.?. ä., ïðîôåññîð ².

анақ: сұғанақ, шығанақ, шұқанақ, т.б.

  • ын, -ін, -н: ортан, түтін, еркін, ұзын, жайын т.б.



ІҮ. Себепші негізге үстеулік мағына қосатын
сөзжасамдық тұлғалар:
-ша, -ше. Дәстүрлі грамматикада бұл тұлға үстеу тудырудағы негізгі әрі өнімді жұрнақ ретінде түсіндіріледі.
Себепші негізге валенттілігіне қарай жалғанатын –ша, -ше СТТ-сы әртүрлі семалық парадигмалық қатынас жасай алады:

  • іс-әрекеттің істелу сипаты: батырша, адамша, менше, сенше, т.б.

  • іс-әрекеттің орындалу амалы: қысқаша, басқша, көнеше, жаңаша т.б.

  • іс-әрекеттің орындалу сипатын салыстыру мағынасында: Құнанбайша, Оразбайша, құсша, сұңқарша, итше т.б.

-тай, -тей, -дай, -дей, -лай, -лей. Себепші негізге жалғанып сын есім, үстеу туғызады. (Қараңыз: сындық мағына туғызушы тұлға).
-тайын, -тейін, -дайын, -дейін. -тай және -ын жұрнақтары арқылы жасалған құранды тұлға болғандықтан, сөзжасамдық мағынасы да күрделі болады: бөрідейін, түлкідейін, қырандайын, аққудайын, тотыдайын, сұңқардайын, т.б.
-шама, -шалық. Құранды жұрнақ болғандықтан, сөзжасамдық мағынасы да күрделі. Себепші негізге мөлшерлік сема қосады: осыншалық, соншалық, мұншалық, мұнша, сонша, т.б.
-шылап, -шілеп: сиыршылап, малшылап, Сәкеншілеп, Маратшылап т.б.
-қары, кері: себепші негізге іс әрекеттің бағыты семасын қосады. ішкері, сыртқары, ұшқары, тысқары;
-ын,-ін: үстіртін, кешкісін, жазғытұрым, жасырын, астыртын, т.б.
СТТ себепші негізбен синтагматикалық байланысқа түсуінің өзіндік семантикалық өзгешеліктері болады. Сөздердің бір-бірімен тіркесуіндегі байланыстылық валенттілік құбылысымен ұқсас. Сөз бен сөздің тіркесуінде ішкі семантикалық мәндестік, ыңғайластық болатыны сияқты, себепші негіз бен СТТ арасында да синтагматикалық байланыс түзілуі үшін, міндетті семантикалық мәндестік болуы шарт. Ондағы семантикалық байланыстың екі жақтық сипаты бар. Халық танымы қабылдаған болмыстағы ұғымды атау мақсатында туынды сөз жасалу үшін, себепші негіздің ішкі семантикалық мазмұнына СТТ ішкі мағынасы мен сыртқы тұлғалық сипаты толық сәйкес келуі тиіс. Тек сонда ғана жаңа ұғымды бейнелеп, таңбалайтын атау туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет