Ребус, сөзжұмбақтарға дайындық студенттердің қызығушылығын арттырады.Жұмыстың бұл түрінде студенттер өз білімдерін қосымша мәліметпен толықтырып қана қоймай, сонымен қатар арнайы терминология саласында өз танымдарын жетілдіреді Дамытушылық мақсат ойлау нысанына, ішкі дүниетаныма, көзқарасына бағыттылып, белсенділік көрсетеді. Тәрбиелік сипат өнертабыс, эстетикалық нақтылық арқылы көрініс табады.
Педагогикалық эссе, ойлау-хаттарын, шығармалар жазу студенттерге өте пайдалы, өйткені олар педагог-классиктердің педагогикалық мұраларын меңгеруге арналған тапсырмаларды орындау үшін қажет. Аталған жұмыс түрінің негізгі міндеті – белгілі бір тұжырымдамаға, теорияға, технологияға байланысты өз пікірін білдіре білуге және заманауи талаптар тұрғысынан қарастыра білуге үйрету. Болашақ мамандарда кәсіби тұрғыдан өздерін көрсету мүмкіндігі туады. Мұндай жұмыс түрлерінің тәрбиелік мәні зор, өйткені аталған пән бойынша отандық мұраға сый-құрметпен қарап, болашақ мамандарда өзіндік кәсіби намыс пайда болады.
Пікірталас (ұғымы диспут «disputo» латын сөзінен алынып, талқылаймын, таласамын деген ұғымды білдіреді)– күрделі, сонымен бірге қоғамдық, саяси адамгершілік тәрбиенің тиімді формасы. Пікірталас – белсенді, қызықты пікір алмасу. Мұнда әртүрлі көзқарас қақтығыстары болады. Шынайы шындыққа жету жолы еркін пікір алмасу арқылы жүреді. Өзінің де, жолдастарының да пікіріне сын көзбен қарауға үйретеді. Әдістемелік жағынан пікірталасты дұрыс өткізу, оқушылардың мінез – құлқының, ғылыми дүниетанымының, көзқарасының қалыптастыруына үлкен әсер етеді. Өз бетімен, белсенді түрде пікірлерін талқылауға, өмірге тереңірек үңіліп, өз замандастарының мінез – құлқын жан – жақты бағалауға үйренеді. Пікір таласта әр түрлі сенім, көзқарас айтылып, проблемалық мәселелер көтеріледі. Пікірталастың тәрбиелік мәні – пікіріңнің дұрыстығын дәлдеу, қарсыласыңның қателігін мойындаттыру, өздері сөйлеу ғана емес, өзгені де тыңдай білуге үйрену