Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар. Қолхат, Кепіл хат, Сенім хат



Дата06.01.2022
өлшемі15,38 Kb.
#15208
Байланысты:
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.


Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.

Қолхат, Кепіл хат, Сенім хат

Қолхат - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.

Қолхат- белгілі бір құндылықтардың (құжат,мүлік, зат, ақша) уақытша алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып берілуін міндеттейтін, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді.Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.



Қолхаттың мазмұндық- құрылымдық жүйесі:

  • құжаттың аты;

  • қолхат беруші туралы толық мәлімет ( аты-жөні,мекен-жайы,жеке куәлік нөмірі)

  • қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні,мекен- жайы,жеке куәлік нөмірі)

  • алынған заттың атауы (егер ақша болса ,көлемі санмен де,жазбаша да көрсетіледі

  • қайтарылатын нақты уақыты

  • қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

  • қолхат жазылған күн;

  • тараптардың қолы;

  • мекеме мөрі .

Сонымен, қолхат құқықта жазбаша дәлелдің бір түрі ретінде қолданылады. Құжаттың аты айтып тұрғандай ол жеке адамның өз қолымен жазылады. Қолхатқа мекеме не ұйым жауап бермейді. Қолхатта ақша көлемі санмен, сосын сөзбен жазылып көрсетіледі.

Кепілхат (ағылш. mortgage) - тұлғаның өз борышы үшін жерді, ғимаратты немесе оған тиесілі басқа бір мүлікті, кепілге салуға келіскендігін қуаттайтын және борыш қайтарылмаған жағдайда несиегерге кепілге салынған мүлікті иелену құқығын беретін заңды құжат. Кепілхат борышкермен есеп айырысқан сәтке дейін, несиегердің колында болады, есеп айырысқаннан кейін кепілхат жойылады.

Кепілхатта кепіл зат азаматтық құқықта міндеттемелердің орындалуын қамсыздандыру тәсілі, несиегердің қамсыздандырылған кепілмен қанағат табуы. Борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда бұл міндеттеме кепілге берілген мүліктің есебінен өтеледі. Бай материалдық құндылықтарды кепілге тек олардың меншіктенушілері ғана қоя алады.



Сенімхат – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат. Сенімхат нақты бір мәселені бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.Сенімхат екі түрлі болады: мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар және жеке тұлға атынан берілетін сенімхаттар. Сенімхат бір дана етіп дайындалады.

Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі. Егер оның мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жылға дейін өз күшін сақтайды. Сенімхаттың жарамдылық мерзімі қолмен жазылады.Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куландырылады. Ондай кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі.



Мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар – мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі.Мұндай сенімхаттар мекеме бланкісіне рәсімделеді.

Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірілген тұлғаға өзінің орнына қызмет атқаруына құқық береді.Мұндай сенімхаттар типтік үлгіде жазылады.

Жеке сенімхат мынадай жағдайларда беріледі:



  • Жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, хат-хабар, құжаттар алуға;

  • Өтініш жазуға, қол қоюға;

  • Пәтер сатуға және сатып алуға;

  • Пәтерді жеке адамдарға жалға беруге;

  • Автокөлік жүргізуге;

  • Банктегі есепшоттарды пайдалануға;

  • Барлық мекемелерде іс жүргізуге;

  • Сот мекемелерінде оның өкілі болуға т.б.

Сенімхаттың жарамдылық мерзімі:

  • Төлемақы алу үшін сенімхат жарамдылығы – 3 ай;

  • Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттың жарамдылығы – 3 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет