Қазақ-түрік тілдеріндегі септік категориясы жүйесі



бет1/3
Дата11.10.2023
өлшемі0,83 Mb.
#113597
  1   2   3
Байланысты:
СЕПТІК ҚАЗАҚ-ТҮРІК ДИАНА (копия)

Қазақ-түрік тілдеріндегі септік категориясы жүйесі

Орындаған: Қыдырханова Диана

Тексерген: Сүлейменова Жарқынбике


Түркі халықтары – бір-бірінен бөлініп, жеке дара өмір сүрген халықтар емес, қайта өзара тайпа-тайпа болып, жіті араласып, тығыз қарым-қатынаста бірге жасап келе жатқан, кейде өара жауласып, кейде одақтасып отырған этникалық топтар. Сондықтан болар, көп жағдайда олардың тарихы, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, салт-дәстүрі, діні, тілі ортақ болып келген.
Түркітану, бір жағынан, сол көне түркі тайпалары мен халықтарының көптеген ғасырға созылған тарихын зерттеу барысында қалыптасқан пән болып саналса, екінші жағынан, әлі жас, көптеген проблемалары шешіле қоймаған, әлі де дами түсуге тиісті ғылым саласы .
Грамматикалық көрсеткіштердің қалыптасуы, даму жолы мен қазіргі түркі тілдеріндегі қалпы да салыстырмалы-тарихи зерттеу объектісіне жатады. Мұнда да барлық грамматикалық категорияның түп негізі ашылып, сыры анықталды деуге болмайды. Дегенмен сөз түрлену үлгісі көбірек зерттелініп, көбірек сөз болып келеді. Ал, сөз тудырушы жұрнақтардың зерттелу дәрежесі бұларға қарағанда әлдеқайда күрделірек.
Түркі тілдерінің барлығында да септік жалғаулары бар, бірақ мағына және сан жағынан бірдей емес. Мысалы, қазақ тілінде жеті септік бар, басқа тілдерде (өзбек, қарақалпақ, ноғай, құмық, татар, башқұрт, әзірбайжан) алтау болса, тува тілінде жетеу, чуваш, якут және хакас тілдерінде сегіз.
Атау септігі (Yalın hal)
Атау септік көне ескерткіштерде де, қазіргі түркі
тілінде де арнайы көрсеткіші жоқ септік түрі. Түркі тіліндегі атау септігі де Kim? Ne? (Кім? Не?) сұрақтарына жауап беріп, затты атап көрсетеді.
Мысалы: baba-әке, ev-үй, oda-бӛлме, baş-бас, çocuk-бала т.б. Атау септігі сөйлем ішінде кездесіп, бірнеше синтаксистік қызмет атқарады:
Атау септігіндегі сөздер негізінен бастауш қызметін атқарады: Dost ağlatır, düşman gülgürün(Дос жылатар, дұшпан күлдірер);
Жеке тұрып та, немесе көмекші сөздермен тіркесіп те баяндауыш болады: Bu-öğretmen – бұл-мұғалім; Толықтауыш та бола алады: Ağaç kestim-ағаш кестім;
Казақ тіліндегі атау септік бір жағынан басқа септіктермен мағыналарын салыстырып ажырату мақсатында, екіншіден ол бір ғана затты атау үшін емес, сонымен қатар кең грамматикалық арнайы қызмет атқаратындықтан, арнайы талдайтын негізгі форма ретінде қаралады. Атау септігі Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді. Сөйлем ішіндегі синтаксистік қызметіне қарай, атау септігі: Бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Мұғалім – ауылдағы мәдениет күші. Тұрған орнына қарай жіктік жалғай жалғанып та, жалғанбай да баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Біз мұғалімбіз, ол мұғалім т.б.Басқа бір есіммен ешбір қосымшасыз тіркессе, анықтауыш та бола алады. Мысалы: Мен қол сағат сатып алдым т.б.
Бұл септіктің екі тілдегі қолданысы бір.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет