Қaзaқcтaн реcпубликacының aуыл шaруaшылығы миниcтрлiгi c. Cейфуллин aтындaғЫ Қaзaқ aгрoтехникaлық универcитетi курстық ЖҰмыс



бет4/5
Дата21.04.2023
өлшемі39 Kb.
#85333
1   2   3   4   5
1.5.Ауданның өсімдік жамылғысы
Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б. өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар. Облыста республика халқының 4,9%-ы тұрады. Солтүстік және орталық аудандарда халық жиі қоныстанған.
1.6Ауданның тарихи қалыптасуы

Ақмола атауының шығу төңірегіндегі ойлардың түрлі нұсқалары болуы орынды. Өйткені қазақтың са­йын даласының әр төбесіне атау қоюы сол бетте мөр басылып, қағаз бетінде құжатталмаса да, ауыздан ауызға тарап, мәңгілікке орнап қалады. Десек те кейінгі кезде кейбір нұсқалардың өте қисынсыз, еш негізсіз долбармен айтыла салуы­на қарсымын. Соның қатарында бұрын Ақмола атанған қала туралы елімізде айтарлықтай талас сөздер тым көп. Тіпті Астана қаласының маңын­дағы бұрын «26-нүкте» немесе «Алжир» аталған елді мекен­­нің аты «Ақмол» деп ауыстыры­лып, жергілікті әкімдіктің қуаттаған шешімі де шыққан. Бәлкім, Ақмола атауының түбірі – ақ, сүт, айран сияқты малдан алынатын ағарған өнімдері мол болғандықтан шыққан деп ойлаған шығар. Бұлай жасаған азаматтарды сөгудің реті де жоқ сияқты, туған өлкесінің атауын тартысқа салған жандарға тоқтау қойғысы келген болар?!


Осы орайда, мен де өзім біле­тін деректі көпшілікпен бөліскім келеді. Мемлекет және қоғам қайрат­кері Ілияс Омаров (1912-1970жж) туралы 2002 жылы жарыққа шық­қан «Ильяс Омаров. Жизнь и философия» деген кітап автор­лары Мұхаммед Халел және Жанар Сүлей­меновтер атақты қоғам қайрат­керінің бесінші атасы Ақмол­ла атты би болған деп жазады. Би­дің әкесі белгілі Қарабалуан деген батыр ауылына тосыннан келген Ақмолла есімді татар молдасының жаңа туған бала­сының атын Ақмалат деп қойғанын айтады. Кейіннен батыр­дың ауылына Абылай хан келіп, ханның жас балаға берген есімді жаратпағанын ескеріп, атын Ақмолла деп өзгертеді. Сөйтіп бала­­ның есімі әлгі молданың есімі­мен аталып кеткен.


Кейін жасөспірім Ақмолла Абы­лай ханның ұлы Уәли сұлтан­ның тұңғышының жанында жүріп, би атағын алып, жасы қырық­қа тақағанда сұлтанмен бірге Көк­шетаудағы негізгі хан ордасына бара жатқан жолда кенеттен қайтыс болып, сүйегі осы күнгі Астана, бұрын Ақмола атанған қала маңындағы төбе басына қойылады. Ол кезде ел арасында өздері танымайтын жерге белгілі азаматтың сүйегі қойылса, жер аты соған сәйкес ауызша өзгеретінін ескерсек, Ақмола атауының сыры осыда жатқан болуы әбден мүмкін.


Алда келе жатқан еңселі елорда­мыздың 20 жылдық мерейтойына орай, Ақмола атауының шығу тарихы туралы өзім оқыған тың деректі еліміздің бас басылымы арқылы жариялауды жөн көрдім. Бұл дерек Астана қаласының бұрынғы атауының тарихи мәнін ашып, жаңа ізге салады деп ойлаймын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет