Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу” кафедрасы


Тұрақты рентаның ұғымы және нысаны



бет4/6
Дата24.05.2023
өлшемі28,58 Kb.
#96394
1   2   3   4   5   6
Тұрақты рентаның ұғымы және нысаны:
Тұрақты рента. Тек қана, азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар тұрақты рентаны алушылар болып есептеледі. Тұрақты рента, шартта белгіленген бойынша, шартта көрсетілген мөлшерде, ақшалай төленеді. Кейбір жағдайда ақшаның орнына заттар беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету қарастырылуы мүмкін. Тұрақты рентаның төлеу мерзімдері. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақты рента әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін төленеді. Төленетін рентаның мөлшері, заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне, сай өзгертіледі. Тұрақты рента төлеуші, рентаны сатып алу жолымен оны одан әрі төлеуден, бас тартуға құқылы. Тұрақты рента тараптары болып рента алушы және рента төлеуші табылады. Азаматтар ренталық қатынастарда тұрақты рента алушысы болып үш жағдайда келе алады: а) егер олар мүлік иегері болса және мүлік олармен рентаға берілсе ә) тұрақты рентаны алушы мұрагерлік салдарынан құқықтық мирасқор болса ; б) тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бір тұлғамен шарт арқылы қарастырылса, яғни үшінші тұлға пайдасына жасалған шарт орын алса. Азаматтарды кәсіпкер ретінде тіркеу олардың тұрақты ренталық төлемдерді алуы үшін кедергі болмайды, себебі бұндай жағдайларда азамат өзіне жататын жалпы құқық қабілеттілікке негізделіп рента қатынастарында да қатыса береді. Тұрақты рента алушы ретінде егер бұл олардың мақсатына және қызметіне сай келсе коммерциялық емес ұйымдар да әрекет ете алады. Бірақ ҚР-да тұрақты рента алушы болып мемлекеттік мекемелер келмейді, себебі олар мемлекеттік бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылуы мүмкін емес. Барлық жеке меншікке негізделген бола алады. Ренталық төлемдер ретінде ақшаны алу коммерциялық емес ұйымдарға олар құрылған мақсаттардағы қандай да болсын қызметті жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Ренталық төлемдер есебінен қаржыландыруға тыйым тікелей жарғыларда қарастырылуы мүмкін, бірақ та оларды тәжірибелі (нақты) бекіту мүмкін емес.
Коммерциялық емес заңды тұлғаларда олардың пайдасына өзге тұлғалармен орнатылған тұрақты рентаның алушылары бола алады. Коммерциялық емес ұйымдардың пайдасындағы рентаны алушылардың саны өзгеріп тұруы мүмкін. ҚР АК 523 бабының 2-ші тармағына сәйкес олардың құқықтары заңды тұлғалар қайта құрылуы нәтижесіндегі құқықтық мирасқорлық арқылы өтуі мүмкін. Тұрақты рентаны төлеушілері болып азаматтар және осыған оларға тыйым салынбаса заңнама бойынша немесе құрылтай құжаттармен коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар болуы мүмкін. Тұрақты рента шартына қатысты рента төлеушінің меншігіне берілетін мүліктің бағасы, ренталық төлемдердің мөлшері және тұрақты рентаны сатып Алу бағасы туралы айтуға болады. Рента шартының тәуекелге негізделгеніне байланысты оның бағасы шартты түрде анықталады, қателесулер (тұрақсыздық) орын алу мүмкін, себебі есепке мүліктік тек қана құны ғана емес, болашақта алынар деген ренталық төлемдердің көлемі де алынады. Тұрақты рента мерзімсіз төленеді, яғни он төлеу міндеті өз бетімен тоқтатылуы мүмкін емес. Сондықтан құқықтық мән міндеттемені орындау мерзіміне бері леді, олар болса төлемдердің мерзімділігіне тіреледі. Төлемдердің мерзімділігі шарттың өзінде анықталмаса, тұрақты рента әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталмауымен төленуі керек. Сөйтіп, төлем күні жаңа басталған тоқсанның бір інші күнімен анықталады, көрсетілген мерзімде төлемді жасамау мерзімді өткізіп алуға әкеледі. Шарттың мазмұнына рентаға мүлік ақыға немесе те гін берілді ме сол елеулі әсерін тигізеді. Мысалы, мүліктің кездейсоқ бүлінуіне немес жойылуына байланысты құқықтар мен міндеттерге. Егер мүік те гін берілсе мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің қаупі толығынан рента төлеушіде болып келеді. Бұл орын алғанда ол өзіне қолайлы болып келетін, жағдайлар бойынша кеісіп, рентаны тезірек сатып Алу керек. Басқа амал рентаны алушы борышты кешіргенінде болады (ҚР АК 373 бап).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет