Ілік септігі.
Ескерткіштерде ілік септік заттың, қимылдың белгілі біреуге
тән екендігін білдіреді. Ілік септіктегі сөз тәуелдік жалғаулы сөздермен
тіркесіп келеді.Ілік септіктегі сӛздер –ың, -ің, -ның, -нің (-уң, -үң, -нуң, -нүң)
қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: kitabın, dostun,
ailenin, kardeşimin т.б.
Бұл септіктің қазақ тілінде кімнің? ненің? сұрақтарына жауап беріп, -ның,
-нің, -тың, -тің, -дың, -дің жалғауларын жалғайды. Мысалы: Ескінің көзі,
кітаптың сөзі т.б. Сөйлем ішінде ілік септігі жалғанған сөз әрқашан
анықтауыш қызметін атқарады. Ердің атын еңбек шығарады (мақал).
Қазіргі түрік тіліндегі ілік септігі kimin? nenin?neyin?сұрақтарына жауап
беріп,–in, -ın, -un, -ün, –nın, -nin, -nun, -nünжалғаулары жалғанады.
–in, -ın, -un, -ün – дауыссыз дыбыстан кейін жалғанады. Мысалы:Bu tüfek kimindir? – Бұл мылтық кімдікі?
–nın, -nin, -nun, -nün – дауысты дыбыстан кейін жалғанады. Мысалы:Bu tüfek Mustafanındir – Бұл Мұстафаның мылтығы Қазіргі түркі тілдерінде ілік септігінің жалғауы дауыстыдан немесе дауыссыздан басталуымен ерекшеленеді. Дауыстыдан басталуы Орхон-Енисей жазбаларына және қазіргі оғыз тобындағы тілдерге тән.
Барыс септігі (Yönelme hali)
Барыс септігігі көне түркі ескерткіштерінде мынадай қосымшалар арқылы жасалады:
–қа, -ке, -ға, -ге:тағқа – тауға, қапығқа – қақпаға, йерке – жерге, үгүзке – ӛзенге.
–қа, -ге тұлғалары Орхон ескерткіштерінде кездеспейді, бірақ Енисей ескерткіштерінде сөздің аяғы қатаң дыбысқа бітсе де, ұяң дыбысқа бітсе де үндестік заңына сәйкес –ға, -ге қосымшалары арқылы келетін бірнеше сөзді кездестіреміз.
–ғару, -геру. Құранды қосымшалар. Олар барыс септіктің –қа және –ру, -рү жұрнақтары арқылы жасалған. Мысалы: йоқар-жоғары, ілгерү-ілгері, ебгерү-үйге қарай т.б.
Табыс септігі (Belirtme hali)
Ескерткіштердегі табыс септігі сөз амал, әрекетпен тәкелей байланыста болып,төмендегідей қосымшалар арқылы жасалады:
–ны, -ні, -ы, -і: бені-мені, сені-сені, бізні-бізді т.б.
–ығ, -іг, -уғ, -үг (-ғ, -г): будынығ-халықты, ташығ-тасты т.б. –ығ, -іг, -уғ, -үг тұлғалары қазіргі түркі тілінде кездеспейді.
Табыс септігінде тұрған сөздер ашық түрде де, жасырын түрде де келе береді.
Табыс септігіктің ашық түрі нақтылы, белгілі бір нәрсені көрсеткенде қолданылады. Қарығ секім-қарды тазаладым т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |