шақ, шек: келіншек, ұрыншақ, болашақ, келешек т.б.
ІІІ. Себепші негізге сындық мағына қосатын сөзжасамдық тұлғалар: -қы, -кі, -ғы, -гі. Өзге сөз тудырушы жұрнақтар сияқты, бұл тұлғаның да себепші негізге жалғануының өзіндік валенттілік қасиеті бар. Себепші негіз бен сөз тудырушы тұлғаның байланысуы ішкі мағыналық құрылымының мәндес, ыңғайластығына негізделеді. -Қы, -кі, -ғы, -гітұлғаларының жалғану қабілеті белгілі жүйені құрайды, бұл жүйе әдеби тілдік норма ретінде қабылданады. Негізінен, мезгілдік, мекендік ұғымды білдіретін атауларға жалғанып, себепші негізге нақтылық сема қосады: ауызғы, төргі, үйдегі, түздегі, төменгі, жоғарғы, алыстағы, жақындағы, кешкі, түскі, түнгі, күндізгі, жазғы, көктемгі, қысқы, күзгі, ертеңгі, т.б. -ты, -ті, -ды, -ді, -ны, -ні.Болмыстың әртүрлі қасиеті мен белгілерін айқындаудың нәтижесінде, себепші негізде соның барлығын, молдығын нақтылап көрсету үшін жұмсататын СТТ. Мысалы: айбарлы, ардақты, арлы, қарлы, үйлі, күйлі, балалы, малды, жанды, әдепті, ағалы-інілі, жарлы, байлы, сырлы, пайдалы, сазды, түзды, ақылды, сыйлы, даулы, ашулы, мұңды, нулы, сулы, отты т.б. - сыз, - сіз.Себепші негіздің мағынасына болымсыздық мән жүктеу үшін жалғанатын СТТ. Мысалы: білімсіз, ақылсыз, жылусыз, сусыз, қағазсыз, қаламсыз, пешсіз, шөпсіз, әнсіз, күйсіз, даусыз, т.б. -шыл, -шіл.Себепші негіз мағынасына бейімділік, икемділік семасын қосатын СТТ. Мысалы: міншіл, сыншыл, кінәмшіл, сыршыл, күлкішіл, өзімшіл, турашыл, ырымшыл, ұйымшыл, ойыншыл, таушыл, күншіл, ойшыл т.б. -тай, -тей, -дай, дей, -лай, -лей. Есім сөздерге жалғанып, әртүрлі сема туғыза алады. Соған орай, дәстүрлі грамматикада оның сын есім туғызатын мағынасы мен үстеу туғызатын мағынасы ерекше айқын ажыратылып көрсетіледі. Себепші негізге мынадай мағына қосады: