Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу” кафедрасы


Сыйға тарту шартының ұғымы және тараптары



бет2/6
Дата24.05.2023
өлшемі28,58 Kb.
#96394
1   2   3   4   5   6
Сыйға тарту шартының ұғымы және тараптары.
Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, немесе оны өзінің үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді (506 б).
Сый тартушы сый алушының арасындағы қатынастарды (не себептен сыйлағаны) әртүрлі болуы мүмкін, оларды анықтаудың сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану кезінде маңызды болады. Қазіргі жағайда сыйға беру маңызды әлеуметтік функцияларды атқарады. Ұйымдар мен азаматтардың сандары өсе түсті, олар басқа тұлғаларға көмек ретінде олардың өмір сүруі үшін аса қажетті заттарды қайтарымсыз береді. Мысалы, азық-түлік, киім-кешек. Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау берілуде, кей кездері сыйға тарту шет ел элементінің қатысуымен де жүргізіледі. Қоғамды әрі қарай адамгершілік тұрғысына тарту барысында сыйға тарту қатынастары басқа да азаматтық-құқықтың қатынастар қатарынан нақты орын алады. ҚР АК бір уақтылы кәсіпкерлік сипаттағы қатынастарды реттегеннен сыйға тарту шарты осы кодекс реттеу көзқарасынан үйренішсіз болып көрінеді. Ал, егер сауда-саттық құқықтық нормаларынан бөлек азаматтық құқыққа тоқталшсақ, онда сыйға тарту шарты басқа шарттық құқықтық қатынастарын арасында да салмақтылау көрінер еді. Мүлік шартты жасасу сәтінде берілетін болса, онда сыйға тарту шарты реалды болып келеді. Ал басқа жағдайда, егер мүлік болашақта берілетін болса, онда ол конденсуалды болып табылады. әлдекімге затты немесе мүлікті құқықты тегін беруге уәде ету не әлдекімді мүліктік міндеттен босату уәдесі егер ол уәде тиісті (жазбаша) нысанда жасалса және алдындағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегін беру не оны мүліктік міндеттен босатуға айқын ниет білдірген болса, сыйға тарту шарты (болашақта сыйға тарту уәдесі) болып саналады және уәде берушіні босатпай тастайды (ҚР АК 506-б. 2-тармағы). Сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы жоғарыда атап кеткендей оған қарсы берілетін немесе құқықтың болмауында көрініс табады. Ал егер мүлікке ақы төленетін болса және ол бірнеше мәрте өз құнынан аз төленетін болса да бұл шартты сыйға тарту деп қарастыруға болмайды. Заңнамада басқа адамның ауыртпалығы бар мүлікті беруге болмайды деп көрсетілмеген. Сонда да М:В.Елисеевтің пікірі онша нақты емес. Оның ойынша, берілетін мүлікке сыйға берушінің өзінің де құқықтарының ауыртпалығын орнатып сыйға тарту шартын жасауға болады. Сый алушыға басқа да мұліктік міндеттер жүктелуі мүмкін. Сыйды берген соң сый беруші оны жалпыға пайдалы мақсатта қолданылуын міндеттеуі мүмкін. Сыйға тарту шарты бір жақты шарт болып танылады және негізгі құқықтар сый алушы тарабында болады. Сый беруші шарт бойынша негізгі міндеттерді жүзеге асырады.
Сыйға тарту шартының тараптары: Сыйға тартушы, Сыйды алушы.
Сыйға тарту шартының объектісі: Сыйға тарту шарты-біржақты, ақысыз шарт.
Сыйға тарту шартының мазмұны: Тараптардың құқықтары Тараптардың міндеттері.
Сыйға тарту шартының азаматтық айналымдағы ерекшеліктеріне қарай заң шығарушы шарт нысанына арнайы талаптар қояды. Егер нақты сыйға тарту шарт жасалса, жалпы ереже бойынша ауызша нысанда жасалады, бұл жағдайда ҚР АК 151,152 баптарының нормалары қолданылады. Сыйға тарту шартының нысаны:ауызша , жазбаша. Мынандай жағдайларда сыйға тарту жазбаша болады: Заңды тұлға сый беруші болған және сыйдың құны заң актілерінде белгіленген 10 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса; Шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде еткен жағдайда. Сыйға тарту шарты реалды да, консенсуалды да болады. Сыйға тарту шартына да жауапкершіліктер туралы жалпы ережелер қолданылады, бірақ жауапкершілік үшін басқа шарттарға қарағанда сыйға тарту шартында негіздер аздау болады. Сыйға тартушы сый орындамағаны үшін жауапты болады. Ғ.А. Жайлиннің пікірі бойынша ақша сыйлауға уәде берілген болса, сыйға тартушыға ҚР АК 353-ші бабы қолданылуы тиіс және өзге жағдайларда да оның жауаупкершілік сый алушы шеккен нақты зардабы мен нақты зардабы .Егер сыйға тарту жазбаша жасалатын болса, сый алушы сыйды алудан бас тартса онда онда сый берушіге келтірілген нақты нұқсанды өтеуі керек. Заң кейбір нақты сыйға тарту шартын жазаша түрде жасауды талап етеді. Жазбаша нысаны жасау, егер сыйға тартушы заңды тұлға болып және сый мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен асатын болса талап етіледі. Мұндай талап заңда тұлғаның балансындағы мүліктің тіркелу ержелерімен байланысты. Егер мүлік заң негізінде қайтарымсыз берілсе онда тиісінше дәлелдемелерде болу керек (чек немесе құжаттардың болмауы анық) ал кері жағдайда заңды тұлға органдарды (материалды жауапты тұлғалар) жетіспеушілік үшін жауапты болады. Бірақ бұл міндетті талап емес, сыйға тартудың жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда шарт жасалғаны басқа да жазбаша жасалған құжаттармен дәлелденуі мүмкін. Сыйға тартуды заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұратын ижұмысшыларды материалдық нысанындағы көтермелеуден ажырата білу керек, бірақ та мұндай қатынастар еңбек заңымен реттелмеген бөлігінде сыйға тарту нормаларымен реттелуі мүмкін (ҚР АК 1-бабы, 3-тармағы). ҚР АК нормаларында дәл көрсетілмегеніне қарамастан, егер сыйға тарту шартын мемлекеттік тіркеу талап етсе, ол жазбаша жасалады. Өйткені қозғалмайтын мүлікке құқықты беретін құжаттар керек («Қозғалмайтын мүлік және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығының 14-бабы 2-тармағы 25 желтоқсан, 1995). Алдағы уақытта сыйға тартуға уәде беру – консенсуалды шарт болып табылады және әрқашан жазбаша түрде жасалады. Осы шарттың заң талап ететін жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады (ҚР АК 508-бабы 2-тармағы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет