Қазақ-түрік тілдеріндегі септік категориясы жүйесі


Жатыс септігі (Bulunma hali)



бет3/3
Дата11.10.2023
өлшемі0,83 Mb.
#113597
1   2   3
Байланысты:
СЕПТІК ҚАЗАҚ-ТҮРІК ДИАНА (копия)

Жатыс септігі (Bulunma hali)
Ескерткіштердегі жатыс септікте тұрған сөздер мекенін, орнын, мезглін білдіріп, -та,-те,-да,-де жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: ташда-таста, қағанта-қағанда, йолта-жолда, тағда-тауда т.б. Жатыс септіктегі сөздер сөйлем ішінде жанама толықтауыш не пысықтауыш болады.Бұл септіктегі сөздер негізінде көлемдік, мекендік және мезгілдік мағынаны беріп, Кімде? Неде? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жат қораны күзеткен қартаң шалда сана жоқ (Абай); Аспанды жапқан қара бұлт әлем-тапырақ кӛшуде (С.Мұқанов); Есімде, анам есімде, Есімнен сӛзің қала ма (І.Жансүгіров); Байлық – еңбекте, жерде (Ы. Алтынсарин).
Жатыс септігі қазіргі түрік тілінде де мекенді білдіріп Kimde? Nerede? сұрақтарына жауап беріп, мынадай жалғауларды жалғайды:-da,-de,-ta,-te.
- da – егер сөз дауыссыз немесе ашық дауыстылардан кейін және де сөздің соңғы дауыстысы a, ı, o, u әріптері болса жалғанады. Мысалы:Kitap masada – кітап үстелде т.б.
-de – егер сөз дауыссыз немесе ашық дауыстылардан кейін және де сөздің
соңғы дауыстысы e,i,ö, üәріптері болса жалғанады. Мысалы: evde-үйде т.б.
-ta – ç,f,h,k,p,s,ş,t әріптерінен және сөздің соңғы дауыстысы a, ı, o, u әріптері болса жалғанады.
-te – ç,f,h,k,p,s,ş,t әріптерінен және сөздің соңғы дауыстысы e,i,ö, ü әріпі болған жағдайда жалғанады. Жатыс септігінің тәуелді септелу үлгісінде –нда жалғауы жалғануымен ерекшеленеді. Мысалы үй – үйімде, ел – елінде т.б.
Шығыс септік (Ayrılma hali)
Ескерткіштердегі шығыс септігі қимылдың шығу орнын, мекенін білдіріп, -тан, -тен, -дан, -ден, (-тын, -тін) қосымшалары арқылы жасалады. Ескерткіште шығыс септігі сирек кездеседі.Мысалы: беріден – беріден, айырдан-алдынан т. б. Бұл септік іс-амал, қимыл-әрекеттердің шыққан орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін басқа да әр қилы мағыналарды білдіріп, кімнен? неден? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: әкемнен әліп биді үйде оқыдым
(С.Торайғыров); Кӛз кӛруден тыйылмас, кӛңіл сенуден тыйылмас (мақал); Шегірткеден қорыққан егін екпес (мақал).
Қазіргі түркі тілінде де бұл септік шығу орнын білдіріп, Kimden? Nereden? Neden? сұрақтарына жауап береді. -dan, -tan, -den, -ten жалғаулары арқылы жасалады.
Көмектес септік
Ескерткіштерде көмектес септік –ын, -ін, -н және бірле сөзімен жасалады. Мысалы қышын – қысымен, йазын – жазымен т.б. Бұл септік іс-амалдың құралы мен тәсілін, мекені мен мезгілін, ортақтасу, бірлесу сияқты жай-күйін білдіріп, Кіммен? Немен? Қалай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Құлагер қуашынпен қосып едім, Алдыңнан үмітпенен тосып едім
Қазіргі түркі тілінде көмектес септігі kimile?neile? сұрақтарына жауап беріп, сөзде негізінен –la,-leжалғаулары арқылы жасалады. Алайда көмектес септігі кей жағдайларда ileшылауы арқылы да жасалады. -la,-le – дауыссыз дыбыстардан сон жалғанады. Мысалы: Dolma kalemle yazıyorum – Толық қаламмен жазып отырмын. Ben çatalla yemek yiyorum – Шанышқымен жедім т.б. Бұл жалғау басқа түрік тілдерінде кездесе қоймайды. Ал шығу тарихына келсек А.Ибатовтың «Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан» кітабында берілген. Олар ертеде толық мағыналы сөздерден бірлен – билән – білә – әлі – лә,ле.
-(y)la/(y)le – дауысты дыбыстан соң жалғанады.
-ile – сөз бен сөзді байланыстырады.Бұл көне жазба ескерткіштеріндегі бірле шылауымен сәйкес келуі мүмкін.Ali kızkardeşi ile konuşuyor – Али қарындасымен сӛйлесті т.б.
Бірле шылауының нұсқасытүркі тілдерінің ішінде чуваш тілінде палан (пелен, пала, пеле) түрінде, якут тілінде бирлен (бирле, билен, блен) түрінде қолданылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

А.Ибатов «Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан» Алматы,1966 .– 71 б.

Ғ.Қайдаров «Көне

жазба ескерткіштерінің

тілі» Алматы «Мектеп»,1986.–180 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет