Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу” кафедрасы



бет5/6
Дата24.05.2023
өлшемі28,58 Kb.
#96394
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
азаматтық 2,1

Ғұмырлық рента:

Рента төлемі ретінде мүлік берген азаматтың өмірі кезеңіне немесе ол көрсеткен басқа да азаматтың өмірі кезеңіне ғұүмырлық рента белгіленуі мүмкін. Егер шартта өзгеше белгіленбесе, рента алу құқығы бірнеше азаматқа тиесілі болуы мүмкін. Ғұмырлық рента шартының мөлшері. Ғұмырлық рента, рента алушыға, оның өмір сүруі кезінде, мезгіл-мезгіл төленіп тұратын ақша сомасы ретінде белгіленеді. Тараптар өмір-бойы асырауда ұстау туралы шарт жасасқан жағдайда, мұндай асыраудың ақшалай бағасы шартта белгіленуі тиіс. (531 б). Егер рента шартында өзгеше көзделмесе, төленетін рентаның мөлшері, бір айға шаққанда, заң актілерінде белгіленген ең төменгі жалақыдан кем болмауға тиіс. Егер шартта өзгеше көзделмесе, ғұмырлық рента әрбір күнтізбелік ай аяқталғанда төленеді. Ғұмырлық рента. Рента төлемі ретінде мүлік берген азаматтың өмірі кезеңіне немесе ол көрсеткен басқа да азаматтың өмірі кезеңіне ғұүмырлық рента белгіленуі мүмкін. Егер шартта өзгеше белгіленбесе, рента алу құқығы бірнеше азаматқа тиесілі болуы мүмкін. Бұл шарттың құқықтық реттеуіне назар аударсақ оған ҚР АК 28 тарауы барлық жалпы ережелері қолданымды болып келетінін айта аламыз. Бір қарағанда тұрақты рента шарты және ғұмырлық рента шарты ұқсас болады. Ғұмырлық рента алушылар егер шартта өзгеше көзделмесе бірдей тең құқылы болады. Ғұмырлық рентаны алушылардың біреуі қайтыс болса. Онда оның рентаны алу құқығындағы, шартпен өзгешелік қарастырылмаса артында тірі қалған рента алушыларына өтеді. Рента алушылардың соңғысы қайтыс болғанда рентаны төлеуге қатысты міндеттеме толығынан тоқтатылады. Шартты жасасу сәтінде қайтыс болған азамат пайдасына рентаны орнататын шарт жарамсыз болып келеді. Ғұмырлық рента шартының пәні болып әрбір қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер жатады. Рента төлеуші рента төлемдерін уақтылы мерзімде төлеуге міндетті. Шартта көрсетілгендей тұрақты рента шартынан ерекше айырмашылығы рента алушылар өмір бойына төлейді. Ғұмырлық рентаны сатып алу тәртібі тұрақты рентаны сатып алумен бірдей болып келеді. Егер ғұмырлық рента төлеу үшін мүлік тегін берілсе, ол мүлік қозғалатын және қозғалмайтын болғанына байланыссыз рента алушыны рентаны төлеуші шартты бұзса мүлік қайтарылуын талап ете алады. Мүліктің құны рентаны сатып алу елеулі құнына есепке жатқызылады. Рента төлеуші үшін мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүлінуіне қатысты қатаңырақ талаптар бекітілген. Мүлік тегін немесе ақыға берілгеніне қарамастан мүліктің кездейсоқ жойылуының, бүлінуінің қаупі толығынан рента төлеуші мойнында болып келеді және ол тек борыш рента алушымен кешірілетініне ғана үміттенуі мүмкін. Мысалы, рента төлеуші рента алушының кінәсі барлығын болжауы мүмкін. Рента алушының кінәсі болып тұрса тараптардың құқықтары мен міндеттері өзгереді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет