Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет63/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   143
Байланысты:
УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый

Дәрістің қысқаша мазмұны: Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.   Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. 
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Отандық педагогика мен психологияда ойын іс-әрекетінің негізін К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, С.Л.Рубенштейн, Д.Б.Эльконин салды. Қазақстандық ғалымдар Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров еңбектері берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екенін атап көрсетті. Шетелдің К.Гросс, Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К.Бюлер, З.Фрейд, Ж.Пиаже және тағы басқа ойшылдары мен зерттеушілері де ойын теориясы туралы әртүрлі пікірлер білдірді.

К.Гросстың теориясы кеңінен танымал. Ол ойын келешектегі іс-әрекетке дайындық ретінде қызмет етуінің маңыздылығын айқындаған. Ойында адам жаттығу арқылы өз қабілетін шыңдайды. Бұл теория бойынша ойын дамумен байланысты. Бұл теорияның кемшілігі – ойынды тудыратын себеп, түрткілерді ашпауы.

Ф.Шиллердің ойын дамытып, Г.Спенсер қалыптастырған ойын теориясында ойын бастауы күштің артықтығынан көрінеді. Олардың пайымдауынша өмірде, еңбекте қолданылмаған күш ойында шығады. Шаршаған адамның демалу үшін ойнауы, күшті басқа арнаға бұрмай ойынға жіберу себебі анықталмаған.

С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, ойынның жиналған күшті шығаруы формалды түрде, ойынның динамикалық аспектісі мазмұнынан бөлек бастау алады. Сол себепті бұл теория ойын жайын толық түсіндіріп бере алмайды.

Ойын түрткілерін ашуға ұмтыла отырып, К.Бюлер нәтижесіне қарамастан әрекеттің өзінен қанағат алу, басқаша айтқанда, функционалды қанағаттану теориясын ұсынды. Бұл ойын түрткісінің негізі деп түсіндірді. Бұл теория ойынды ағзаның қанағаттануы ретінде ғана көреді.

З.Фрейд теориясы өмірде жүзеге аспаған тілектерді ойын арқылы іске асыру деп біледі. Адлерлік түсінік бойынша ойында өмірде шамасы жетпеген кедергілерден қашқан адамдардың әлсіздігі көрінеді. Сөйтіп, ойын өмірдің әдемілігі мен сәнін мадақтайтын шығармашылық белсенділіктен өмірге керексіз қалдыққа айналады; даму факторы мен өнімінен жетіспеушілікке, өмірге дайындықтан қашуға айналады.

Л.С.Выготский мен оның оқушыларының пікірінше ойында ең маңыздысы адам ойнай отырып, өзіне қандай да бір жағдаят тудыру арқылы белгілі бір рөлді ойнайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет